Тәубе деген не және ол адамға не береді?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Дәстүрлі діндердің бәрінде тәубеге келу ерекше орын алады. Мәні зор осындай діни шарт саналатын тәубе дегеннің өзі не? Тәубенің діни мәні сан алуан десек те, негізгі мәні – Жаратқанның берген игіліктеріне қанағат етіп, осындай игілік берген Аллаға ризалығын айту, сол үшін өзін Жаратқанның алдында қарыздар сезіну. Сондай-ақ, жасаған күнәлары үшін өкініп, осы үшін шын ниетімен Алладан кешірім сұрау да тәубеге жатады.

Тәубесін ұмытқан пенделер.

Қазақта «құдайдан қорықпағаннан қорық деген сөз бар. Жүрегінде иманы жоқ, Алланы мойындамайтын адам нәпсінің құлақ кесті құлына айналады және тойымсыз нәпсінің жетегімен ойына не келсе, соны жасауға бейім тұрады. Жыл өткен сайын белең алып бара жатқан қылмыстар мен арсыздықтардың астарында адамдардың иманнан аулақтап, тәубе дегенді естен шығаруы жатқаны даусыз.

Егер ақылға салып қарайтын болсақ, Алланың адам баласына берген игіліктерін санап тауыса алмайсың. Біз барша өміріміз, тірлігіміз үшін түгелдей Жаратқанға қарыздармыз. Бізге тән, күш-қуат, ақыл, сана, сезім, қабілет берген Алланың нығметтерін естен шығару дін тілімен айтқанда күнә болса, адами түсінікке салсақ, арсыздыққа жатады.

Мәселен, сіз біреуге үлкен жақсылықтар жасап, үнемі көмек көрсетіп тұрасыз. Ал ол болса сіздің жасаған жақсылығыңызды қаперіне де алмайды және оны айтасыз сонша игілік жасап жатқан сізді мойындамайды, айтқаныңызды тыңдамайды, адам деп санамайды. Бұл – адами қасиетке жата ма?

Тәубені ұмытудың қандай залалы бар?

Тәубесін ұмытқан пенденің бойында қатыгездік, сараңдық, нәпсіқұмарлық, дүниеқоңыздық, мансапқорлық сияқты жаман қасиеттер берік орнығып, оны қарақан басын ғана ойлайтын өзімшіл, өркөкірек етеді. Мұндай адам әдетте өз мүддесі үшін басқаларға үнемі залалын тигізіп, мақсатына жету үшін неше түрлі арамдыққа, қулық-сұмдыққа барып жатады.

Журналист, жазушы Елеусіз Мұратовтың «Сәттік ғұмыр» деп аталатын әңгімесінің басты кейіпкері Жұмабек байлық пен мансапқа сүйеніп, өзгелерге көп қиянат жасайды. Ақырсында қатерлі ісік дертіне шалдыққан ол өлім халінде жатып та тәубесіне келмейді.

«Жұмабектің құлағы шыңылдап, жүрегі шаншыған. Өткен өмірінен өкініштен басқа түк те таппады. Ендеше өлімнен несіне қорқады. «Сәл шыдасам болды емес пе, сәл ғана шыдайын, одан кейін түк сезбестен түпсіз қараңғылыққа батамын да кетемін» Өзін өзі жұбатқан Жұмабек соңғы демін алып, қалғып кетті…»

Он екі мүшесі аман, дені сау болып, үлкен мансапқа, содан кейін байлыққа қолы жеткен Жұмабек өзгенің жас әйелін тартып алады. Мұны ол қиянат та, күнә да деп санамайды. Иманнан жұрдай, құдайсыздық көзқарасты санасына сіңірген ол Жаратқанның берген игіліктері үшін алғысын айтып, тәубесіне келуді ажал алдында жатып та ойламайды. «Сәл шыдайын, сосын қараңғы түнекке мәңгі сіңіп жоғаламын» деген оның ойының астарында өзі жасаған жамандықтар үшін жауап бермеймін деген пасық ниет жатқаны анық. Бұл – бар өмірін, жамандықпен өткізген, нәпсінің құлақ кесті құлы болып өткен пенделердің ұстанымы.

Әрине, мұндай жандар байлығы мен мансабының арқасында бұл дүниенің билеушілерін түгел сатып алады. Сондықтан, ондайлар ойларына келгенді жасап, айналасына қанша залалын тигізіп жатса да, жазадан аулақ болады. Бірақ, Жаратқанның сотынан құтылушы жоқ. Дегенмен, өздерін «о дүние деген мәңгі қара түнек» деген жалған сеніммен алдайтын ондайлар ешқашанда тәубесіне келмейді.

Ал енді сіз көз алдыңызға мына жайды елестетіп көріңізші: егер адамдардың бәрі осы әңгіменің кейіпкері Жұмабек сияқты ойлап, Алланы, қиямет сотын теріске шығарып, нәпсісі қалаған нәрсені жасаса, мына дүние не болар еді? Онда Американы алғаш ашқаннан кейінгі кезеңдегі «ковбойлар» дәуіріндегідей, кім күшті болса, әлсізді зорлап, қорлап, өлтірер еді. Яғни, мына дүниеде заң да, мемлекеттік құрылым да болмас еді. Адамдар осылайша тағы аңға айналар еді.

Құдай оңдағанда, адамдардың бәрі бірдей Жұмабек сияқты ойламайды және құдайдан, оның қиямет сотынан қорқып, тәукбесін естерінен шығармайтындар бар. Міне, дәл сондай иманды адамдар мына өмірдің тірегі және өркениеттің ұстыны. Имансыз адамды тағы аңмен салыстыруға болады, яғни ондай пенденің хайуаннан түк те артықшылығы жоқ…

Елеусіз Мұратовтың «Қасірет» атты әңгімелер жинағын блогымыздың «Ктаптар» бетінен тегін жүктеп алуларыңызға болады. Кітап туралы ой-пікрлеріңіз бен ұсыныстарыңызды «пікір» терезесі арқылы қалдыруларыңызға мүмкіндіктеріңіз бар.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика