Мақсатты аудитория

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Интернет кәсіпкерлердің арасында «масқатты аудитория» деген түсінік бар. Оның мәні: белгілі бір тақырып бойынша ақпарат іздейтін және ол ақпаратты жәй тұтынып қана қоймай, нақты өмірде жүзеге асырғысы келетін адамдар тобы. Міне, сондай жандарға қажетті ақпарат ұсынсаңыз, олар бірден қабылдайды және оны нақты тірлікте кәдесіне жаратады.

Ынтасыз жанға жүз сылтау табылады

Желілі маркетингпен айналыса жүріп мынаған көз жеткіздім. Бұл іспен айналысу адамға қаншалықты пайда әкелетінін айтып, тіпті көрсетіп жатсаң да көп жандар селт етпейді. Өйткені олардың бойында бұған деген қызығушылық жоқ. Яғни, мақсатты аудиториядан емес. Бұндайларға айтып, соңынан жүгіріп, жалынып-жалбарынудан еш нәтиже шықпайды. Сен оның өзі үшін пайдалы нәрсені айтқан сайын ол шалқақтай түседі.

Ресейлік сетевик Роман Василенко ондайлармен сөйлесіп басыңды ауыртпа, уақытыңды кетіріп, жүйкеңді жұқартпа дейді. Өкініштісі сол, көптеген желілі маркетингпен айналысатын адамдар әлгіндейлердің қыр соңынан қалмай өздерін де, басқаларды да ығыр қылып бітеді. Шынын айтқанда, бұның өзі еркек бұқадан сүт сауамын дегенмен бірдей есуастық. Яғни, одан еш нәтиже шықпақ емес.

Неге біреулер бір іске ынталы болады да, басқалар оған еш қызықпайды? Бұның бәрі де адам санасына, алған білімі мен таным-түсінігіне, ақырсында қоршаған ортаға байланысты болса керек. Біреулер өзіне пайдалы іспен айналысып, бар уақыты мен күш-қуатын соған жұмсап, өмірде жақсы нәтижеге жетіп жатады. Ал енді біреулер бар күш қуаты мен уақытын өзіне де, айналасына да еш пайда әкелмейтін бос нәрселерге жұмсап, өмірде қиындықтан көз ашпай жүреді.

Әдетте, ондай адамдардың өзін ақтап алатын сенімді сылтаулары болады және ол біреу емес, өте көп. Міне, сондай сылтауларды желеу еткен пенде өзіне пайдасы тиетін істен ат тонын алып қашып, керісінше пайдасы жоқ нәрселермен уақытын босқа өткізеді.

Интернеттен өз орныңды алғың келсе

Мынадай бір мысал әңгіме бар. Құла түзде  тірлік кешкен киіктер суы бар бір көлді жағалап, соның айналасына өскен шалғынды талғау етіпті. Жүздеген киікке өмір нәрі болған көл суы уақыт өте келе тартылып, шөп тапталып, тақырға айнала бастайды. Осыны көрген ақылы бар бірнеше киік басқаларға: мына су тартылып қалмай тұрғанда басқа жақтан қоныс іздейік деп ұсыныс айтады. Бірақ, сол көлшіктен алыс кетсе арам өлердей сезінген киіктер бұдан бас тартады.

Содан әлгі екі-үш киік тәуекел деп алыс жолға шығады. Олар күн жүріп, түн жүріп шаршап-шалдығып бір нулы жерге жетеді. Үлкен айнакөлі бар көк шалғынды жайылымға кезіккен киіктер әбден тойынып, рахатқа кенеледі. Күндердің күнінде көл одан сайын тартылып, шөп қурап бара жатқан кезде оншақты киік жиналып: әлгі үшеуі босқа айтпаған екен, мында қалсақ арам өлетін түріміз бар, есіміз барда елімізді табайық дейді. Сөйтіп олар да жолға шығып, ұзақ жүріп әлгі нулы жерге жетеді.

Біраз күн өткенде көл батпаққа айналып, шөп тақырланып, әбден арықтаған киіктердің біразы бұрынғы кеткендердің ізімен белгісіз сапарға тәуекел етіп аттанады. Бұлар да көп қиындықпен нулы жерге жетеді. Ал тәуекелге батылдары бармай, ойсыз тірлік кешкен қалған киіктер көл суы тартылып батпаққа, шөп тақырға айналған кезде аштан өлетін болған соң амалсыз алдыңғылардың ізімен жолға шығады. Олар әбден арып-ашып нулы жерге жеткенде бұндағы айнакөл лайланып, нулы шабындық тапталып қалған екен. Алғашқы келген киіктер жардай болып семіріп алыпты. Арып-ашып әзер жеткен соңғы топ өлместің күйімен өзгелерден қалған сарқытқа қанағат тұтыпты.

Қазір де міне, қазақ тілді интернетте әлгі киіктердің басынан кешкендегідей жай орын алуда. Елбасы енді бес-он жылда қазіргі қолданыстағы мамандықтардың жартсынан астамы жойылады дегенді айтты. Қазіргі даму жайына қарасақ, шынында да көп мамандықтар керексіз болып қалатын күн жақындап келе жатқандай. Бар дүниене интернет деген жалмауыз жұтып әкетіп барады.

Қазақ тілді интернетке жәй еріккеннің ермегі, уақыт өткізу құралы деп емес, ақша табу көзі ретінде қарап, интернет бизнес дегенді меңгеруге талпынған алғашқы топ әлдеқашан байып, осы саланың кәсіби мамандары болып алды. Одан кейін келген екінші топ та орнығып үлгірді. Енді міне, үшінші шоғыр қазақ интернетіне қаптап келіп жатыр. Енді бір-екі жылда олар орныққан соң, нарық толады да, қазіргі күнкөрістік мамандықтары жойылып, қажетсіз болған соң амалдың жоқтығынан аштан өлмеудің жайымен жұмыс іздеген төртінші шоғыр интернетке келгенде тұмсықтарын да тыға алмай, пұшайман халде қалатын түрі бар.

Түйін: ақылыңыз болса, әлі де кеш емес, интернет кәсіпке ден қойыңыз. Өйткені, жалғыз болашағы бар кәсіп – осы. Қазір интернеттен орныңызды таппасаңыз, ертең кеш қаласыз. Ол кезде интернет нарығында орнығып алған жандарды ығыстырып, бәсекелестерді жеңіп, интернет кәсіпкер бола аламын деу АҚЫМАҚШЫЛЫҚ болады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика