Материалдық әлем

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Біз өмір сүріп жатқан материалдық әлем егер ақыл өлшемімен байыптап қарайтын болсақ, әлдебір  құдыретті сананың қолдан жасаған бағдарламасына ұқсайды. Фәни дүние қатаң сақталатын және бақыланатын жүйе мен заңдылықтарға сай тірлік кешеді. Күн өз осінен, ал Жер, басқа да планеталар күнді айнала белгілі шапшаңдықта айналып жүрсе, жыл мезгілдерінің, күн мен түннің алмасуы, адамдар мен жан-жануарлардың тірілгі – бәрі қатаң жүйе шеңберінде жүзеге асырылады.

Адам өмірі – алдын ала жазылған бағдарлама

Ешқандай дау туғызбайтын адам өміріне қатысты мынадай жайға назар аударсақ, өмір дегеніміздің алдын ала жасалған бағдарлама екендігін ұғына түсеміз. Барша адам, мейлі ол қандай ұлттың, діннің, не жыныстың өкілі болмасын, мынадай өмірдің тар шеңберінде тірлік кешеді.

Ең алдымен дүниеге келген сәби табиғи қажеттіліктерге байланысты қозғалып жүруді, сөйлеуді үйренеді. Есейе келе мектепке барып, білім алады. Одан әрі еңбекке араласып, отбасы құрады. Балаларын өсіріп, тәрбиелеп жетілдірген соң, жасы келген адам зейнеткерлікке шығады. Ақырсында, уақыты келгенде тәнін тастап, бақи дүниеге аттанады. Бұл  өмір жолы – барша адамдарға тән.

Дегенмен, бұл бағдарлама қатып қалған өзгеріссіз және бір өлшемде ғана емес, оның ұзындығы, ені, қозғалыс ауқымы бар. Осыған орай, азды-көпті жекелеген адамдардың өмірінде өзгелерге ұқсамайтын жайлар болады. Мәселен, өмір бойы отбасы құрмай жалқы өтетіндер, жас шағында мезгілсіз қайтыс болатындар, соңғы кезде көбірек тарала бастаған өз жынысын өзгертетіндер, т.б. топтағы адамдар бар. Бірақ та, соған қарамастан, адам өмірі жалпы алғанда бірсарынды және бір бағытта өтеді.

Ал енді ақылмен байыптап қарайтын болсаңыз, жан-жануарлар, аң-құстар да дәл осылайша, адамдар тәрізді тар ауқымды өмір жолымен жүріп, тірлік кешеді. Жан-жануарлар да  жұптасып дүниеге ұрпақ әкеледі, ұрпағын асырап өсіреді, ақырсында қартайып, өледі. Ешқандай адам немесе жан-жануар «неге бұлай, мен дәл осылайша алдын ала белгілеп берген өмір жолымен жүруім қажет, басқаша тірлік кешуге болмай ма?» деп өзіне өзі сауал қоймайды.

Бағдарламаға бағынбайтын жандар

Дейтұрғанмен, ешқандай адам өзіне неге бұлай өмір сүреміз деп сауал қоймай, алдын ала табиғат белгілеп  берген өмір жолымен жүріп өтеді деген оншалықты шындыққа жанаса қоймайды. Өйткені, осындай сауалды өздеріне қойып, өмір ұсынған бағдарлама ауқымынан шығып кеткісі келетін жандар да бар. Бірақ та, олар өте аз. Сондықтан, ондай пенделерге жұртшылық онша назар аудара қоймайды.  Олар кімдер?

Бұндай адамдарды 3 топқа бөлуге болады. 1-ші топтағылар: Жаратқанға сеніп, о дүниедегі жағдайын жақсарту үшін жан-тәнімен беріле құлшылық ететін, діни парыздарына адал, имандылыққа шындап бет бұрған тақуа жандар. Олар бұл дүниенің уақытша, өткінші екеніне көздері жетіп, мәңгілік о дүниедегі жағдайларын жақсартуға шындап ниет еткен адамдар. Бұндай жандар дәстүрлі діндердің бәрінде бар және олардың саны біршама.

2-ші топтағылар: өмірдің мәні не екендігін ақыл-ойымен іздеп, мына тірлікке көңілдері толмай, мәңгілік жан рахатына кенелдіретін мекенді табуға ниет еткендер. Олар дәстүрлі діндердің бәрінде бар, бірақ саны алғашқы топқа қарағанда біршама аз. Ондайларды ислам дінінде сопылар, ал олар ұстанған бағытты – суфизм деп атайды. Христиан дінінде исахизм, иудей дінінде каббала деп аталатын ақиқатты тану жолы бар. Индуизм дінінде ондайларды иог десе, буддизм дінінде медитациямен айналысатын түрлі ағымдар  кездеседі.

3-ші топтағылар: бхакти иог деп аталатын Жаратқанға махаббатпен беріліп құлшылық етуді басты мақсаты етіп алғандар. Олар өте аз. Аллаға деген махаббатты басты мақсат ететіндер сопылар , исихазм, каббала жолын ұстанушылар арасында да кездеседі.

Алғашқы топтағылар жоғарыда айтып кеткеніміздей, тәнін тастаған соң жұмақ планеталарына аттанып, ұзақ жылдар тән рахатына кенелуді армандайды. Қасиетті Құранда айтылғандай, дегенмен, жұмақ мәңгілік емес. Адамның жақсы сауапты істерінің қоры таусылған кезде,  қайтадан адам тәнін алып, фәни дүниеде тірлік кешуге мәжбүр.

Екінші топтағы тақуа жандар ұзақ жылғы рухани практикамен айналысып, сауапты істер жинаған соң ең жоғарғы жұмақ планеталарына барып, ұзақ жылдар рахатты тірлік кешеді. Бірақ онда олар мәңгі қала алмайды. Тек үшінші жолды ұстанған бхакталар ғана рухани әлемге оралып, туу мен өлімнің тұйық шеңберінен шығып, мәңгі өмірге қол жеткізеді.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика