364 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Желілі маркетинг десе, көбіміз кірпідей жиырылып сала беретініміз рас. Неге десеңіз, МЛМ бизнеспен айналысып, компания ұсынған тауарды тамыр-таныстарына, тіпті көшеде кездескен адамдарға сатып ал деп құлақтарының құрт етін жеп мезі қылатындардың әрекеттері желілі маректингтен жұртшылықтың жерінуіне итермелеуде.

Желілі маректинг біздің елімізде қалай дамуда

Бүгінде МЛМ компаниялар жетіп артылады. Шетелдік алпауыт компаниялардың арасында, тіпті Қазақстанға келіп, өз офистерін ашып, филиалдарын жұмысқа қосып жатқандары да бар. Ондай компаниялардың көбі әдетте өз тауарын ай сайын міндетті түрде сатып алуды міндеттейді. Ақша тапқың келе ме, онда ай сайын компанияның өнімін сатып алып отыруың қажет. Мәселен, германиялық LR компаниясы солай жасайды.

Ал енді осы компанияларға тіркеліп, ақша тауып жүргендер әлгі тауарларды қалай болғанда да өткізу үшін жандарын салады. Біраз жыл бұрын өзім еңбек еткен ұжымда бір келіншек  желілі маркетингпен айналысты. Ол күнде таңертең ішінде толтырылған тауары бар пакетті мықшия көтеріп жұмысқа келетін. Содан бар ісі әлгі тауарларды ұжым мүшелеріне, одан қалды басқа жақын маңдағы мекемелерге барып сату болатын.

Ол тауарлардың ішінде асқазанның жұмысын жақсартып, ас қорытуды жылдамдататын күрешке, көзіңе түнде тағып жатсаң, бірер айдан кейін көзілдірікті тастап, көзің шырадай жайнап шығатын қара матадан тігілген тағы бірдеңе сияқты заттар бар еді. Менің бір танысым асқазанды тазартады деген күрешкені сатып алды. Оның айтуынша, күнде тамақ алдында әлгі күрешкемен су ішіп жүріпті. Бірақ, оның еш көмегі болмапты.

Дегенмен,  МЛМ компаниялардың бәрінің өнімдері осы сияқты күмәнді емес, олардың ішінде бағасы базардағыдан біраз арзан тұратын шетелдік сапалы өнімдер де жетерлік. Бірақ қалай болғанда да, қазір қаптаған дүкендер мен базарлардан қалаған затыңды таңдап жүріп алатын заман, сондықтан ондай тауарларды сатып алуға жұртшылық онша құлық таныта бермейді. Осыған орай, желілі маркетингтен жақсы табыс табамын десең, өте белсенді болып, неше түрлі тапқырлықтар жасауға тура келмек.

Интернет арқылы сату тиімді және жедел

Желілі маркетингтен жұрттың қашуының басты себебі компания тауарын кім көрінгенге ұсынып, айналаңдағыларды мезі қылу  екендігі белгілі.  Егер сіздің бойыңызда ондай қабілет болмаса, онда не істеу қажет?

Интернет арқылы тауарларды сату немесе қызметті ұсыну жеңіл ғана емес, жедел және көп аудиторияны қамтитындықтан тиімділігі өте жоғары болатын тәсіл. Дегенмен, оған біраз білім мен біліктілік қажет болады. Жәй компьютермен жұмыс істеуді білу бұл арада жеткіліксіз.

Интернет арқылы сауда жасау немесе қызмет ұсыну үшін ең негізгі мынадай үш ҚҰРАЛ қажет: 1-ші құрал: САЙТ. Иә өз сайтың болуы қажет. Сол сайтқа МЛМ компания ұсынатын тауарлар мен қызмет туралы барлық ақпараттарды жинақтап, оның сілтемесін әлеуметтік желілер арқылы таратсаң болғаны. Адамдар өздері келіп, сайттан қажетті ақпараттар алып, қажет болса тауарыңды сатып алатын болады.

2-ші құрал: ВИДЕОБЛОГ. Ютубтан міндетті түрде видеоблог ашып, оған әлгі өзің жұмыс жасайтын МЛМ компания туралы ақпараттар беретін өзің түсірген видеоларды салып отыру қажет. Неге өзің түсірген? Егер сен сол компания туралы басқа адамдар түсірген видеоларды салатын болсаң, ондай көшірме видеоларды ютуб таратпайды. Яғни, ол видеоблогыңда өлі жүк сияқты тұра береді. Ешкім келмейді, қарамайды. Қарамағасын, ешкім ештеңе сатып алмайды.

Ал егер өзің видео түсірсең, жаңа видеоны ютуб жұртшылық назарына ұсынады. Ол көп көрілім жинайды. Оны көрген адамдар видеоның астына қойған сілтеме арқыл сайтыңа келіп, тауарды сатып алады. Шынын айтқанда, қазіргі күнгі ең қуатты және тиімді құрал осындай видео болып отыр.

3-ші құрал:  ЕМАЙЛ РАССЫЛКА. Орыс тілді интернетте ақылы пошта қызметтері аз емес. Солардың арзандау біреуіне тіркеліп, өз оқырмандар базаңызды жасасаңыз және оларға апта сайын МЛМ компания, оның өнімдері жайлы хаттар жіберіп отырсаңыз, оқырмандарыңыздың арасынан сатып алушылар көптеп шығары даусыз. Әрине, бұл арада оқырмандар саны үлкен рөл атқарады. Оқырмандар базасы неғұрлым мол болса, сіз ұсынған өнімді сатып алушылар қатары да көбейе түспек.

Міне, осы үш қуатты ҚҰРАЛДЫ пайдалану арқылы сіз еш қиындықсыз, ешкімнің соңынан жүгірмей, ешкімге жалынбай-ақ МЛМ компанияның өнімін сатып, қомақты табыс табатын боласыз.

Бұл қуатты үш құралды қайдан алуға және онымен қалай жұмыс жасауға болатыны туралы kalkoz25@mail.ru поштасы арқылы хабарласып, ақпарат алуыңызға болады.

 

 

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика