0 көрілім

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Егер айналаңызға ақыл таразысына салып байыппен қарайтын болсаңыз, жанды-жансыз заттардың бәрі белгілі бір  қатаң заңдылықтарға бағынатынын байқар едіңіз. Күн мен түннің, жыл мезгілдерінің үнемі қатаң тәртіппен айналып келіп отыратындығы, тіршілік иелерінің өсіп жетіліп, қартайып, ақырсында өліп жоғалатындығы, жансыз заттардың да уақыт теперішіне төтеп бере алмай ескіріп тозатыны, ақырсында өшіп жоғалатыны — бәрі қатаң заңдылықтардың шеңберінде өтеді. Барша жанды-жансыз заттар бағынатын табиғат заңдылықтарына дегенмен, екі аяқты саналы адам атты пенделер оншалықты бағына қоймайды. Мысалы, жануарларға қараңыз, бәрі табиғат заңдарына қатаң бағынышта тірлік кешеді. Жылқы, сиыр, қой сияқты үй жануарлары жылдың белгілі уақыттарында күйлеп шағылысады да,  көктемде төлдейді. Аң-құстар өз тұқымдастырының қарама-қайшы жыныс өкілдерімен шағылысып, ұрпақ өрбітеді. Қартайған жануарлар жыныс жақындығынан қалады. Ал адамдар ше? Адамдар қалаған уақыттарында жыныс жақындығына барады, жасына, нәсіліне қарамайды. Қартайып жасы келген шалдар мен кемпірлер де өздерінен әлдеқайда жас қыз-жігіттермен жыныс жақындығына бара береді. Тіпті, бір жыныс өкілдерінің жақындасуы түріндегі арсыздықтар соңғы кезде мүлдем белең алып кетті. Бұның астарында адамдардың табиғат заңдарына да, Жаратқанның заңдарына да бағынбай нәпсінің жетегіне еретіні жатқаны белгілі. Неге бұлай болады?

Жан-жануарлар, аң-құстар түгел табиғат белгілеп берген заң шеңберінде тіршілік етеді. Оларда ауытқушылық аталатын табиғат заңдарына бағынбау жағдайлары мүлдем дерлік болмайды. Ал саналы адамдар болса нәпсінің ықпалымен табиғат заңдарын да, Құдайдың шариғат заңдарын да белден басып, арсыздықтарға барады. Егер адамдар табиғат заңдарының шеңберінде өмір сүретін болса, онда қартайған шақтарында нәпсіге ермей жыныс жақындығынан мүлдем бас тартқан болар еді. Табиғат заңы бойынша қартайып, күші қайтқан адамдардың жыныс жақындығына деген ынтасы да, қауқары да болмауы тиіс. Бхагавад Гитада Тәңірі Кришна адамдарды 4 өмір сүру кезеңіне негізделген варнашрама дхарма жүйесіне сай жаратқанын айтады. Сол жүйеге сай бала кезінде адам оқып, білім алады, ал жас шағында отбасы құрып, ұрпақ өрбітеді, кексе тартқан шағында еңбектен қол үзіп, жүзін Жаратқанға бұра бастайды, ал қарттық жеткен кезде дүниені тәркі етіп, бақи әлемге дайындалады. Адам өмірін бұл кезеңдерін жылдың 4 мезгілімен салыстыруға болады. Осы жүйеге сай адам кексе жасқа келген шағында ақырындап жыныс жақындығынан бас тартуы тиіс. Ол кезде адамның  физикалық қуаты да, жыныстық қуаты да қайта бастайды. Қарттық шаққа жеткенде жыныстық қуаты толайым қайтып, енді оларда нәпсі атаулы толықтай жоғалады.

Өкінішке орай, бүгінде табиғат заңын да, Жаратқанның шариғат заңын да ұмытқан пенделер өле өлгенше нәпсінің құлақ кесті құлы болып өтеді. Қарт адамдардың өзінің немере, тіпті шөбересімен жасты қыздарға үйленіп, бала таптырып жататындары болады. Оны қазақтар әспеттеп “жетпісбай, сексенбейларды таптыратын шалдар мықты” десіп жатады. Шындығында қартайғанша жыныстық қуаты мен нәпсісі қайтпаған адамдардың бұл әрекеттері  табиғи ауытқушылықтың  салдары деу керек. Ал табиғи ауытқушылық қандай сипатта болмасын залалды. Тәні еркек бола тұра өздерін әйел ретінде сезінетін және солай ұстайтындар бар. Оларды геи дейді. Қазір ондайлар өте көбейіп кетті. Әйел тәнінде бола тұра өздерін еркек сияқты сезінетіндер де кездесіп жатады. Бұның бәрі ауытқушылықтың салдары. Қарт адамдардың нәпсінің құлы болып жүруі де сондай ауытқушылық. Табиғи түрде өмір кешкен адамдар қартайған шағында нәпсісі жоғалып, жыныс жақындығынан мүлдем бас тартуы тиіс.  

Қартайған шағында нәпсісі жоғалмаған адамдар көп қиындық тартады. Жыныстық қуаты қайтса да, нәпсісі жоғалмаған бір қарт адамның көпшілік бас қосқан жерлерде, әсіресе әйелдердің көзінше үнемі жыныс жақындығына қатысты лас сөздерді дауыстап айтып отыратын жағдайын көрдім. Тағы бір шал күйеуі жоқ әйелдермен зина жасап, сонысын жұрттың алдында мақтаныш көріп айтып жүретін. Қарт адамдардың нәпсіқұмарлыққа салынуы айналасындағылардың жиіркенішін туғызып, оның абырой-беделін түсіреді. Әдемі қартаю үлкен өнер. Жас келген соң өз орныңды біліп, орнымен сөйлеп, лайықты киініп, адамдармен сыпайы жақсы қатынаста болсаң, қадірің артады. Ал нәпсіге берілген қарт адамдар өз абыройларын түсіріп, ар ұялар жаман әрекеттер жасап жатады. Жасы жетпістен асқан бір шал шөбересімен жасты он жастағы қызды зорлап, ұзақ мерзімге сотталды. Бала-шағасы, немерелері бар қарттың бұндай дағдайға ұшырауы айналасындағылардың оған деген теріс көзқарасын туғызатыны анық. Басқа түгілі, одан балалары мен немерелері де безеді. Міне, нәпсінің тигізер залалы.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика