45 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Соңғы жылдарда сәнге айнала бастаған діндарлық ұстанымды ұстайтындар мен кеңес заманында құдайсыздықты санасына сіңірген материалистік түсініктегі адамдардың ұғымынша, сайтан деген шұбатылған құйрығы бар, ыпынсыз қорқынышты тіршілік иесі немесе ол надан діншілдердің ойдан ышғарған ертегілері. Сайтан туралы көп адамдардың пікірлері негізінен осындай ұғымға жақын келеді.

Азғындар мен қаныпезерлер қайдан шығады?

Биыл көктемде Татарстанның орталығы Қазан қаласындағы мектептердің бірінде оқушы балалар мен мұғалімдерді атып, біраз адамның өмірін қиған қанды оқиға әлемді дүр сілкіндірген еді. Кейін белгілі болғандай, мұны жасаған сол мектепті бітірген жас жігіт екен. Ал енді оның осындай қатыгез қылмысқа бару себебі, тіпті ақылға сыймайды.

Тергеу барысында мынадай жай анықталды. Бұрын қой аузынан шөп алмайды дейтін момын және ешкіммен онша араласа қоймайтын жігіт күндердің күнінде желкесін күдірейтіп, өзін құдаймын деп айды аспанға бір-ақ шығарады. Оның мынадай сандыраған айналасында жүрген біраз адамдар естиді. Қарапайым ет пен сүйектен жаратылған пенденің кенеттен барша әлемді жаратқан Құдайға қалай айналып кеткені белгісіз.

Дегенмен, ешкіммен араласпай көбіне интернеттен ақпарат алып өзімен өзі жүретін жігіттің бұл сөзін айналасындағылар қияли сандырақ деп қабылдап, онша мән бере қоймайды. Бірақ та, өзін шынымен құдай санаған әлгі жігіт соны дәлелдеу үшін біраз адамның жанын алып, құдай екендігін көрсеткісі келеді. Сөйтіп, аңшылық дүкенінен сатып алған мылтығы мен бір сөмке оқ-дәрісін арқалап мектепке келеді. Бұрын осы мектепте оқыған жігітке ешкім назар аудара қоймайды. Содан ол қанды басың бері тарт, деп көзіне көрінген адамды бала демей, басқа демей пытырлатып ата береді.

Осыдан біраз жыл бұрын Ресейдің тағы бір қаласында көшеде бірнеше адамды атқан орта жастағы кісі бұл әрекетін азып кеткен қоғамды түзеу үшін жасадым деп түсіндірген еді. Ал Алматыда жезөкше қыздарды өлтіріп, етін боршалап котлет етіп жеген екі жігіт өздерін қоғамды жезөкшелерден тазартып жүрген «санитарлармыз» деп сенген. Кәмелетке толмаған ұлдар мен қыздарды зорлайтын педофил дегендердің де бұл әрекеттерін ақтап алатын өз түсінік-ұғынымдары бар. Солардың әрекеттеріне қарап, ой таразасына сала келе, бұл адамдарға сырттан белгісіз бір тылсым күштің ықпалы бар екендігін түйсінуге болады.

Ой – вирус

Компьтеріңізге вирус кіріп кетсе, пайдалы ақпараттарыңыз сақталған фаилдарды бүлдіріп қана қоймай, ондағы ақпараттарды ұрлап алып, өз кәделеріне жаратып жататындар бар. Бұл әсіресе, ақшаға қатысты. Соңғы жылдарда банктердің сайттарына бұзып кіріп, клиенттерінің ақшаларын ұрлайтын хакерлердің әрекеттері белең алып барады.

Ал сайтанның әрекеті де сондай хакерлердің ақпарат ұрлаған  қылмысына ұқсас. Олар ой арқылы адамның санасына енеді де, білдірмей басқа жаман ойларды санасына сіңіре бастайды.  Өмірге деген берік көзқарасы қалыптаспаған, санасы әлжуаз пенделер әлгіндей оғаш ойдың қайдан келгенін, қайда апаратынын сезбестен, бірден елігіп, соған ере жөнеледі.

Әлгі Қазан қаласының мектебіндегі қанды оқиғаны жасаған бозбаланы алып қаралық. Санасы қалыптаспаған, интернеттен алатын әртүрлі ақпараттардың ықпалында жүрген рухы әлсіз бозбала санасына сайтан енгізген азғырынды жаман ойды ақиқатқа балап, өзін құдаймын деп сезінеді. Ақыл-есі дұрыс адамға өте оғаш көрінетін бұндай ой әлгі жігітке нағыз ақиқаттың өзі болып сезілгені анық.

Кванттық физиканың дамуымен ғылымда көп өзгерістер орын алуда. Соның бірі – адам ойының материялдық қуат екендігіне қатысты түсінік. Иә, ой деген түрлі толқындар туғызатын материалдық қуат екен. Кәдімгі радитотолқындар сияқты. Радиотолқындарды таратсаңыз, оны қабылдағыш арқылы қабылдаған адам сіз жіберген ақпаратты тыңдай алады. Сол сияқты сайтан ой арқылы рухы әлсіз жандардың санасына еніп, азғыра бастайды. Соңғы жылдарда ақылға сиымсыз өте оғаш әрекеттер жасайтын пенделер қатары көбейіп барады.

Мәселен, мына оқиғаға назар аударып қараңызшы: осыдан бірнеше жыл бұрын әйелі, бала-шағасы бар орта жастағы ер адам бес жастағы қызды көлігіне отырғызып алып, саяжайына апарып зорлайды. Содан кейін қылғындырып өлтіреді. Абырой болғанда бүлдіршін өлмей тірі қалады. Бірақ ол ауруханада жатып жан тапсырды. Кейін қылмыскер қолға түсті. Ал енді әйелі бар еркектің бес жастағы бүлдіршінді зорлап, содан кейін қылғындырып өлтіруіне не себеп болғанын ұғынып көріңіз. Мұндай оғаш ойдың санасына қайдан келгенін әлгі адамның өзі де сезбеген сыңайлы.

Түйін: Сайтан бар және ол біз ойлағандай құйрығы шұбатылған, көзге көрініп қорқытатын құбыжық емес, ол параллел өлшемде нәзік тәнмен тірлік кешетін тіршілік еисі және ол адамдарды көріп, оларыдң не ойлап жатқанын біліп, сезіп отырады. Және ол ой арқылы адамның санасына әсер ете алады, яғни иландырып, еліктіре алады. Рухы әлсіз, діннен, имандылықтан аулақ пенделер сайтанның азғырынды ойларына оңай елігеді. Одан қорғанудың жалғыз жолы:  өзіңіз ұстанатын дәстүрлді діннің дұғаларын оқып, арақ-шарап, есірткі сияқты сананы тұмандандыратын заттардан аулақ болу, жағымды, жақсы нәрселер туралы ойлап, күнакарлықтан, азғындықтан, жаман ақпараттардан алыс болу.  

Интернеттен ақша табу, инвестиция, халық емі, қашықтан жұмыс істеу, т.б. тақырыптарға байланысты барлық пайдалы ақпараттарды түгел бір сайттан - PAIDALY AQPARAT сайтынан таба аласыз. Сайтқа мына сілтеме арқылы кіріңіз: https://seixun.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика