Таңғажайып мантра

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

тәубеИндустардың ежелден келе жатқан рухани практикасында мантраның (дұғаның) орны ерекше. Санскрит тілінде жазылып, айтылатын мантралардың көмегімен күнадан тазарып, рухани даму жолына түсуден бастап, түрлі дерттерден айығу, еңсені езген ауыр ойлардан құтылып, көтеріңкі көңіл күйге бөлену, жолы ашылып, қырсықтан құтылу, қауіп-қатерден сақтану  сияқты игі әсерлері аз емес.

Құдіретті маха мантра

Таяуда Тайванда бір мезгілде 35 мың адам қатысқан шара өтті. Будда дінін ұстанатын монахтар мен қарапайым адамдар бірлесіп дауыстап санккрит тіліндегі маха-мантраны қайталаған. Мантраны қайталауға буддизм дінінің храмдарда жиі орындалатын дұға оқу әуені пайдаланылған.

Кейінірек буддашы монахтар өз әсерлерімен бөлісті. Олардың айтуынша, маха мантраны әндету барысында бойларын белгісіз қуаныш сезімі билеп, көңіл күйлері күрт көтерілген. Кейбіреулердің естеріне әсерлі жайлар түсіп, көздеріне жас алған. Дін қызметкері Хаиюн: «Дін ұлттық және нәсілдік жіктелулерден биік. Буддизм алғашында Индиядан бастау алғандықтан болар, осы дінді ұстанушылар үшін оның туған жерінің орны айрықша. Барлық діндер Абсалютті Ақиқатты түйсінуді әртүрлі жағдайда  білдіреді. Егер адамдардың Ақиқатты түйсіну әсері басқа діни дәстүрлерде бізге қарағанда жоғары болса, оны қабылдауымыз қажет» -деді.

Маха мантра депрессияны жояды

АҚШ-ғы бір жоғары оқу орнында  студенттер арасында мынадай тәжірибе жүргізіледі. Топ студенттерінің бір бөлігі күнделікті өмір сүру дағдысын ұстанса, екінші бөлігіне күн сайын таңертең ерте тұрып, міндетті түрде жарты сағат маха мантраны қайталау тапсырылады. Арада бір ай өткенде маха мантраны қайталайтын студенттер мен қалыпты жағдайда өмір сүретін студенттердің мінез-құлқын, күнделікті іс-әрекеттерін таразылап, бағалайды.

Сонда мынадай жай анықталған: маха мантраны қайталаған студенттердің көңіл күйлері көтеріліп, өздерін сергек сезінетіндігі, оқу процесін бұрынғымен салыстырғанда біршама жақсы қабылдайтыны, соған орай үлгірімдері де жақсарғаны, айналасындағылармен қарым-қатынастары жақсарып, сабырлы, байыпты және кешірімді бола түскені анықталады. Тіпті, олардың біразы темекі тарту, арақ-шарапқа құмарлық сияқты жаман әдеттерінен де бой тарта бастапты.

Соңғы жылдарда АҚШ-та маха мантраның адамға психикалық әсерін анықтауға ғылыми негізде жете көңіл бөліне бастағандығы байқалуда. Бұған себеп: осы елдің үлкен қалаларында көбейіп кеткен кришнайттардың маха мантраны әндетіп көшеге шығу дәстүрлері, олардың үнемі күлімсіреп, көңілді жүретіндігі, темекі, арақ-шарап, есірткі сияқты тәуелді ететін жаман әдеттерден аулақтығы сияқты жайлар.

Елдің беделді психолог мамандары жыл өткен сайын адамдар арасында белең алып бара жатқан стресс, депрессия сияқты жүйке дерттері мен суйцидтің көбеюіне, жүйкелері жұқарған пенделердің психолог мамандарға жиі жүгінетіндігіне алаңдап, бұл қатердің жолын кесу амалдарын қарастырған. Осы орайда, маха мантраны үнемі қайталап жүретін кришнайттардың арасында мұндай келеңсіз жайлардың мүлдем кездеспейтіндігі таңғалдырып, бар себептің маха мантраға байланысты екендігі анықталған.

Мантраны қалай қайталауға болады

Индустардың діни дәстүрінде түрлі мантралар (дұғалар) аз емес. Бірақ, солардың арасында маха мантраның (санскрит тілінен алғанда – басты дұға деген мағынаны білдіреді) орны ерекше. Бұл мантраның құдыреті туралы ежелден келе жатқан Ариньякия упанишад кітабында мынадай сөз бар: харер нама, харер нама, харер нама кевалам, алау насти, эва насти, эва гатир анярдха.

Бұның мағынасы мынадай: Мынау күнә мен арсыздық белең алған күнакар ғасырда күнадан арылып, тазарудың жалғыз жолы маха мантраны қайталау, одан басқа жол жоқ, одан басқа жол жоқ, одан басқа жол жоқ.

Міне, осы маха мантраны қайталау арқылы кез келген пенде күнәсінен оңай тазарып, жүрегіндегі Құдайға деген үміті мен сенімін, ақыр соңында махаббатын арттыруына мүмкіндігі бар дейді. Вайшнав теологтарының айтуынша, маха мантраны кез келген жерде, кез келген жағдайда қайталауға болады. Тіпті, оны шомылып жатып та, көлікте отырып та, тамақ ішіп жатқан кезде де қайталауға болады.

Маха мантра 16 сөзден тұрады: Харе Кришна, Харе Кришна, Кришна, Кришна, Харе, Харе, Харе Рама, Харе Рама, Рама, Рама, Харе, Харе. Мантраны ішіңізден өзіңіз түсінетіндей етіп қайталауға, даусыңызды ақырын шығарып қайталауға да болады. Оны таңертең ерте тұрып қайталаған жөн, сонда әсері күшті болады.

Түйін: егер сізді желкеңізден езген ауыр ойлар мен тұрмыс тауқыметінен, өмірдің қиындықтарынан  туған көңіл күйіңізді түсіретін жаман ойлар мазаласа, өзіңізді бақытсыз сезініп, көңіліңіз құлазыса және осындай жаман көңіл күй жиі жаныңызды мазаласа – онда күнде таңертең 15-20 минут маха мантраны қайталап көріңіз. Бұл сізден көп уақытты, көп күш-қуатты, басқа да құрбандықтарды қажет етпейді. Ең бастысы, тегін. Нәтижесі: өте қысқа мерзі ішінде, бірер жеті өтпей жатып сіз бойыңызда сабырлылық, байыптылық, кешірімшілдік, қайрымдылық, адамдарға деген жылылық қасиеттерді сезіне бастайсыз. Көңіл күйңіз өзгеріп, өзіңізді сергек сезініп, көңіліңіз көтеріледі және басқа әсерлерді сезенісіз. Бұл – АҚИҚАТ. Маха мантраның құдыретін сезінгіңіз келсе, қасиетті 16 сөзді қайталап байқаңыз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика