Сиқыр туралы не білеміз?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Сиқыр дегенді көбіміз сахнада түрлі таңғажайыптар көрсететін көзбояушылық деп түсінеміз. Шындығында сиқыр қолдың шеберлігі арқылы жасалатын фокус қана емес. Сиқыр туралы қасиетті Құранда айтылған. Дін ілімін терең меңгерген ғұлама әулиелер көрсететін таңғажайыптар керемет деп аталса, керісінше сайтани ілім арқылы жасалатын таңғажайыптар сиқыр болып саналады. Сиқыр негізінде адамдарға залал жасау арқылы белгілі бір мақсатқа жетуді немесе түрлі игіліктерге қол жеткізуді мақсат етіп жасалады.

Қазіргі заманда сиқыр бар ма?

Өзінің бастауын ертедегі Бабыл (Вавилон) патшалығынан, тіпті онан да ертерек заманнан алатын сиқырдың адамзатқа берілуіне әзәзіл сайтанның тікелей ықпалы болғандығын ислам діні ғұламалары еңбектерінде айтылады. Сиқыр дінмен қатар жарыса дамып, оны ұстанатындар ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру арқылы сайтани өнерді бүгінгі күнге дейін алып келді.

Қазақша дуалау деп аталатын дерттің астарында сиқырдың жатқаны белгілі. Біздің қай-қайсымыз да туыстарымыз немесе таныстарымыздың арасында сондай дертке ұшырағандарды көріп, болмаса солар жайлы естіп білу арқылы бұл жайтқа куә болып жүреміз. Біздің бір апайымыз дуаланғанын өзі үнемі айтып жүретін. Ол ақыл-есі дұрыс сияқты жүргенімен, ара-тұра есіріп, ақылдан айрылып қалатын.

Өткен жылы қолыма бір дискі түсе қалды. Онда әйелі дуалаған орыс жігітін ислам дінін ұстанатын молланың емдегені көрсетілген. Молла әлгі жігіттің басына қолын қойып тұрып Құраннан аяттар оқығанда жаны шыға жанталасқан жігіттің ішіндегі жынмен сөйлесіп, оны ақырсоңында қуып шықты.

Сиқырды не үшін жасайды?

Сиқыр өнерін үйрену анау айтқандай қиын емес. Оны үйренген адамдардың негізгі мақсаты сол арқылы ақша табу және өзіне ұнамайтын адамдарға залалын тигізу болып келеді. Сондықтан да бұл өнер оны үйренген адамның өзіне де, айналасындағыларға да үлкен залалын тигізбек.

Сиқырды көбіне өзі ұнатқан жігітті қаратып алуды ойлайтын қыз-келіншектер, болмаса керісінше қызды айналдыруды мақсат еткен ер адамдар жасап жатады. Осындай жолмен қосылған ерлі-зайыптылардың өмірі бақытты болмайды. Еркінен тыс байланған олардың некесі де тұрақты емес.

Сиқыршы қағазға жазылған сиқыр дуаны құрбандығының киіміне жасырын тігіп қою немесе тіпті, суға езіп ішкізу сияқты тәсілмен сиқырлайды. Сиқырланудың белгісі – адам дел-сал күйге түсіп, басы ауырады, жаман қорқынышты түстер көреді, еркінен тыс әлденелер жасуға бейім тұрады.

Сиқырдан қалай арылуға болады?

Дуаланған адамды қазіргі медицина емдеуге қауқарсыз. Олар адамның тәніндегі дертті іздеп, соны жазамыз деп уақыт өткізеді. Шындығында сиқырлану – бұл тәннің емес, психиканың ауруы. Оны тек дін ілімін меңгерген молдалар мен имамдар ғана жаза алады. Егер бойыңызда жоғарыда аталғандай белгілер білінсе және дәрігер сізді ауру емес, денсаулығыңыз жақсы деп диагноз қойып жатса немесе дертті анықтай алмаса уақыт өткізбей діндар тақуа адамдарға көрінген жөн болады.

Құдайға деген сенімнен айрылған атеистік қоғамда өмір сүрген бүгінгі ұрпақтың басым көпшілігі сиқыр дегенге сенбейді. Шындығында ол бар және сондай дертпен ауырған адамдар жер-жерде кездесіп қалады.

Сіз ешқашан да сиқыр арқылы мақсатқа жетуге талпынбаңыз, өйткені ол жасаған адамға да, сізге де тек залалын тигізбек. Сондай-ақ, сиқырдың құрбаны болған жағдайда тәннен дуаны алып тастай алатын дін өкілінің көмегіне сүйеніңіз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика