"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/
Атам заманнан адамдар табиғаттан тыс бір құдыретті күштің барлығын түйсініп, Құдайға табынып келген. Бүгінде адамзат ұстанатын 5 дәстүрлі діннің бәрінде Құдай бар және Оған құлшылық ету сол діндердің басты ұстанымы болып саналады. Дейтұрғанмен де, соның бәріне қарамастан адамдар Құдай туралы жарытып ештеңе білмейді. Өйткені аталмыш дәстүрлі діндерде Құдайға қатысты жалпылама айтылғанымен, Жаратқан туралы нақты мәліметтер жоқ. Содан болар, адамдардың Құдай жайындағы түсінігі мардымсыз, көпшілігі пенделердің қиялынан туған өзге түгілі өздері де онша сене қоймайтын аңыз әңгімелер түрінде болып келеді.
Христиан дінінде Құдай әке, Құдай ұл және Киелі рух деп бір Құдайды үшке бөлсе, иудей дінінде Мұса пайғамбар Синай тауында жүздескен Құдай көз шағылыстырар нұр түрінде көрінеді. Ал ислам дініндегілердің Жаратқан жайынадағы түсінігі бейнесіз, тұрпатсыз, мекенсіз деген сияқты ақылға сиымсыз кейіпте бейнеленеді. Осылардың бәрін ақыл таразысына салар болсақ, Құдай туралы нақты бірдеңе деп айту қиынға түседі.
Бһагавад Гитада айтылған йаджнаға қатысты өлеңді еске түсіріп көрелік: «Барша тірі жанды Жаратушы Ие жаратылыс таңында құрбан шалумен бірге адамдар мен періштелерді жаратып, оларға «Осы йаджнаны (құрбанды) шала отырып бақытқа кенеліңдер, өйткені ол сендердің мұқтажсыз күн көріп, ақыр соңында азат болуларың үшін қажет нәрсенің бәрімен қамтамасыз етеді» деп бата берген».
Жаратылыс таңында, яғни барша тіршілікті жарата бастаған кезеңде Жаратқан тіршілік иелерімен бірге йаджнаны – құрбандықты қоса жаратқан екен. Не үшін бұлай жасалған? Оның астарында барша тіршілік иелері, мейлі ол адам, періште, тіпті жан-жануарлар болсын, йаджна – құрбандықсыз өмір сүре алмайтынын білдіретін ақиқаттың жатқандығын бағамдауға болады. Яғни, құрбандық тіршілік иелерінің өмірімен біте қайнасып кеткен секілді. Құрбандықты сіз қалайсыз ба, қаламайсыз ба, оған сенесіз бе, жоқ па, мойындайсыз ба, болмаса мойындамайсыз ба – соның бәріне қарамастан, йаджна өміріміздің басынан соңына дейін көлеңке сияқты үнемі еріп жүреді.
Егер айналаңызға ақыл таразысына салып байыппен қарайтын болсаңыз, жанды-жансыз заттардың бәрі белгілі бір қатаң заңдылықтарға бағынатынын байқар едіңіз. Күн мен түннің, жыл мезгілдерінің үнемі қатаң тәртіппен айналып келіп отыратындығы, тіршілік иелерінің өсіп жетіліп, қартайып, ақырсында өліп жоғалатындығы, жансыз заттардың да уақыт теперішіне төтеп бере алмай ескіріп тозатыны, ақырсында өшіп жоғалатыны — бәрі қатаң заңдылықтардың шеңберінде өтеді. Барша жанды-жансыз заттар бағынатын табиғат заңдылықтарына дегенмен, екі аяқты саналы адам атты пенделер оншалықты бағына қоймайды. Мысалы, жануарларға қараңыз, бәрі табиғат заңдарына қатаң бағынышта тірлік кешеді. Жылқы, сиыр, қой сияқты үй жануарлары жылдың белгілі уақыттарында күйлеп шағылысады да, көктемде төлдейді. Аң-құстар өз тұқымдастырының қарама-қайшы жыныс өкілдерімен шағылысып, ұрпақ өрбітеді. Қартайған жануарлар жыныс жақындығынан қалады. Ал адамдар ше? Адамдар қалаған уақыттарында жыныс жақындығына барады, жасына, нәсіліне қарамайды. Қартайып жасы келген шалдар мен кемпірлер де өздерінен әлдеқайда жас қыз-жігіттермен жыныс жақындығына бара береді. Тіпті, бір жыныс өкілдерінің жақындасуы түріндегі арсыздықтар соңғы кезде мүлдем белең алып кетті. Бұның астарында адамдардың табиғат заңдарына да, Жаратқанның заңдарына да бағынбай нәпсінің жетегіне еретіні жатқаны белгілі. Неге бұлай болады?
Әлеуметтік желіде Дихан Қамзабекұлы дегеннің «Газет бағасы және елдік жауапкершілік» деген мақаласы жарияланды. Автор қазақ тіліндегі қағаз газеттердің соңғы жылдарда қатты қымбаттап бара жатқанын, бұған себеп пошта қызметі мен баспа қызметі бағасының өсуі екендігін айтады. Биылғы жылы газетке жазылу бағасы 50 пайызға қымбаттап, оның өзіндік құны 170 пайызға өсіпті. Осы цифрларға қарап, газеттің қазіргі жайы мен болашағының өте ауыр жағдайда тұрғанын аңғаруға болады.
Заманды өзгерту қолыңнан келмесе, соған бейімдел
Өткен ғасырда бір ғұламаның айтқан осы сөзінің астарында үлкен ақиқат бар. Өткенге ақыл таразысына сала қарайтын болсақ, ешнәрсенің мәңгілік еместігін, бәрі уақытша екендігін аңғарасың. Осыдан бірнеше ғасыр бұрын ең негізгі көлік болған салт ат пен арба қазір келмеске кетті. Өткен ғасырда кең таралған кинотеатрлар саны қазір азайып, жойылудың аз ғана алдында тұр. Әрнәрсенің өз уақыты болады, сол кезде дамиды, кең таралады, сосын ақырындап азайып, ақырсында ешкімге қажетсіз болып қолданудан қалады. Бұл өзіміз өмір кешіп жатқан фәни әлемнің айнымас табиғи заңдылығы.
Қазақта «дүмше молда дін бұзар» деген мақал бар. Қазір исламда білімсіз дүмшелер өте көп. Олардың ислам дініне тигізіп жатқан залалын санасаң, сан жетпейді. Оларды ислам дінінің бітіспес қаскөй дұшпандары десе, артық айтқандық болмайды. Бір қарағанда сол дүмшелер өздерін исламның қорғандары сияқты, діннің игілігіне қызмет етушілер тәрізді сезінеді және сырт көзге де солай көрінеді. Дегенмен де, зер сала қарасаң, олардың әрекеттерінің дінге қаншалықты залалын тигізіп жатқанын бағамдайсың.
Соңғы кездерде әлеуметтік желілерде өздерін ислам дінінің білгір ғұламалары сияқты көрсетіп, дін туралы неше түрлі пікірлер айтатын блогерлер көбейді. Сөздерін тыңдай қалсаң, исламның дәстүрлі түсінігін бұрмалап, тіпті Құранды өздерінше тәпсірлейтінін, хадистерге, пайғамбарға қатысты ойдан шығарылған пікірлерін естисің. Өкініштісі сол, сондайлардың сөзін ақиқат деп қабылдап, соңдарынан еретін ізбасарлары да бар.
Алғашында қазақ мектебі болады деп салынған Алматыдағы №224 мектептің төңірегіндегі айқай-шу әлі мәреге жеткен жоқ. Таза қазақ мектебі болады деген мектептің маңында тұратын орыстілді ата-аналар жиналып аралас мектеп жасаңдар деп қысым көрсетіп, содан басшылық солардың ықпалымен аралас мектеп жасауға кіріседі. Бұны естіген қазақ балаларының ата-аналары қарсы шығып, арты үлкен дау-дамайға айналды. Әупіріммен қазақтар мектепті қазақ мектебі етіп ашуға қол жеткізді. Дегенмен, басшылық әлі де аралас мектеп жасау бағдарын ұстанып отыр. Олар орыстілінде сабақ беретін мұғалімдер құрамын жасақтап, аралас мектеп жасаудың әрекетін істеуде.
Ата-аналар неге балаларын орыс мектебіне бергілері келеді?
Егер ақыл таразысына салып қарсақ, бұның бірқатар себептері бар екенін бағамдаймыз. Ең басты себеп: орысша оқыған, қазақ тілін білмейтін ата-аналар өздері сияқты баларының да орыс тілінде сөйлеуін қалайды. Олардың кеңес заманынан саналарына сіңіп қалған бір түсінік: қазақ мектептеріндегі білім сапасы орыс мектептерімен салыстырғанда төмен деген ұстаным. Қазіргі ресми статистикаға назар аударсақ, мектеп бітіріп жатқан түлектердің 70 пайызы қазақ мектептерін бітіруде, жоғары оқу орындарына түсу үшін тест тапсырушылардың 80 пайыздан астамы қазақша тапсырады. Қазақ мектептерінде оқитындар арасында түрлі олимпиадалардың жүлдегері атанып жүргендер, мектепті алтын белгіге бітіріп, мемлекеттік тестіні жоғары деңгейде тапсырып жатқандар көп. Бірақ «көрмес, түйені де көрмес» дегендей, орыс тілді ата-аналар бұның ешқайссын көздеріне ілмейді. Олар баяғыша, «қазақ мектептерінің оқу сапасы төмен» дегенді үнемі алға тартып, балаларын қайткен күнде де орысша оқытуға ынталы. Өкініштісі, 224 мектеп аралас мектеп болсын деп айқайлап ұрандатып жүргендердің дені қазақтар.
Мына фәниге келген кезде адамның қандай тән алатыны, қандай жетістіктерге жетіп, қанша жыл ғұмыр кешетіні – бәрі алдын ала бағдарлама іспетті жазылып қойылады. Бұны қарапайым пенделер – тағдыр деп атайды. Осылайша, тағдыр дегеніміз адам баласы дүниеге келген сәтінде алдын ала белгіленіп қойылған өмір жолы екен.
Дегенмен де, тағдыр деген еш өзгертуге болмайтын қатып қалған тас емес. Оны өзгертудің жалғыз жолы, яғни тәсілі – әрекет болып саналады. Адам ойымен, сөзімен, нақты әрекетімен үнемі әрекет етіп жатады. Ұйықтаған кезде ғана адамның әрекеті тоқталады. Ал пенденің сол жасаған әрекеттерінің бәрі де еш өзгеріссіз кеңістікте жазылып, сақталады және болашақ өмір жолын айқындайтын бірден бір фактор болып табылады.
Өмірімнің 33 жылын журналистика саласында қызмет етуге арнаған екенмін. Сол жылдарда өз мамандығының кәсіби шебері болған қарымды журналистерді де, аты бар да, заты жоқ, жұмысын тек күнкөрістің құралы санайтын дүмбілез жандарды да, басшыларға жағынып, мансапқа қол жеткізуді ғана армандайтын мансапқорларды да көрдім. Журналист деген атқа дақ түсірмей, өле өлгенше қолдарынан қаламдарын тастамай кеткен екі азамат туралы айтсам деймін. Олардың өмір, еңбек жолдарында бір-біріне деген егіз қозыдай ұқсастық бар және екеуі де өз мамандығының хас шебері деңгейіне жеткен мықты журналистер болатын.
2004 жылдың қазан айының 28-де Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің сол кездегі редакторы Жомарт Әбдіхалық автокөлік апатынан қайтыс болды. Бұл күн менің есімде сақталған себебі, 27 қазанда мен газеттің кезекші редакторы болған едім. Жомарт Әбдіхалық редактор ретінде газетке қол қою үшін компьютер цехына келді. Ол әдеттегідей қалжыңдап, өте көңілді отырды және таңертең жол жүретінін, алдағы уақытта газет еш қиындықсыз бюджеттен қаржыландырылатынын, сол мәселе ертең шешілетінін айтып, жаңалықпен бөлісті. Ал ертеңіне ол жол апатынан қаза тапты. Сол тұста оның жасы 60-та болатын.
Адамзат ұстанатын 5 дәстүрлі дін болса, олардың бәрінде болашақта адамзатқа ақиқат дін әкеліп, молшылық қоғам орнататын қайрымды құтқарушы туралы көріпкелдік болжамдар бар. Ислам дінін ұстанатын мұсылмандар діни шарттар бұрмаланып, діннің қадір-қасиеті қаша бастаған кезде келетін имам Махдиді күтуде. Мұсылмандардың ұғымынша, имам Махди ислам дінін қайта қалпына келтіріп, әлемдік ең беделді дінге айналдырады және мұсылман елдерінің басын қосып, үлкен халифат орнатады.
Христиан дінін ұстанушылар Иса мәсих көктен қайта түсіп, мың жылдық Құдай патшалығын орнатады деп сенеді. Иудейлер Машиах деген пайғамбарды күтуде. Буддашылардың сенімінше, буддизм діні тоқырауға ұшыраған тұста келетін Будда Майтреи дінді қайта жаңғыртып, дамытады. Индуизм дінін ұстанушылар Кали юга дәуірінің соңында жер бетіне түсіп, құдайсыз дінсіз пенделерді түгел жойып, орнына жаңа нәсіл әкелетін және Алтын ғасыр – Сатья юганы орнықтыратын Калки аватарды келеді деп сенеді.
Біз үшін құпиясы мол шымылдық саналатын ажалдың арғы жағында пендені не күтіп тұр? Сол құпия шымылдықты ашып, арғы жағына ақыл-ой көзімен назар салып байқайық. Ол үшін көріпкел немесе бойында тылсым қасиеті бар ерекше жан болудың қажеті жоқ. Біз дәстүрлі діндердің түсініктері мен Қасиетті кітаптарында бұл туралы не айтылғанына және бұл мәселеге үлкен көңіл бөлетін буддашы ұстаздардың еңбектеріне, сондай-ақ осы саладағы бірлі-жарым шығармаларға назар аударып, онда жазылған ақпараттарды талдай отырып, құпия шымылдықтың арғы жағында не болатынын түсіндірмекпіз.
Ислам дінінің түсінігі бойынша, өлген адамның жанын ажал періштесі келіп алады. Мұсылманша жерлеу тәсілінде мүрдені лақат түрінде қазу қарастырылған. Яғни, көрдің төменгі жағынан бір бүйірден кісі сиярлық орын дайындалады. Мүрде сол лақатқа орналастырылып, көр топырақпен жабылады. Осылайша, мүрде топырақтың астында қалмай, бір бүйірдегі кішкене қуыста жатады.