Педофильдерге қарсы заңдарды қатайтуға не кедергі?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Өткен аптада қалың жұртшылықтың қатты шошытқан  5 жастағы бүлдіршінді айуандықпен зорлап, содан кейін алты жерінен пышақтап өлтірген Түркістан облысында болған қанды оқиғаға қатысты әлеуметтік желілерде адамдар ашу-ызаға толы өз пікірлерін айтып жатыр. Жан шошырлық бұл қылмыс жергілікті ауыл тұрғындарының ашу-ызасын келтіргені сонша олар адам бейнесіндегі айуанды (адам деп айтуға ауыз бармайды) өз қолдарымен жазаламақ болған. Дегенмен, құқық қызметкерлері мұндай жағдайға жол бермеді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сай, қазіргі күні қылмыскерлердің алдындағы ең осал топ – балалар болып отыр. Өздерін қорғауға дәрменсіз жас балалар қатыгез қылмыскерлердің құрбанына айналуда. Балаларға қатысты жыл сайын 2 мыңға тарта қылмыстар жасалады екен. Тағы бір сұмдығы, осындай қылмыстардың 70 пайыздан астамын сол жәбір көрген балалардың туыстары мен таныстары, көршілері, яғни айналасындағылар жасайтын көрінеді. Соңғы бес жылдың ішінде балаларға қатысты қылмыстар саны 40 пайызға көбейген. Сол қылмыстардың басым көпшілігі сексуалдық сипаттағы қылмыстар.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша,  күн сайын балаларға қатысты 6 қылмыс жасалады екен. Ал бұл қылмыстардың 70 пайызы қылмыстың алдын алу шараларының құқық қорғаушылар тарапынан дұрыс жасалмауынан, яғни полиция қызметкерлерінің өз міндеттерін салдыр-салақ орындауларынан болады дейді ол.

Түркістанда болған оқиғаға қайта оралайық. Қылмыс жасаған адам (адам бейнесіндегі айуан деген дұрысырақ болар) бұрын кісі өлтіргені үшін 10 жылға сотталып, мерзімінен бұрын босап шыққан. Бостандыққа шыққанына бір жыл толмай жатып ол біреумен арақ ішіп отырып жанжалдасып, әлгі танысын балтамен ұрып жаралайды. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс ашылғанымен, екі тараптың келісімге келуіне орай сот шешімімен 3 жыл мерзімге пробациялық бақылауда болу түріндегі жаза деуден гөрі, басынан сипап ескерту жасаумен іс жабылған. Кісі өлтірген және үш жыл полицияның бақылауында болу жазасына тартылған қылмыскерді бақылаудың орнына полиция оны жүген-құрығын сыпырып бос жібереді. Осыны пайдаланып есірген қылмыскер бес жастағы сәбиді үйіне алдап апарып, ойына келгенді жасап, содан кейін қылмысын жасыру үшін басына пакет кигізіп тұншықтырған және ол аздай 6 жерінен пышақ салып аяусыз өлтірген.

Сәбилерін жоғалтып зар илеген ата-ана полицияға барғанымен ондағылар міз бақпай мүлдем шара қолданбаған. Полицейлерден күдер үзген қыздың әкесі таныстырамен бірге өзі күдіктенген көрші тұратын сотталған күдіктінің үйіне барады. Бірақ оның үйінен қызын таба алмайды. Тек үшінші рет барып, үйін түгел тінтіп тексергенде қыздың көйлегі табылады. Осыдан кейін қылмыскердің қора-қопсысына дейін қарап, ақырсында үйдің шатырынан сәбидің қанға батқан өлі мәйітін тауып алады.

Айта кетерлік жай, полиция қызметкерлерінің осыншама бейқамдығы, өз міндеттерін жылы жауып қойып, мүлдем жұмыс істемейтіндігі осы оқиғадан анық байқалады. Жұртшылықтың үлкен пікірін туғызған осы оқиғаға қатысты Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев құзырлы органдарға іске жан-жақты тексеру жүргізіп, кінәлілерді жазалау қажеттігін және балаларға қатысты қылмыс жасағандардың жазасын қатайтуды тапсырды.

Балаларға қатысты қылмыстардың жыл өткен сайын белең алып, көбейіп бара жатуының бір себебі де осы қолданыстағы жазалау заңдарының азусыз жұмсақтығы екені даусыз шындық. Осыдан біраз жыл бұрын педофильдерді химиялық жолмен әтектеу туралы депутаттар мәселе көтеріп, заң қабылдаған еді. Шынын айтқанда, бұл заң пілді рогаткамен атқан сияқты еш әсерсіз азусыз заң екенін өмір тәжірибесі көрсетіп берді. Химиялық жолмен әтектеу деген – химиялық препараттар арқылы педофильдің нәпсіқұмарлығын уақытша тежеу. Препарат қабылдау тоқтасымен педофиль көзі аларып  бұқа сияқты тағы да құрбандарына шабады. Бұл арада мұндай жартылай өлі шараның еш әсері жоқ. Егер хирургиялық жолмен әтектеу, жалпақ тілмен айтқанда піштіру қолданылса, онда педофиль өле өлгенше ондай қылмыс жасау мүмкіндігінен айрылар еді.

Сондай-ақ, жас ер балалар мен қыз балаларды айуандықпен зорлап, өміріне үлкен залал келтірген қылмыскерлер 10-20 жыл көлемінде бас бостандығынан айрылады. Егер зер сала қарайтын болсаңыз, бұл кісі өлтіруден де ауыр қылмыс. Сондықтан оған қарсы жаза барынша қатаң болуы тиіс. Педофильдерге қатысты жаза бір ғана баптан тұруы қажет: ол өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы. Бес-алты жастағы баланы зорлаған жанды қайта түзеліп, дені дұрыс адам болады деу ақымақтық. Ондай адам бейнесіндегі хайуанды не атып тастау қажет (өкінішке орай біздің елімізде ату жазасы алынып тасталған), болмаса өмір бойына бас бостаныдғынан айырып, қоғамнан оқшаулау қажет. Басқа жол жоқ.

Президенттің өзі назар аударған бұл оқиға бүгінде каникулда шет елдерде демалып жатқан депутаттардың тарапынан қолдау тауып, болашақта балаларға қарсы қылмыс жасағандарды барынша қатаң жазалайтын заңдар қабылданар деген үміттеміз.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика