Мешітте болған зорлық нені көрсетті?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінің аумағында орналасқан мешіттің күзетшісі мешітке әруақтарға дұға оқыту үшін келген  18 жастағы бозбаланы қол-аяғын байлап қойып, бес сағат бойы зорлаған. Бұл жөнінде журналистерге жәбірленушінің құқығын қорғауды мойнына алған адвокат айтып берді. Естір құлаққа ерсі осындай оқиғаның басқа жерде емес, мешіттің ішінде орын алғаны жұртшылық тарапынан үлкен пікір туғызуда.

Мешіт имамы неге ақталады

Мешітте болған зорлық оқиғасына қатысты хабарды түсірген алматылық телеканалдың тілшісіне берген сұхбатында аталмыш мешіттің имамы, белгілі теолог Қайрат Жолдыбай бұл оқиғаға мешіттің еш қатысы жоқтығын айтып, ақталып әлекке түсті. Оның айтуынша, аумағы ат шаптырым  мешіт аумағын күзету келісім-шарт негізінде  алматылық күзет мекемесіне тапсырылған.  Күзетші сол мекеменің қызметкері.

Өз басым Қайрат Жолдыбайдың ислам дініне қатысты біраз мақалаларын оқып, сырттай есіміне қанықпын. Білімді дінтанушы, біршама діни танымдық кітаптардың авторы. Енді осындай қалың көпшілікке танымал азаматтың мешітте орын алған айтуға ауыз бармайтын сорақы оқиғаға қатысты еш өкініш білдірмей, тек оған мешіттің қатысы жоқтығын айтып, ақталғысы келген әрекеті  өрескел көрінді.

Жәй ғана адамшылыққа салсақ, мына сұмдық оқиғаның орын алуына кез-келген азамат ашу білдіріп, егер осындай жайдың орын алғаны рас болса, Құдай үйі саналатын мешіт ішінде мұндай сұмдықты жасаған адамның заң шеңберінде  қатаң жазалануын талап етуі тиіс еді. Дегенмен, танымал теолог, мешіттің имамы Қайрат Жолдыбай мырзаның оқиғаға қатысты еш пікір білдірмей, керісінше оған мешіттің  қатысы жоқтығын айтып, ақталып әлекке түсуі көңілге кірбің ұялатты.

Мешіт мемлекетке бағынышты ұйым ба?

Мешіт имамының мешітте орын алған сорақылыққа қатысты дін адамы, имандылық тұрғысынан, тіпті қарапайым азамат ретінде өз көзқарасын білдірмеуі, мешіттің оған қатысы жоқтығын айтып, «аш пәледен қаш пәле» деген көзқарасты ұстануы  дін ұйымының қарапайым халықтан тым алыстап кеткенін көрсеткендей. Жалпы, қазақстандық мұсылмандар дін ұйымының өкілдерінің мұндай сыңаржақ әрекеттері жалғыз бұл емес, ара-тұра үнемі көрініп қалып жүр.

Өткен жылы бір топ қарапайым азаматтар үкіметке деген наразылығын білдіру мақсатында қолдарына плакат алып мешіт маңындағы алаңға барғанында мешіт қызметкерінің «бұл жерде жиналуға болмайды, кетіңдер» деп жұртшылықты қуған видеосы әлеуметтік желіде көпшілік тарапынан қызу пікір туғызды. 

Ал Мұхамеджан Тазабеков деген діни арнаның басшысының полиция қызметкерлеріне бейбіт наразылыққа шыққан адамдарды аямай жазалаңдар дегені қалың жұртшылықтың ашу-ызасын туғызып, бұл ғаламторда ұзақ талқыға түскен болатын. Дін өкілдері тарапынан осындай қарапайым халық  мүддесіне қарсы әрекеттер әредік көрініп қалып жүр және бұның өзі қазақтардың арасында соңғы жылдарда ислам дініне деген теріс көзқарастың қалыптасуына ықпалын тигізуде.

Мәселен, соңғы кезде ғаламторда исламға дейінгі қазақтар ұстанған тәңіршілдік туралы айтатындар көбейді. Оны дәріптеп, исламды арабтың  діні, қазаққа еш қатысы жоқ, сондықтан тәңіршілдікке қайта оралу қажет дейтіндер табылды. Осы арада «жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады, қатты-қатты сөйлесең, мұсылман діннен шығады» деген халық нақылы еске түседі. Егер мұсылман басқармасы өкілдері тарапынан осындай келеңсіз қылықтар жалғаса беретін болса, тәңіршілдік сияқты ағымдар белең алып, ислам дінінің әлсіреуіне соқтыруы әбден мүмкін.

Батыс елдерінде христиан шіркеуі тарапынан жасалған неше түрлі жағымсыз әрекеттердің өршуі қарапайым халықты діннен бездіріп, ақырсында 18-19 ғасырда діни түсінікті материалистік атеистік түсінік түгел ығыстырып шығарғаны белгілі. Бүгінгі ислам дінінің жайы да сол кездегі христиан дінінің ахуалына қатты ұқсайды. Осыған орай, дін өкілдері тарапынан қазіргі ұстаным мен көзқарасты өзгертіп, қарапайым халықтың мүддесіне икемделуге бағыт ұсталмаса, ислам діні де христиандардың кебін құшып, тарих сахнасынан шығып қалуы әбден мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика