Сумен ашығу

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ашығуАшығудың пайдасы туралы аз айтылып, жазылып жүрген жоқ. Десе де, көп адамдар осындай арзан әрі қолжетімді денсаулықты нығайтудың тәсіліне көңіл бөлмей жатады. Бүгінде белең алып кеткен жүрек, қантамыр ауруы, рак, асқазан аурулары, стресс, басқа да дерттердің бәрі дұрыс тамақтанбаудың салдарынан болатыны медицина қызметкерлеріне ғана емес, көкірек көзі ашық әрбір жанға жақсы белгілі.

Сумен қалай ашығуға болады?

Ашығудың әр түрі бар, ең залалсызы және пайдалысы – сумен ашығу. Оның мәні мынада: сіз тамақ ішіп-жемейсіз, тек суды ғана тұтынасыз. Бұның бір жақсы жері: су ішіп жүргендіктен, аштықты онша сезінбейсіз және аштық салдарынан болатын әлсіздіктен де аулақ боласыз. Сумен ашығу қиындықсыз өтеді және адам ағзасына көп пайдасы бар.

Жаңа ашығуды бастаған адам алдымен бір тәуліктен бастағаны жөн. Аптасына бір рет бір тәулік ашығыңыз. Оны демалыс күндері жасаған дұрыс болады. Қандай су ішкен жөн? Буландырылған (дистилденген), бұлақ немесе құдықтың суын ішкен дұрыс болады. Қайнаған суды немесе краннан алынған суды пайдалануға болмайды. Минералды суды ішудің зияны жоқ.

Суға бал, жеміс шырынын араластырып ішу, шәй, кофе, басқа да сусындар ішу – ашығу кезінде ағзаларыңыздың тазаруына, артық майды жоюға көмегін тигізбейді. Бұндай сусындар ішкен кезде асқазанда сөл бөлініп, қорыту белсенділігі сақталады. Соған орай, осындай сусындар ішкен кезде жүйке жұқарып, бас ауруы пайда болуы мүмкін.

Қанша су ішуге болады?

Сумен ашығу кезінде қанша су ішкіңіз келсе, сонша ішуге болады. Негізінен адамдардың көбі тәулігіне орта есеппен 1,5-2,5 литрдей су ішеді. Тек жүрек талмасы дерті бар адамдарға ғана осы мөлшерден аз су ішу қажет.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, алғашқы кезде аптасына бір тәулік сумен ашығуды бастаған жөн. Ал, кейін үйрене келе, 2-3 тәулікке дейін созуға болады. Егер залалсыз болса және өзіңізді жақсы сезінсеңіз 72 сағатқа дейін ашығудың залалы жоқ.

Ашығудан шығу

Ашығу кезінде ең басты назар аударатын мәселе – ашығудан шығу жайы. Сіз ашығу мерзімі аяқталған соң бірден етті, майлы күшті тағамдарға бас қоймауыңыз керек. Жеміс-жидек, көкөніс салаттары сияқты жеңіл-желпі тағамдарды тұтыныңыз және қанша күн ашықсаңыз, одан шығу да сонша күнге созылуы қажет.

Мәселен, үш күн ашықсаңыз, онда үш күнге дейін жеңіл-желпі тағамдар жеу керек. Әсіресе, етті, майлы тағамдардан аулақ болыңыз. Сонымен бірге, бұл уақытта арақ-шарап ішуге мүлдем болмайды.

Ашығушыларға кеңес

Ашығар алдында тамақты көп жеуден бой тартыңыз. Ең дұрысы: кешкілік сүзбе, көкөніс салаты сияқты жеңіл-желпі кешкі ас ішіңіз. Содан ертеңіне таңертеңнен бастап кешке дейін су ғана ішіңіз. Бұл – бір тәуліктік ашығу. Ал, екі-үш тәуліктік ашығу кезінде тек сумен шектелу қажет.
Ашығудың алғашқы күнінде көңілді тыныштандыратын музыкаларды тыңдап, таза ауада серуендеген жөн. Физикалық және ақылмен белсенді айналысатын істерден аулақ болу керек.
Егер екінші күні де өзіңізді жақсы сезінсеңіз, онда 72 сағаттақ ашығуға кедергісіз көшуіңізге болады. Далаға серуенге шыққанда жылы киініңіз.

Ашығу барысында байқалатын алғашқы кездегі әлсіздік, ұйқысыздық кейін келе жоғалады. Тіліңіздің ұшындағы сары немесе ақ түсті түйіршектер кейін жоғалып кетеді. Одан қорқудың жөні жоқ. Аузыңызға келген сілекейді жұтпай, түкіріп тастап отырыңыз. Ашығу кезінде улы заттар денеден шығады, сілекейде де сондай залалды заттар болады.

Сумен ашығудың пайдасы

Ең алдымен, ағзаларыңыздағы иммунды қуат көбейеді. Бұл қуат бойыңыздағы барлық ауруларға қарсы тұратын, адам денсаулығын қорғайтын қуат.

Адам ағзасы тазарады. Ас қорыту сияқты ауыр бейнеттен құтылған ағзалар тынығады, соған орай психикалық тынығу, яғни уайым-қайғыдан арылып, жүйкенің тынышталуы байқалады.
Ашығудың тағы бір үлкен пайдасы: бір күнгі ашығу адам ағзасын үш айға жасартады дейді ғалымдар. Яғни, адам неғұрлым көп ашықса, соғұрлым жасара түспек.

Артық салмақтан зардап шегіп жүргендер үшін ашығудың ең үлкен нәтижесі: бойдағы жиналған майдан арылу, артық салмақтан құтылу болып табылары анық.

Түйін: Қазақ «Бірінші байлық – денсаулық» дейді. Деніңіз сау болып, өзіңізді сергек сезінгіңіз келсе, артық салмақтан арылып, жеңіл-қунақ жүргіңіз келсе, стресс, депрессия сияқты дерттерден аулақ болып, ең бастысы, кәрілікке бой алдырмаймын десеңіз, онда ашығыңыз. Ашығудың ең тиімді және жеңіл тәсілі: сумен ашығу.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика