Реинкарнацияның өміріміздегі нақты дәлелі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Өлген соң қайта дүниеге келу, басқа тән алып өмірін жалғастыру дегенге көп адамдардың себейтіндігі белгілі. Бұған діни түсініктерді түгел теріске шығаратын материалистік атеистік түсінік кінәлі. Сонымен бірге, ислам, христиан сияқты дәстүрлі діндер де өлген адамның қайта туылу ұғымын мойындамайды. Міне, осы жайлар қазір адамдардың басым көпшілігінің реикарнацияны қабылдамай, оны теріске шығаруына ықпалын тигізіп отыр.

Реикарнацияға сенбейтіндер «мен өлген соң келесі өмірімде басқа адам, басқа ұлттың өкілі болып туамын ба, тіпті хайуанға айналамын ба, бұл ақылға сыймайтын іс қой» дейді. Өмірдің мәңгілік екендігіне сенбейтіндер реинкарнацияның барлығына нақты дәлелдер келтіруді талап етіп, тіпті ондай дәлелдер болған күннің өзінде бұны ойдан шығарылған алаяқтық деп теріске шығарып жатады. Өткен өмірін есіне түсіріп, оны нақты істерімен дәлелдеген жайлар әлемнің әр түкпірінде болған және ондай оқиғалар туралы БАҚ айтып, жазып та жүр. Ол туралы кітабымыздың алдағы тарауларында жеке және толық тоқталатын болғандықтан, ол жайында айтпай тұра тұрғанымыз жөн.

Реикарнацияға сенбейтіндер, оған нақты дәлел келтіруді талап ететіндер мына жайға назар аударса, шындыққа көздері жете түсер еді. Адам дүниеге келгенде алақандай ғана тәні бар салмағы бірнеше келі тартатын қызылшақа сәби болады. Ал ол өскен сайын толысып, жетіліп, түрі де, дене пішімі де өзгере бастайды. Қазіргі ғылым адамның тәнінің келаткалары әрбір 7 жылда бір рет толық өзгеріп, жаңғырып отыратындығын растайды. Бүгінгі салмағы 25-30 келі тартатын кішкентай бала, арада біраз жылдар өткенде 70-80 келі тартатын атпалдай азамат болып шығады. Әлгі әлжуаз бала мен атпал жігіттің түрі де, дене бітімі де бір-біріне мүлдем ұқсамайды.

Мен бала кезімде бір сыныпта оқыған, тіпті бір партада отырған баланы арада көп жылдар өткесін кездестіріп қалдым. Ол мені, мен оны танымадым. Өйткені жасымыз елулерге келген біздің сыртқы түр-тұрпатымыз бала кездегіден мүлдем басқа еді. Тек сұрастыра келе бір-бірімізді танып, сырт бейнеміздің қатты өзгеріп кеткенін айтып, таң-тамаша қалдық.

Енді мынаған көңіл қойыңыз: реинкарнация деген ескі тәнді тастап, жаңа, басқа тәнге ие болу ғой. Адамның тәні әрбір 7 жылда өзгеріп, клеткалық  деңгейде түел қайта жаңғырып отырса, реикарнация деген осы емес пе? Бұған көз жеткізу үшін өзіңіздің бала кезіңіздегі, орта жастағы, одан кейінгі кезеңдегі суреттеріңізді алып, салыстырып байқаңыз. Ол суреттегі адамдар бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Яғни, басқа адамдар. Егер адам бір өмірінің ішінде ғана тәнін әлденеше рет өзгертіп отырса, онда өлген соң басқа тән алып, қайта өзгеруін неге теріске шығаруға болады?

Енді мынаған ақыл көзіңізбен қарап байқаңыз: сыртқы бейнеңіз, тәніңіз қанша өзгергенмен, ішкі жан дүниеңізде өзгермейтін, тұрақты сақталып қалатын бір нәрсе бар, ол — сіздің «Меніңіз». Оны дін тілімен «жан» немесе «сана» деп атап жатады. Қалай десе де, сол өзгермейтін «мен» сіздің сыртқы бейнеңіздің өзгеріп отыратындығына назар аудармай, өзіңізді үнемі бір тұлға ретінде сақталып келе жатқандай сезіндіреді. Сіз, тіпті сыртқы кейпіңіз қатты өзгеріп кеткеніне, ұзақ уақыт көрмеген танысыңыздың бұған қатты таң қалғанын естісеңіз де, оған онша көңіл бөлмейсіз. Сыртқы бейнеміздің ұдайы өзгеріп жататынына ет үйреніп кеткені сонша, біз оны қалыпты жағдай сияқты санаймыз және көңіл де бөлмейміз. Шындығында, реинкарнацияның нақты белгісінің бір дәлелі  осы біздің сыртқы бейнеміздің ұдайы өзгеріп отыратындығы емес пе.

Гүлден гүлге қонып қалықтап ұшып жүретін көбелектер алғаш жұмыртқадан құрт болып шығады. Бауырмен жорғалап жүретін құрт күндердің күнінде қанат бітіп, қалқып ұшатын көбелекке айналады. Шындығында, құрт пен көбелек бір-біріне мүлдем ұқсамайтын тіршілік иелері ғой. Егер құрт көбелекке айналса, онда реинкарнация заңдылығы негізінде тіршілік иелерінің бір формадан екіншісіне айналып жататындығына  таңғалауға бола ма?

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика