Тағы да короновирус туралы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазақстан ғана емес, қазір жер шарындағы барлық елдер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия деп жариялаған короновирус дерті әкелген қатерді бастан өткеріп отыр. Темірдей тәртіптің арқасында болар, Қытай дерттің таралуын тоқтатып, ауыздықтаса, Батыс Еуропа елдерінің біразында жұқпалы дерт белең алып, жұрттың үрейін алуда. Таңертеңгі деректерге қарап отырып, біздің елімізде бір түнде 41 адамнан осы дерт табылып, короновирусты жұқтырғандар саны 191-ге жетіпті.

Ауру адамға не үшін қажет?

Ресей жұртшылығына жақсы танымал емші, өзін өзі дамыту ғылымының сарапшысы Валерий Синельниковтың аурудан қалай сақтану, оны емдеу, адамның бақытты болу тәсілдері туралы жазған кітаптары мен видеокурстары интернетте көп. Доктор Синельниковтың айтуынша, аурудың жаман жақтарымен қоса, жақсы қырлары да бар.

Ауру адамның ағзасында жиналып қалған лас қуаттарды шығаруға ықпалын тигізеді. Ал вирустардың пайдасы, тіпті аз емес дейді ол. Вирустар өз бетінше адам, жалпы тіршілік иелерінің денсаулығына қатерлі емес. Рас, вирустар ауруды қоздырып, тұмау сияқты кейбір дерттерге жол ашады. Дегенмен, ол аурулар адам ағзасын жиналып қалған лас қуаттардан тазартады.

Егер біз айналамызға ақыл көзімен байыппен қарайтын болсақ, Жаратқанның бір де бір тіршілік иесін немесе жанды-жансыз затты тектен текке жаратпағанын бағамдар едік. Адам үшін қатерлі жау сияқты сезілетін аурудың да өз орны, адам өміріне тигізер пайдасы жетерлік дейді доктор Синельников.

Короновирус қауіпті ме?

Адамзат тарихында короновирус дертінің қазіргідей кең таралмаса да, жекелеген елдерде орын алған кездері болған. Бұл дерт оншалықты қауіпті болып саналмайды. Мына дерекке назар аударып қараңызшы: 2018 жылы бір британиялық институт короновирус вирусын паттенттеп алады. О заман да, бұ заман, вирусты паттентеу дегенді бұрын-соңды естіген емес едік. Дегенмен де, британиялық институттың бұл әрекетіне ешкім ол тұста көңіл бөлмейді. Айдан жер телімін сатып алып жатқан адамдарды қазір ешнәрсемен таңқалдыруға болмайтыны белгілі.

Содан 2019 жылдың соңында АҚШ-та короновирусқа қатысты ғалымдар мен медицина мамандарының жабық мәжілісі өтеді. Онда не қаралғаны Аллаға ғана аян. Дегенмен, осыдан кейін көп ұзамай, яғни биылғы жылдың  ақпан айында Қытайдың Ухань қаласында короновирус эпидемиясы орын алды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бұрын қауіпсіз саналып келген вирусқа байлынысты шыққан ауруды пандемия деп тануы отқа май құйғандай халық арасында үлкен үрей туғызды. Ал эпидемия Қытай аумағынан шығып, әлемнің басқа елдеріне жете бастағанда, БАҚ арқылы короновирус туралы адамның үрейін ұшыратын неше түрлі ақпараттар ағыла бастады.

Вирус тараған батыс Еуропа елдерінің көпшілігі шекараларын тарс жауып, елде төтенше жағдай енгізді. Төтенше жағдайдың не екенін естігеніміз болмаса, көзбен көрмеген біздер де короновирустың арқасында бұл құбылыспен бетпе-бет келуге мәжбүр болдық. Еліміздегі ең үлкен қалалар Астана мен Алматыда карантин жарияланып, жұрттың үйден шығуына тиым салынды. Бұл қалаларға сырттан ешкімді кіргізбейді және іштен тірі жанды шығармайды.

Карантин жарияланған қалалардағы көпшілік жиналатын мекемелер мен кәсіпорындар түгел жұмысын тоқтатты, бүгін банктердің қызметі тоқтатылғаны жарияланды. Осылайша еліміздегі ең үлкен мегаполистер «өлі қалаларға» айналды.

Жұрттың үрейін ұшырған короновирус дерті несімен қауіпті? Бұл сауалға жауап беріп жатқан сарапшылар мен ғалымдардың, мамандардың сөзін тыңдасақ, егер алдын ала ауыздықтамаса дерт барша әлемді шарпып, миллиондаған адамның өмірін әкетуі мүмкін.

Бірақ та, осы эпидемия туралы бірқатар ғалымдар мен сарапшылардың пікірі мүлдем басқа. Жоғарыда айтқан Валерий Синельников  короновирус деген жәй тұмау сияқты адамға сонша үлкен залал әкелмейтін дерт. Оны халыққа құбыжық етіп көрсетіп, жұрттың үрейін ұшырудың астарында саяси, экономикалық, қаржылық арам пиғылдар жатыр дейді ол.

Эпидемия қанша адамның өмірін қияды?

2009 жылы өршіген шошқа тұмауы әлем халықтарының 35 пайызын құрайтын 21 елге таралып, 400 мыңдай адамның өмірін қиғандығы белгілі. Ал 2015 жылы белең алған құс тұмауы 1,5 миллион адамға жұғып, 270 мың адамға ажал құштырды. Дегенмен де, сол кезде бір де бір ел төтенше жағдай жариялаған жоқ.

Қазір барша әлемнің үрейін ұшырып отырған короновирус дертіне бүгінгі күнге дейін 500 мыңнан астам адам шалдығып, олардың 25 мыңнан астамы өлген екен. Синельниковтың айтуынша, короновирспен ауырған 100 адамның 3-5-уі өледі. Яғни, өлім деңгейі 4-5 пайыздан аспайды. 1,4 миллиард халқы бар Қытайда 80 мыңнан астам адам ауырып, 4 мыңдайы ажал құшқан.

Осы көрсеткішті негізге алған Синельников  150 миллион халқы бар Ресейде 8 мыңдай адам ауырып, 400-дейі қайтыс болады деп болжам жасайды. 2009 жылы 400 мың, 2015 жылы 270 мың адамның өмірін жалмаған шошқа және құс тұмауымен салыстырғанда қатерлілігі біршама төмендеу короновирус дерті сонда несімен  қауіпті? Бұл сауалдың жауабын  оны қатерлі пандемия деп жариялаған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы білмесе, басқа ешкім жауап бере алмасы анық.

Бірақ мына нәрсе дау туғызбас шындық: карантин жариялап,  жұмысты тоқтатқан әлем елдерінің экономикалары осының салдарынан тұралап, жер шарын түгел қамтитын үлкен дағдарыстың орын алу  қаупі күшейе түсуде. Ол Қазақстанды да сырт қалдырмасы анық. Бұл дағдарыс короновирус дерті әкелген  зардаптардан әлдеқайда ауыр болатын сияқты.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика