Қазақстанға Ресейден қауіп бар ма?

Ресейлік журналистер мен саясаткерлер тарапынан оқта-текте қазақ еліндегі орыстардың құқығы аяқ асты болып жатқаны, Қазақстанның солтүстік облыстарының ресейдікі екендігі жайында даулы мәлімдемелер жасалып жатады. Бұндайды ести-ести құлағымыз үйреніп кеткен сияқты. Десе де, біздің кейбір ұлтжанды белсенділеріміз ара-тұра сондай арандатушыларға қарсы пікірін айтып, жауап беріп жататыны бар. Бірақ  есірген ресейлік ұлтшылдарға қарапайым белсенділердің сөзі шыбын шаққандай да әсер етпейді. Ал ресми билік ондай арандатуларды естісе де, естімегенсіп, бейтарап қалады.

Өткен аптада да сондай бір ресейлік журналист Тина Канделаки деген біреу Қазақстандағы  орыстардың құқы аяқ асты болып жатқандығы, орыс тілін қудалау әрекеттері белең алып кеткендігі, бір сөзбен айтқанда қазақ ұлтшылдығы жайында әңгіме көтеріп, әлеуметтік желіде жариялады. Оның бұл арандатуына бірлі-жарым белсенділер жауап қатқан болды. Әдеттегідей билік ресейлік журналистің қазақ халқына қарсы айтылған бұл пікірін естімегенсіп, сырт қалды.

Прочитать остальную часть записи »

Әділдік салтанат құрған жерде, ел де өркендейді

Қазіргі қазақ қоғамы қым-қуыт күндердің қарсаңында, қарбаласқа толы оқиғалардың тоғысында тұр. Кешегі жаңа Үкіметтің жасақталуы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық-әлеуметтік салада өміршең мәселелерді шешу жөніндегі талап-тілектері жаңа бетбұрыс жасауға ықпал ететіні анық.
Осы оқиғаның қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінен мүдделі топ елордаға жиналып, «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорын құруға арналған басқосуға қатысып, ел тұрғындарына үндеу тұрғысындағы манифест құжатқа қол қойдық.
Жаңа қордың негізгі мақсаты – барша қазақстандықтарды толғандырған өзекті мәселелерді түбегейлі шешуге атсалысу, үн қосу. Бұл ретте еңбек адамдарының мүдделері мен құқықтарын қорғау, әлеуметтік және экономикалық бағыттағы түйкіл мәселелерді көтеріп, оны осыған мүдделі құрылымдармен бірлесіп шешу.
Әрине,  тақырыбы да ауқымды, арнасы да кең, әділетті Қазақстанды құру ісінде сырт қалмай, осы келелі іске бәріміздің белсене үлес қосуымызды білдіреді. Мәселен, Ақмола облысын да толғандырған мәселе өте көп. Аталған қордың өңірдегі белсенді өкілдері ретінде осы проблемалардың оңтайлы шешімін табуына жұмыс жасайтын боламыз.

Прочитать остальную часть записи »

Қожа Ахмет Яссауи туралы не білеміз

Ислам әлеміндегі ұлы тұлғалардың бірі саналатын  атақты ғұлама, әулие сопы Қожа Ахмет Яссауидің есімі  қазақ  халқына кең танымал. Яссауидің Түркістандағы кесенесін білмейтін жан жоқ деуге болады. Дегенмен де, көп адамдардың ғұлама әулие туралы білетін бар білімі сол Түркістандағы кесенемен ғана шектеліп қалатыны жасырын емес. Әулиенің өмірі, еңбектері, ислам әлеміндегі орны жайында  осы саланың зерттеуші мамандары мен ғалымдар болмаса, екінің бірі біле қоймайды.

Қожа Ахмет Яссауи өмір кешкен 10-шы ғасырдың басы Орта Азияда ислам дінінің кең таралып, ол туып өскен бүгінгі Оңтүстік Қазақстан аумағында дінді қарапайым ұстанушылармен бірге дін саласының ғұламалары да көптеп шыққан кезең болды. Сол тұстағы  діни жағдайға байланысты халық арасында кең таралған «Түркістанда Түмен бап, Отырарда отыз бап, Самарқанда сансыз бап, ең үлкені Арыстан бап» деген өлең жолдары Орта Азияда сол кезеңде дін ілімінің қаншалықты деңгейде дамығанын көрсетсе керек. Бап  деген «қақпа» деген мағынаны білдіретін араб-парсы сөзі. Аллаға кіргізетін қақпа деген мағынада айтылған «бап» атауы дін ілімінде үлкен биіктерге жеткен ғұлама әулиелерге берілетін дәреже іспетті саналған.

Прочитать остальную часть записи »

Өзін өзі дамыту деген не және ол адамға не береді?

Өзін өзі дамыту (самосовершенствование) соңғы жылдарда сәнге айнала бастаған түрі бар. Ертеректе темекі тарту, арақ ішу «мәдениеттіліктің» белгісі саналып, оқыған, көзі ашық адамдар жасайтын іс ретінде сәнге айналса, енді өзіндік даму дегенге алдыңғы қатарлы адамзаттың саналы өкілдері жете назар аудара бастағаны аңғарылады. Бұл саланың маңыздылығы сонда, адам өзін өзі дамыту арқылы ойына алған барлық мақсаттарына жетуге жол ашады.

Өзін өзі дамыту деген не?

Қазақта «қарамаса әйел, бақпаса мал кетеді» деген сөз бар. Егер адам өзін-өзі жан-жақты жетілдіріп, дамытуға көңіл бөлмесе, ол дамымайды,  кері кетеді. Адам ғана емес, барша тіршілік үшін даму – өмірлік қажеттілік. Даму тоқтаса, өмір де тоқталады. Мәселен, дүниеге жаңа келген нәресте уақыт өте келе өсіп бала, онан жігіт, сосын ересек адам болып  дамиды.

Мұндай даму хайуанға да, өсімдіккке де тән. Яғни, тіршілік дегеніміздің өзі ұдайы қозғалыс пен дамып, жетілуге негізделген құбылыс сияқты. Даму тоқталғанда кері кету, яғни тоқырау басталады.

Прочитать остальную часть записи »

Аюрведа: денсаулықты жақсартудың ең тиімді тәсілі

Қазақ «бірінші байлық – денсаулық» деп текке айтпаған. Денсаулықтың қадірін ауырған адам жақсы біледі. Ал денсаулық өздігінен келмейді. Оны сақтау керек. Денсаулықты қалай сақтауға болады? Салауатты өмір салтын ұстану, диета сақтау, күн режимін сақтау – бұның бәрі де жақсы. Бірақ та, шынайы денсаулықты сақтау үшін олар жеткіліксіз. Осы орайда, назарларыңызға бес мың жылдық тарихы бар индиялық Аюрведа ілімінің денсаулықты сақтауға арналған қарапайым тәсілін ұсынамыз.

Денсаулық деген не?

Қарапайым пенделердің денсаулық туралы түсінігі де қарапайым. Олар үшін денсаулық дегеніміз – бұл тәннің саулығы, яғни ауырмай-сырқамай жүрсең, онда денсаулығың жақсы деген сөз. Ежелгі денсаулық туралы ғылым – Аюрведаның денсаулық туралы түсінігі бұдан біршама өзгешелеу. Енді соған назар аударып қаралық.

Аюрведаның түсінігі бойынша денсаулық деген – бұл ең алдымен тәннің саулығы, яғни ауырмай-сырқамай жүру. Содан кейін эмоциялық-психологиялық ахуалдың дұрыстығы. Бұл – адамның көңіл күйінің жақсы болып, уайым-қайғыға бой алдырмай дұрыс қалыпта болуы. Үшінші шарт: адамдармен дұрыс қатынастың болуы, яғни ешкіммен ренжіспей, ұрыспай-керіспей әрдайым тату-тәтті, жылы қатынаста болу. Төртінші шарт: рухани даму, яғни адамның бойында имандылық қасиет орнығып, әрдайым өзінің діни міндеттерін адал орындауы.

Прочитать остальную часть записи »

Алматыдағы жер  сілкінісі көп жайдың бетін ашты

«Апат айтып келмейді» дейді қазақ. Алматыда түн ортасында жер сілкінді. Сейсмикалық белсенді аймақ саналатын таудың етегінде орналасқан Алматыда жер сілкінісі ара-тұра болып тұрады. Бірақ та, үлкен апатқа ұшыратқан жер сілкінісі соңғы жүз жылдықта болмапты. Солай дегенмен де, қауіпті аймақта орналасқан қалада апат болмайды деп ешкім кепілдік бере алмайды. Өткен жылы Түркияда болған жер сілкінісінен мыңдаған адамның қаза тапқанын жақсы білеміз. Сондықтан қауіпті сейсмикалық аймақ саналатын екі миллион тұрғыны бар қалада тиісті қызметтер қатерге сақадай сай тұруы тиіс. Бірақ іс жүзінде олай болмай шықты.

Түнгі сағат екілерде болған жер сілкінісі кезінде көп қабатты үйлердің тұрғындары үйлерін тастап далаға шыққан. Апатты ескертетін қызметтер еш жұмыс істемеген. Кейін белгілі болғандай, бұл кәсіпорын экс президент Назарбаевтың немересі Нұралы Әлиевтің меншігінде екен.  Апатты ескертетін дабыл жұмыс істемеген. Ақауы болды ма, әлде қызметкерлерінің кінәсінен бе, белгісіз. Төтенше жағдайлар департаменті қатер туралы ақпаратты тек орыс тілінде ғана берген. Үйлеріне кіруге қорқып,  жер сілкінісі тағы қайталана ма деген қорқынышпен таң атқанша суықта далада жүрген  адамдарға бір де бір құзырлы орган өкілдері келіп, сөйлеспеген, істің жайын хабарламаған.

Прочитать остальную часть записи »

Ең жақсы қызметкер — ақша

Адамдардың көпшілігі бар өмірлерін, күш-қуаттарын ақша табуға арнап, ақшаға қызмет етуге жұмсайды. Тіпті, сіз көңіліңіз қалаған мамандық бойынша жұмыс істеп, сол жұмыстан рахат алғанның өзінде оның астарында ақшаға жұмыс істеу жатады. Өйткені, қанша көңіліңіз қалаған мамандық болса да, егер ақша төлемесе, онда сіздің жұмыс істемесіңіз анық. Ал өмірде ақшаны өзіне жұмыс істететін адамдар да кездеседі. Олар – инвесторлар.

Ақшаның көбейгіштік қасиеті бар

АҚШ-тың конституциясының авторы қоғам қайраткері Вениамин Франклиннің «Мынаны есіңе тұт: ақшаның көбейгіштік қасиеті бар» деген сөзі адамзат тарихында аталы сөз ретінде сақталып қалды. Осы сөздің ақиқаттығын ұғынып,  жәй ұғынып қоймай соны өмірде қолданып жүретін жандар бар өмірін ақшаға қызмет етуге арнағандардан өзгеше, ақшаны өзіне қызмет еткізіп қояды.

Прочитать остальную часть записи »

Ақша табудың тылсым тәсілі

Қазіргі нарық заманында ақша тапшылығын сезінбейтін адам кемде-кем шығар. Ақшаның жетіспеушілігі ойымызға алған көптеген істерді жүзеге асыруға үнемі кедергісін келтіріп жатады. Өзін өзі дамыту ғылымының сарапшыларының пайымынша, ақша тапшылығынан құтылып, ойымызға алған шаруаны жүзеге сыруға қажетті қаржыны табу қиын емес көрінеді. Енді осы тәсілге кеңірек тоқталайық.

Ақша жансыз жәй қағаз емес

Иә, ақша деген қағаздан жасалған жансыз зат емес, ол Жаратқанның қуаты, яғни жаны да, санасы да бар деп санайды индустар. Кванттық физиканың дамуына байланысты жанды, жансыз заттар туралы бүгінгі ғылымның да пікірі өзгеруде. Жалпы, мына әлемдегі барлық жанды-жансыз заттардың бәрі – қуат екен. Оған адам да кіреді. Ал қуат санасыз емес.

Қытайларыдң құдайдай сеніп қолданатын феншуи тәсілі – ойдан шығарылған қияли нәрсе еместігіне қазір көп адамдар сенеді. Осы тәсілді пайдалана жүріп, байлығына байлық қосып жатқандар бар. Яғни, мұндай тәсілдер жұмыс істейді деген сөз.

Прочитать остальную часть записи »

Білімді қалай алуға болады?

Білімді екі түрлі тәсілмен алуға болады екен. Латын тілінде оның нақты атаулары бар, дегенмен мәселе атында емес, затында болғандықтан, латынша былай дейді деп жаттап алған нәрсені  тықпалағым келмейді. Білімді алуға ықпалын тигізетін бұл екі тәсілдің жеткізер нәтижесі де екі түрлі. Біреуі шынайы білім алуға көмектессе, екіншісі алдамшы елесті қуып, уақытын ысырап қылуға ұшыратады. Енді білім алудың осы екі тәсіліне кеңірек тоқталайық.

Өз ақылымен ақиқатты тапқысы келетіндердің жайы

Білім алудың бірінші түрі: адам ешнәрсеге сенбейді, бәрін өз көзімен көріп, тәжірибе арқылы көзін жеткізгенде ғана оны шындық деп қабылдайды. Бүгінгі материалистік ғылым осындай түсініккке негізделген. Материалистік ғалымдар Құран,Інжіл сияқты қасиетті кітаптарған сенбейді, өйткені онда айтылған жайларды өз тәжірибелері арқылы анықтағылары келеді.

Мәселен, Құранда адамды Алла топырақтан жаратты деп айтқан. Бүгінгі ғылым адам топырақтан жаратылмайды, ол белоктан, басқа да қоспалардан жасалады деп пайымдайды. Осы түсінікті олар тәжірибе жүзінде дәлелдеуге күш салып келеді. Бірақ та, осы күнге дейін оны іс жүзінде дәлелдей алған жоқ. Соған қарамастан, ақылдан айрылған қыңыр ғалымдар алған беттерінен қайтпай, өз түсініктерін дәлелдеу үшін жанталасып жатыр.

Прочитать остальную часть записи »

Педофильдер неге көбейіп барады?

Нәпсінің құлақ кесті құлына айналған, ар-ұяттан жұрдай, адамшылық қасиеттен айрылып, хайуаннан да төмен деңгейге түскен педофиль деп аталатын пенделердің қатары жыл санап көбейіп барады. Бойы бекіп, бұғанасы қатпаған қыз немесе ер баланы зорлап, бүкіл өміріне өшпес дақ түсіретін мұндай пенделер қайдан шығады?

Адамды ақылдан айыратын  нәпсі

Адамның ақыл-ойын баурап алып, еріксіз өз дегенінен көндіретін және айтқанын істетіп, айдауына жүргізетін нәпсі атты күшке екі аяқты пенденің қарсы қояр жалғыз қаруы бар, ол – діни шарттарды орындап, шариғат жолымен жүру. Нәпсінің жетегіне ермеудің жалғыз амалы – осы.

Кез келген дәстүрлі дін нәпсімен күреске ерекше мән береді. Нәпсі деген жалғыз ер мен әйелдің бір-біріне деген құштарлығы емес, ол: мансапқа, атақ-даңққа, байлыққа, арақ-шарапқа, құмар ойындарына, басқа да осы дүниенің игіліктеріне деген құлшыныс.

Прочитать остальную часть записи »
Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика