Рухани даму үшін білім қажет

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Сіз қай жолды таңдап, рухани дамуға қол жеткіземіз десеңіз де, бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен білім қажеттігін ескеруіңіз шарт. Білімсіз жасаған тағат ибадаттарыңыздың бәрі желге ұшып, сізге көк тиын пайда әкелмейді. Керісінше, ондай діни парыздарды орындау арқылы апарадха, яғни дінді қорлауға жол беріп, күнәға белшеңізден батасыз.

Кез келген фәни әрекетті жасау үшін білімнің қажеттігін ешкім теріске шығармайды. Мысалы, өзеннен өтетін көпір салу қажет болды делік. Ол көпірді оның құрылысынан хабары жоқ біреу салатын болса, құрылыс барысында қателіктерге бой алдырып, ертең құлап қалуы, тіпті апатқа ұшырап, адамдар жазым болуы мүмкін. Сондықтан көпір құрылысын салуға осы саланың білікті маманы тартылуы қажет. Сол сияқты дінде де білімсіз алға жылжу еш мүмкін емес.

Атақты ғалым Альберт Эйнштейн «Ғылымсыз дін – соқыр, дінсіз ғылым – ақсақ» деген екен. Ғылым мен дін біріккенде ғана нағыз білім келеді. Қазір өкініштісі сол, ғылым бір бөлек, дін бір бөлек. Бұдан ғылым да, дін де ұтып отырған жоқ, керісінше біреуі ақсақ, екіншісі соқырға айналып, мүгедек хал кешуде.

Ислам діні алғаш орныққан кезде ғылыммен бір болды және сол тұста ислам адамзат өркениетін дамытуға елеулі үлес қосқан көптеген ғалымдарды шығарды. Екінші ұстаз атанған Әбунәсір Әл Фарабидің ғылыми трактаттарында Аллаға сыйынушылық жиі кездеседі. Фараби мықты ғалым ғана емес, жүрегіне иман ұялаған мұсылман да болды. Өкінішке орай, кейін келе ислам діні ғылымнан бөлектеніп, соның нәтижесінде соқыр фанатизм үстемдік алды. Бүгінде мешіттерде айтылатын уағыздарды тыңдасаңыз, «Пайғамбарымыз былай деген екен, сахабалар бүйткен екен» деген ертегі, аңыз түрінде болып келеді. Бұдан үлгі-өнеге алуға болар, бірақ ол ешқандай да білім бермейді.

Білім дегеніміз не? Білімнің ғылыми анықтамасы мынадай: білім – бұл пайдалы ақпарат, жәй ақпарат емес оны нақты іс жүзіне пайдаланып, нақты нәтжеге жету қажет. Яғни білім дегеніміз – пайдалы ақпаратты тәжірибеде қолданып нақты нәтижеге жету. Ал сіз имамдар мен молдалардың айтқан уағыздарын нақты өмірде тәжірибеде қолданып, нәтижеге жете аласыз ба? Жоқ. Ол ақпараттардың пайдасы болуы мүмкін, дегенмен нақты өмірде кәдеге жарамаса, нақты нәтиже бермесе – ол білім емес жәй ақпарат болып қалады.

Мәселен, есекке кітап артқанда ол ақылды болып кетпейді. Есек үшін кітап та, тас та жүк. Сол сияқты пайғамбардың өмірі мен айтқандары жайында пайдалы ақпаратты күнде тыңдаған адам білімді болып кетпейді.  Нақты білім адамның мінез-құлқын, өмірге деген ұстанымын және жалпы өмірін өзгертеді. Ал күнде мешітке барып, имам-молдалардың уағызын тыңдай жүріп мінезі еш өзгермей, бұрынғы ұстанымын сақтап, бұрынғыша өмір сүретін адамды білімді деуге болмайды.

Білімді қайдан, қалай алуға болады? Біздің бұл саладағы түсінігіміз мынаған саяды: білімді мектептен немесе оқу орындарынан оқып аламыз немесе өз бетіңше кітаптан оқып та білім алуға мүмкіндік бар. Бұны теріске шығаруға болмайды, дегенмен бұндай білім көбіне фәни, яғни материалдық ғылымға байланысты болмақ. Ал дін ілімі немесе рухани білімді біз дін ілімін терең меңгерген ұстаздан аламыз немесе өз бетімізше өмірден үйреніп, ақыл-зердеміз арқылы алуымызға да болады. Енді осыған кеңірек тоқтала кетейік.

Ұстаз арқылы берілетін дін ілімін тек жүрегіне имандылық ұялаған және жоғарыда айтып кеткеніміздей, парампара, яғни ұстаздан шәкіртке берілетін тізбе сақталған мектептен ғана алуға болады. Өкінішке орай, осындай талапқа жауап беретін шынайы ұстаздар бүгінде өте аз. Ұстазға қол тапсыру рәсімі – бұл шәкірт ретінде ұстаздың айтқандарын түгел істеу, оны Құдайдың өкілі деп санау және айтқан өсиет-тапсырмаларын мүлтіксіз орындау. Қол тапсыру рәсімінен кейін ұстаз бен шәкірт мойындарына белгілі бір міндеттерді алады. Ұстаз шәкіртіне ілім-білім үйретіп, рухани жетістіктерге жеткізуді мойнына алса, шәкірті ұстазына толайым бағынып, айтқандарын бұлжытпай орындауды міндеттенеді. Міне, осы еке шарт сақталғанда шәкірт ұстазынан нақты білім ала алады.

Адамның өз бетінше ұстазсыз білім алатын жайлары да болады. Бұндай жағдайлар көп кездеспейді және оның қауіп-қатері де аз емес. Өйткені, Құдайдың өкілі болып табылатын ұстаздан әрдайым ақыл-кеңес, көмек алып отыратын шәкіртке қарағанда, өз бетінше ілім іздеген адам өз ақылы мен қажыр-қайратына және Құдайдың мейрім-шапағатына ғана иек арта алады. Шримад Бһагаватам кітабында бойына имани қасиеттер орныққан әулиеден бір патшаның осындай табысқа қалай жеткені туралы сұрағына ол өзінің 25 ұстазының болғандығын, солардан үйренгендігін айтып жауап береді. 25 ұстазын тарата айтқан әулие ол ұстаздарының қатарында Жер, Күн, Ай, ағаш, ауа, тау сияқты табиғат нысандары, оған қоса түрлі аңдар мен жануарлар бар екенін мәлімдейді.

Қытайға дханур вед ілімін апарған Бодхидхарма кейін өзі үйреткен ілімді қытайлық буддашы монахтардың жетілдіріп, сан салалы білімге айналдыратынынан бейхабар болған еді. Қызығы сол, қытайлық буддашылар у-шу атаған қорғану ілімін түрлі аң-құстардың қорғану тәсілдері арқылы дамытты. Жолбарыс стилі, айдахар стилі, маймыл стилі деген тәсілдер пайда болды. Бұлардың бәрі аттары аталған аңдардың қорғаныс тәсілдерінің негізінде жасалған әдістер еді.

Өз бетінше ақиқатты танығысы келген адам табиғаттан үйреніп, сол үйренгендерін тәжірибеде қолдана отырып, нақты нәтижелерге жетеді. Ұстазының айтқанын мүлтіксіз орындау арқылы қысқа мерзімде биік нәтижелерге жететін алғашқы тәсілге қарағанда өз бетінше ізденіп, көрген-түйгендерін іске асыру арқылы ақиқатты тану қиын ғана емес, көп уақытты талап етеді.

Буддизм дінінің негізін қалаған Будда Шакьямунидің «Көз арқылы білім алу – тобырға арналған, ал жүрек арқылы берілетін ілім – таңдаулыларға арналған» деген сөзінің астарында шынайы ілімді қалай алуға болатыны нақтыланған. Шынайы білімді адам жүрегінен алады. Көз арқылы, яғни сезім мүшелері арқылы берілетін білім толымсыз, ал жүрек арқылы алынған ілім – толымды.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика