Ой – материалдық қуат
Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
Күн бізден миллиардтаған шақырым алыста орналасқан, бірақ соған қарамастан оны біз әрдайым көріп, сезіне аламыз. Біз Күнді оның сәулесі арқылы сезінеміз. Күн алыста болса да, оның сәулесі мен жарығы, шуағы бізге жетіп тұр. Сол сияқты нәзік материалдық қуат болып табылатын ақылды, оның әсері мен ықпалын біз әрдайым сезінеміз. Бұл – ақылдың ажырамас бөлігі болып табылатын ой арқылы жүзеге асады.
Ой – материалдық қуат. Қазір ғалымдар ойды өлшейтін арнайы құрылғы да ойлап тапты. Егер салыстыра айтар болсақ, ой – бұл Күннің қашыққа таралатын сәулесі сияқты ақылдың адамға әсер ететін ажырамас қуаты. Ақыл қозғалмайтын барша материалдық әлемді қамтып тұрған нәзік қуат болса, ой керісінше белсенді және үнемі қозғалыста болады.
Ой үш түрлі деңгейде өтеді: өткен шақ, қазіргі шақ және болашақ. Үнемі белсенді болатын ой өткен шақ пен болашақтың арасында үздіксіз қозғалып, адамды түрлі қиырларға жетелейді. Бір ой келсе, бір ой кетіп жатады, үнемі қозғалыста болатын ой біздің санамызда әрдайым билеп алып, өзімізге мүлдем қатысы жоқ жайларға бастайды. Санамызды түгел билеп алған осы құбылысты өкініштісі сол, біздер жете білмейміз және оның табиғатына назар аудармаймыз. Ой деген өздігінен туып, жоғалып жататын, бізге онша қатысы жоқ нәрсе сияқты сезілгенмен, шындығында ойдың адам өміріне, оның тағдырына тигізер әсері өте зор.
Өзін өзі дамыту ғылымының білгір сарапшысы американдық Браиан Трейсидің «Өзгеріс ойдан басталады» деген сөзінің астарында үлкен шындық бар. Адам өміріндегі елеулі өзгерістер ең алдымен ойдан бастау алады. Алдымен ой өзгереді, содан кейін ол адамның санасына әсерін тигізіп, бұл оның өміріне өзгеріс әкеледі.
Бұл қалай жүзеге асады? Бүгінде әлемдік бестселлерге айналған «Секрет» фильмінің негізгі идеялық арқауы – ой арқылы өмірді өзгерту болып табылады. Аталмыш фильмнің бір кейіпкері жеке меншік ұшағынан апатқа ұшырап құлап, ауруханаға жеткізіледі. Омыртқасына зақым келген оның екі аяғы мен қолы жұмыс істемей қалады. Оған қоса, өкпесі де зақымданып, өздігінен тыныс ала алмайды.
-Мен ауруханада есімді жидым. Көзімді ашқанымда төсекте жатқанымды көрдім. Мұрныма жасанды тыныс алдыру қондырғысы жалғаныпты. Қол-аяғымды мүлдем сезбедім. Менің бар қолымнан келері көзімді ашып-жұму ғана еді, -деп есіне алады кейіпкер.
Осындай өте аянышты, денесін сезініп, басқара алмайтын жағдайда болған оның еркіндегі жалғыз нәрсе – ойы еді. Ол өз бетінше ойлана алатын. Дәрігерлер апатқа ұшыраған жігіттің өмір бойы төсекке таңылатын мүгедек болатынына еш күмәндары болмады. Дегенмен, жігіт ойы арқылы ақылға сиымсыз істі жасауға бекінді. Ол өзіне «жарты жылдың ішінде ауруханадан өз аяғыммен шығатын боламын» деген міндет-мақсат қойды. Содан кейін-ақ, ойша ауруханадан аяғымен шығып бара жатқан сәтін көз алдына келтіруге тырысты. Санасын билеген әртүрлі ойлар әржаққа тартқанымен, ол ойын әлгі көрініске – ауруханадан өз аяғымен шығып бара жатқан сәтке аударумен болды. Осылайша, ояу сәттерінде оның ойлайтын жалғыз ойы – ауруханадан өз аяғымен шығып бара жатқан сәтті елестету болды.
Қызығы сол, бір аптадан кейін дәрігерлер оны жасанды тыныс алу құрылғысынан ажыратты. Өйткені, өкпесі қалыпты жұмыс істей бастаған еді. Содан кейін таңғаларлық жайлар орын алды. Арада бірнеше ай өткенде ол аяқ-қолын сезіне бастады. Ал жарты жылдан соң дәрігерлердің сүйемелдеуімен ауруханадан шығып, өзін әкетуге келген туысының автокөлігіне өз аяғымен барып отырды. Міне, осылайша, арада жарты жыл өткенде қол-аяғы істемей, мүгедек болып қалған жігіт ой күшімен аурудан толық жазылып шықты.
«Секрет» фильмін жасаушылардың пайымынша, біз ойша өзіміз аңсаған арман-мақсаттарымызға жеттік деп өзімізді сендіре бастаған кезде, санамызда сол арманға жетсем деген ниет пайда болады. Ал содан кейін Кеңістік немесе адамдар Құдай атаған Жоғарғы сана біздің осы тілегімізге бірден назар аударып, оны орындауға кіріседі. Біз ой арқылы армандаған мақсатымызға жетеміз деген ниетке өзімізді неғұрлым көбірек сендірсек, соғұрлым тілегіміз тезірек орындалады.
Яғни, адам ойы магнит сияқты арман мақсатты тартып, оның орындалуына жол ашады. Осындай тәсілмен кез-келген адам кез-келген арман-тілегіне жете алады дейді «Секрет» фильмінің авторлары.
Веда ілімінде бес дөрекі элементтен тұратын ет пен сүйектен жаратылған тәннің ішіндегі оның көшірмесі іспетті үш нәзік элементтен құралған астральдық тән – тілек тәні деп аталады. Бұлай аталуының себебі – адамның ақыл-ойы арқылы армандаған тілектері туралы ақпараттар осы нәзік тәнде жазылып, сақталады. Дөрекі тәніміз өлген соң жан нәзік тәнге еніп, ет пен сүйектен жаратылған материалдық тәнді тастап шығады. Міне, содан кейінгі нәзік тәннің ахуалы, қайта туылып, басқа тәнді алу бағдары – түгел тілек тәнінде жазылған ақпараттарға байланысты орын алмақ. Осылайша, адам өзінің болашағын ақыл-ойы арқылы өзі жасайды. Яғни, адамның осы дүниедегі жақсы-жаман, бай-кедей, бақытты-бақытсыз болуына әсерін тигізетін ой өлгеннен кейінгі ахуалына, қайта туылуына да тікелей әсерін тигізеді.
Адамның өмірде жақсы-жаман, бақытты-бақытсыз, бай-кедей болуы тікелей ойына байланысты десек, бұл қалай жүзеге асады, енді соған назар аударайық. «Секрет» фильмінің авторларының айтуынша, кедей адам үнемі жоқшылық, тапшылық жайлы ойлап, қиындықтан қалай шығамын, қайдан ақша аламын, қалай бақуатты боламын деп армандайды. Үнемі жоқшылық, тапшылық туралы ойлайтындықтан, ол тапшылық пен кедейшілікті магнит сияқты тартып, өз болашағын өзі тарылта түседі.
Өзін өзі дамыту ілімінің сарапшысы Алекс Яновскии бақуаттылыққа жету үшін алдымен ой-санаңды өзгерт деп кеңес береді. Мәселен, сіз жалдамалы жұмыс істейсіз, жалақыңыз аз, соған орай арзан пәтерді жалға алып тұрасыз және киіміңіз бен ішім-жеміңіз де арзанқол. Үнемі ақшаны қалай үнемдеймін, қалай жеткіземін, қайдан ақша табамын деп басыңызды қатырып ойлап жүресіз. Яновскиидің пайымынша, егер сіз байлыққа жеткіңіз келсе, онда ең алдымен ойыңызды өзгертіңіз.
Бұл былайша жүзеге асырылады. Сіз өзіңізді бай-бақуаттымын деп сезініңіз. Әрине, солай ойласаңыз бірден бай болып кетпейсіз. Дегенмен, ақыл-ойыңыз өзгереді. Бұрынғыдай әр тиыныңызды санап, қалай жеткіземін деп бас ауыртпайсыз, қымбат дүниелерді көргенде «бұл менің қолым емес, оны алу мен үшін қол жетпес арман» деп ойламайсыз. Керісінше, енді сіз өзіңізді бай-бақуаттымын деп санап, өзіңізге ұнайтын заттарды көргенде «бұны мен қайтсем де аламын, уақыты келгенде ол менің қолыма түседі» деп өзіңізді сендіресіз. Ара-тұра қымбаттау болса да өзіңізге ұнайтын дүниені алып, өзіңізді қуантып қоясыз.
Міне, осылайша, ақыл-ойыңыздағы өзгеріс ақырындап санаңызға терең сіңе бастайды. Содан кейін көп ұзамай мінез-құлқыңыз өзгереді. Бұрынғыдай дүкенге, дәмханаға барғанда ас мәзіріндегі тамақ пен заттардың бағаларына қарап, оны ала аламын ба, жоқ па деп ойламайсыз. Өзіңізді барлық жерде еркін сезінесіз. Бұл сіздің санаңыздағы кедейшілік туралы ақпараттарды ығыстырып, бақуаттылық жайындағы ақпараттармен алмастырады. Яғни, ақылыңыз қайта бағдарламаланады. Содан кейін таңғажайып жайлар орын ала бастайды. Осындай ойлар түйсігіңізге терең сіңеді де, енді көп ұзамай түйсік сол ақпараттарды жүзеге асыруға жағдай туғыза бастайды. Кенет күтпеген жерден қызметіңіз өсіп, жалақыңыз көбейеді немесе ақша табудың қосылқы жолы алдыңыздан ашылады. Сөйтіп, санаңыздағы өзгеріс, өміріңіздегі нақты өзгеріске әкеледі.
Қазақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров «Жақсы болсам өзімнен, жаман болсам өзімнен» дейді. Адамның жақсы-жаман, бай-кедей, бақытты-бақытсыз болмағы тікелей өзіне, дәлірек айтқанда ойлайтын ойларына байланысты болмақ. Ресейлік теолог Александр Хакимов ойдың адам өміріне әсері туралы мынадай мысал келтіреді. Шыбын да, ара да сыртқы тұрпаты бір-біріне ұқсас және ұшатын жәндіктер. Бірақ екеуінің табиғаты екі түрлі. Шыбын ұшып жүріп қоқыс пен нәжісті іздейді және сондайлардың маңынан шықпайды, ал ара болса гүлдерді іздейді және гүлден гүлге қонып шырын жинайды. Қоқыс жағалаған шыбын нәжіс шығарса, ара шырын жинап, одан бал шығарады. Сол сияқты ұдайы жамандық пен жоқшылық туралы ойлайтын адам өзіне жамандық пен кедейшілікті тартады, ал жақсылық пен молшылық жайында ойлайтын адам бақуаттылыққа қол жеткізеді.