Мемлекетке емес, өзіңе сен

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Кеңес заманында қалыптасып, санамызға сіңіп қалған «үкімет өлтірмейді» деген ұғым әлі күнге дейін өмір сүріп келеді.  Қазіргі нарық талабымен мүлдем сыйыспайтын осындай залалды  ұғымды саналарына сіңіріп алған аға ұрпақ өкілдері өздері адасқандарымен қоймай, жастарды да теріс жолға бастап апара жатыр. Жыл санап өршіп бара жатқан тойшылдық соның айқын көрінісі.

Өзін сыйлайтын әр адамның қоры болады

Капиталистік қоғамда ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан Батыс елдерінің адамдарында «есі дұрыс әрбір адамның қиындыққа тап болғанда пайдаланатын қоры» болады. Ол депозит түрінде ме, әйтпесе құнды қағаз бола ма немесе сақтандыру қалпында бола ма – бәрібір.

Біз аузымыздың суы құрып мақтайтын батыстық өмір салтына зер сала қарасақ, біздегі сияқты аста-төк тойлар мен ысырапшылдық деген атымен жоқ екенін көреміз. Олар әрбір тиынын ұқыпты пайдаланады. Бала дүниеге келген сәтте ата-анасы оның атынан сақтандыру ашып, ай сайын ақша салып отырады. Бала кәмелет жасына келген кезде сақтандыру қорында қомақты ақша жиналады. Міне, сол ақшамен жасөспірім өмір жолын бастап, одан әрі өз бетінше күн көруге көшеді.

Әрбір ақыл-есі дұрыс адам ертеңгі күнін ойлап, күш-қуаты бар кезінде ақшасының бір бөлігін депазиттерге салып немесе құнды қағаздар сатып алып, қор жинайды. Сонымен бірге, әрбір азамат өз зейнетақысын өзі жинақтайды. Біздегідей мемлекет зейнет жасына келген кезде жұмыс істесін, істемесін зейнетақы бере салмайды.

Бұл елдерде бәрі сатылатындықтан, адамдар әрбір тиынның қадір-қасиетін бала кездерінен жете түсініп өседі. Ауырсаң емделу түгел ақылы, білім алу үшін де ақша төлеуге тиіссің, оған қоса біздегі сияқты түрлі категориядағы адамдарға берілетін жеңілдік деген қарастырылмағандықтан, әрбір адам мемлекеттен  үміт күтпейді. Ең алдымен Жаратқанға сыйынып, содан кейін өз еңбегіне арқа сүйейді.

Ақыл-естен айрылған пенделер

Жыл санап баға қымбаттап, дағдарыс жағадан алған қазіргідей қиын кезеңде ақыл-естен айрылған пенделер кредит алып қит етсе дүркіретіп той жасаумен, осындай ысырапшылдықты қоғамға таратып, жас ұрпақтың санасына сіңірумен айналысуда. Ата-аналары тарапынан сондай ысырапшылдықты көріп, санасына сіңіріп өскен жастар да солар сияқты кредиттен көз ашпай, өле-өлгенше банктерге тәуелді болумен күндерін өткізбек.

Мен жұмыста түс кезінде кейде жақын жердегі дәмханаға кіріп, тамақ ішемін. Сол дәмхананың бір жағын қоршаумен қоршап, кейде орыс ұлтының өілдері  марқұмды еске алуға арналған рәсімді өткізіп жатады. Қызығы сол, бұндай шараға ары кеткенде 25-30 адам ғана қатысады және даңғазасыз бірер сағатта өтеді.

Ал қазақтарда ше? Әрбір өзін сыйлайтын қазақ кем дегенде 100-200 адамды шақырып, мейрамхананың залын жалға алып, жылқы сойып, ет асып, ағыл-тегіл дастархан жасап шала шабылады. Таяуда осындай бір дұғада Астанада болдым. Тамада сияқты шараны жүргізген әйел әркімге сөз беріп, ақыр соңында екі-үш адам дұға оқыды. Дұға оқығандарға марқұмның туыстары конвертке салынған ақша берді. Ағыл-тегіл  дастархандағы тағамдарды кетер кезде жұрт марқұмның туыстары әкеп берген пакеттерге салып, ту-талапай талап әкетті. Тойған қаздай қарындары қампиып, етке тойған адамдар толтырылған пакеттерді мықшия көтеріп, талтаң-талтаң басып кетіп бара жатқанын көргенде шынын айтқанда жаман намыстандым. Шындығында, бұл өлікті еске алуға арналған шара емес, әңгіме-дүкен құрып, етке тойып, ет пен басқа да тегін тағамдарды пакетке салып үйге таситын есуас шара болды.

Мемлекет адамдарды жарылқаушы емес

Қазір мемлекеттің қолында не бар? Ештеңе. Мемлекет тек адамдардан жиналған салықты жинап, соны түрлі салаларға таратушы, заңдар шығарып, адамдардың тыныштығын қамтамасыз етуші, олардың қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне жағдай жасаушы орган ғана. Мемлекеттен «пәтер бер, ақшамды көбейт, жәрдем бер» деп алақан жайып сұрайтындар ақыл-естен айрылған НАРЫҚ ЗАҢЫН мүлдем білмейтіндер. Ұлы Абай айтқан ЕСЕКТІҢ АРТЫН  ЖУЫП мал табатын нарық заманында мемлекеттен бірдеңе дәмету ақылсыздықтың ең үлкені.

Әр адам нарық заманында өз жағдайын өзі жасауға тиіс. Ол үшін әрбір тиынын ұқыпты пайдаланып, ертеңгі болашағы үшін ақша жинап, ұрпақтарының да сондай болып өсуіне жағдай жасауы қажет. Ал қазіргі Қазақстан үлкен ТОЙХАНАҒА АЙНАЛЫП КЕТКЕНДЕЙ. Күнде тоймен адамдар бар жиған-тергендерін тойханаларға беріп, қарызға белшеден батуда.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика