Мен кіммін?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

интуицияАдамдардың 99 пайызы ешқашан, ешқандай жағдайда өзіне өзі «мен кіммін?» деген сауалды қойып, соның шынайы жауабын іздеуге талпынбай, өмір-өзеннің ағысымен бейқам ағып өтеді. Шындығында, адамның екі дүниеде бақытқа кенелуі дәл осы сауалдың жауабына байланысты болмақ.

Өзіңді таны

Ежелгі Афиныдағы ең іргелі мінажатханаға кіре берісте «Өзіңді таны» деген сөз тасқа қашалып жазылыпты. Әлемнің жеті кереметінің бірі саналатын Афины мінажатханасы бес-алты ғасыр мызғымай тұрған. Ол туралы тарих атасы атанған Геродоттың жазбаларында жан-жақты айтылады.

Ал, енді осы «Өзіңді таны» деген сөздің астрында не бар? Бұл екі аяқты пенде үшін ең маңызды сауал болса керек. Өйткені, өзінің кім екендігін түсінген адам ғана екі дүниенің игілігіне кенеліп, қорқыныш пен үрейден, фәни жалғанның қиындықтарынан жоғары тұратын дәрежеге жетпек. «Өзіңді таны» деген сөздің астарында «Мен кіммін?» деген сауалдың жауабы тұрғатыны анық. Яғни, бұл екі ұғым бір-бірінен ажырағысыз.

Христиан, иудей, ислам, буддизм және индуизм сияқты әлем халықтары ұстанатын негізгі дәстүрлі бес діннің бәрінің ЕҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ – адамның тән емес, мәңгілік жан, яғни рух екендігін түсіндіру. Өкініштісі сол, дінді дұрыс түсінбейтін пенделер, оның ең басты мәніне де назар аудармайды. Адамдардың 99 пайызы үшін діни шарттарды орындау ең басты міндет және мақсат болып саналады. Шындығында, діни парыздардың бәрі бір ғана мақсатқа жеткізуге көмектесетін қосалқы құралдар ғана дейді веда ілімі. Ол мақсат – адамның ауыратын, қартаятын және өлетін өткінші тән емес, ешқашан ауырмайтын, қартаймайтын және өлмейтін мәңгі жан екендігін ұғынуы.

Адам – ең күрделі компьютер

Адамның тәні, өмірі – бәрі кәдімгі компьютерге, оның жұмысына егіз қозыдай ұқсайды. Дэвид Аик деген американдық теолог әлемнің көп елдерін кезіп, халық алдында лекциялар оқып жүр. Оның бейнелекцияларын ютубтен табуға болады. Аиктың айтуынша, адам тән емес, мәңгілік және шексіздікке таралған сана. Осыны ұғынған адам бес күндік фәни жалғанның қиындықтары мен ауыртпалықтарын елең қылмай, бақытты өмір сүрмек.

Егер сіз өзіңіздің ауырып, қартайып және өлетін тән емес, мәңгілік жан екендігіңізді білсеңіз, соған көзіңіз анық жетсе, не істер едіңіз? Әрине, мұндай жағдайда ертең қартаямын, ауырамын, өліп қаламын-ау деген сияқты қорқыныштан арылып, бес күнгі тірліктің әуенімен кетпей, мәңгілік шаруаларға көңіл бөлер едіңіз. Ал, МӘҢГІЛІК МАҢЫЗДЫ ІС – бұл ҚҰДАЙҒА ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТУ. Адам өмірінің жалғыз және ең басты мәні, міндеті – ОСЫ.

Буддашылардың түсінігінше, мына өмір – түс сияқты. Адам түсінде неше түрлі жайларды көреді, кейде қорқыныш билесе, кейде қуанышқа бөленеді. Бірақ ояна келе бәрінің түс екенін біліп, оны әп-сәтте ұмытады. Сол сияқты мынау ӨМІР дегеніміздің бәрі шын мәнінде көрген түс сияқты елес қана. Адам бір тәннен екіншісіне ауысып, елес-дүниені кезіп, жалған елестің ықпалына түседі.

«Ауаның иісті ала жүретіні тәрізді, фәни дүниеде тірі жан өмірге деген көзқарастарын өзімен бірге ала жүреді. Осылайша, бір фәни тәнге ие болған ол жаңа тән алу үшін бұрынғы тәнін тастайды. Жаңа дөрекі тәнге енген тірі жан ақылдың айналасына топталған құлақ, көз, тіл, мұрын және теріге (жанасу мүшесіне) ие болып, осылардың көмегі арқылы әрқайсысына сәйкес  келетін сезім нысандарын ләззат алу үшін пайдаланады» (Бһагавад Гита, Пурушоттама иога, 8-9 өлеңдер).

Бһагавад Гитаның осы өлеңдерінен ұғатынымыздай, компьютер-тән арқылы адам виртуалды әлемде «өмір сүреді». Шындығында, бұның бәрі елес қана. Адам өзінің тән емес, жан екендігін жүрегімен сезінген кезде, көзін қаптаған шел алынып, шынайы өмірдің бейнесін көретін болады. Бұны ежелгі данышпандар «самадхи» немесе ояну деп атайды. Осылайша, адам елес-түстің ықпалынан шығып, мәңгілік шынайы өмірге енеді. Адам тірлігінің ең басты және маңызды мәні де – осындай күйге түсіп, елестің ықпалынын босану.

Тән қуатты қайдан алады?

Адам өміріне нәр беретін қуат көзі – жүрек екендігін ғылым да теріске шығармайды. Күндіз-түні тынбай дүрсілдеп соғып тұратын жүрек қуатты қайдан алады? Жүрекке қуат беріп тұрған «мәңгілік двигатель» — жан екен. Бһагавад Гитада жанның мекені жүректе болатындығы және рухтың үлкендігі шаштың ұшының 10 мыңнан бір бөлігіндей, яғни атомнан да кіші екендігі, оны ешбір материалдық құралмен көріп, біле алмайтыны нақтыланған.

Адамдардың 99,9 пайызы жанды тәнге қуат беретін батарея түрінде ғана пайдаланады. Шындығында, жан біздің өзіміз, яғни әрбір пенденің шынайы «МЕНІ» — жан, яки рух. Осыны түсінген адам ӨЗІН ТАНЫҒАН болып табылады. «Өзіңді таны» деген сөздің мәні де нақ осында. Өкінішке орай, мұны бүгінгі бір де бір ғылым оқытпайды, жан туралы бір ауыз сөз айтпайды. Әбден мән-мағынасы бұрмаланып кеткен дәстүрлі діндер де жан туралы ләм деп ауыз ашпайды.

Тағы да Бһагавад Гитаға назар аударып көрелік: «Тәнге енген рух, яғни тән-шаһар иесі һарекет етпейді, басқалардың һарекет етуіне түрткі болмайды және сол һарекеттің жемісін де жасамайды. Мұның бәрін фәни табиғат гуналары істейді.»

Бұдан ұғарымыз: жан ешқандай әрекет етпейді, оның бар қызметі батарея сияқты тәнге қуат береді. Ал, тәннің түрлі әрекеттер жасауына үш гуна, ғылыми тілмен айтқанда компьютерлік бағдарлама түрткі болады. Компьютер қандай бағдарлама жүктегеніне байланысты солай әрекет жасайды. Сол сияқты пенде де үш табиғат гунасының ықпалымен әртүрлі әрекеттер жасайды. Ал, шынайы МЕН сыртта бақылап қана тұрады. Ол еш күнәға батпайды, еш әрекет жасамайды.

Осыған қарап, біздің «МЕН» деп жүрген тәніміздің жәй ҚУЫРШАҚ екендігін, табиғат гуналараның ықпалымен түрлі әрекеттер жасап, кейде қуанып, көбіне қасырет шегіп жататынын аңғаруға болады. Осылайша, адамдардың 99 пайызы ҚУЫРШАҚТЫ өздерінің шынайы «МЕНІНЕ» балап, АДАСЫП ЖҮР.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика