Табиғаттағы әйелдің орны

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Інжіл, Құран сияқты дәстүрлі діндердің қасиетті кітаптарында  ең алдымен еркек жынысты бір адамның жаратылғандығын, содан кейін барып, оның тәнінен әйелдің жаратылғандығы туралы айтылады. Құран аяттарында Адам ата жаратылып, бір күн өткен соң ұйықтап жатқанында оның қабырғасынан әйел жынысты – Хауа ананың жаратылғаны  айтылған.

Әйел не үшін жаратылды?

Веда ілімінің қайнары болып табылатын Шримад Бһагаватам кітабында жаратушы періште Брахманың адамзатты көбеюге ынталандыру мақсатында әйелді жаратқаны айтылған. Бұған ұқсас нәрсені ежелгі грек мифтерінен де табуға болады. Грек мифтерінде ерте заманда андрогин деп аталатын ерекек жынысты адам тәрізді тіршілік иелері өмір сүргендігі айтылады. Бір жынысты андрогиндер кәмелет жасына толған соң орнында тұрып шайқатылғанда артқы тесігінен сұйықтық шығып, ол қатып жұмыртқаға айналатындығы, ал белгілі уақыт өткенде жұмыртқадан басқа андрогин өсіп шығатыны жазылған.

Жалпы, Құранда, Інжілде айтылған жайлардың бәрі аңыз түрінде берілгенімен, өмір шындығы екендігін уақыт өткен сайын ғылым анық дәлелдеуде. Сонымен, Адам ата деп жүрген еркек жынысты тіршілік иесі грек мифтеріндегі бір жынысты андрогин екеніне көз жеткізе аламыз. Шримад Бһагаватамда бір жынысты саналы тіршілік иелері көбіне Құдай жолына түсіп, дүниені тәркі етуге бейім болғандықтан, жаратушы періште Брахма адамдарды көбейтуге ынталандыру мақсатында оның тәнінің ең көрікті жерлерінен әйелді жаратқаны айтылған.

Әйелді жаратудағы жалғыз мақсат – ер адамды өзін тән санап, фәни дүниенің қызығына берілуге, ұрпақ жалғастырып, отбасылы болуға ынталандыру екен. Әйелдің табиғаты сондай – ол фәни дүниеге қатты байланған және осы дүниенің қызығын барынша татуға өте ынталы. Әйел өзі ғана рахат алуға ынталанып қоймай, ер адамды да азғырып, соған жетелейді.

Құран мен Інжілдегі Адам ата- Хауа ана жайлы аңызға назар аударып көрелік. Ібіліс адамды азғыру үшін жылан бейнесінде келіп, ағашта өсіп тұрған алманы жеуге үгіттейді. Бірақ  Адам ата сайтанның тіліне ермейді. Ал табиғатынан фәни дүниенің қызығына жақын Хауа ана ібілістің сөзіне бірден елігіп, өзі елігіп қана қоймай, Адам атаны азғырып, ақырсында  тыйым салынған алманы жеп, жұмақтан қуылады.

Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа

Қазақ халқының осы бір нақылының ақиқаттығын өмірде дәлелдейтін жайлар өте көп кездеседі. Әсіресе, әйелдің тілін алатын ер адамдар өзіне де, өзгелерге де залалын тигізетін жамандықтарға ұрынып жатады. Осы орайда, веда өркениетіндегі мына ұстанымның дұрыстығын өмір анық дәлелдейді: веда өркениетінде әйел адам  әрдайым ер адамның қамқорлық, қорғауында болуы тиіс.

Бала кезінде қыз әкенің қамқорлығында болса, бәлиғат жасына толған соң күйеуге шығып, күйеуінің қамқорлығында болады. Егер күйеуі қайтыс болса, қартайған шағында ер балаларының бірінің қамқорлығына алынады. Әйелді өз бетінше жіберу – бұл қоғамды құртатын ең қатерлі қадам.

Қазір әйел мен ер адамның теңдігі туралы жиі айтылады. Гендерлік саясат үстемдік алған Батыс елдеріне қарап көріңіз. Бұл елдерде шын мәнінде әйелдер ерлермен тең емес, керісінше азғындықтың құрдымына құлап, ерлердің құмарын қандыратын қуыршаққа айналған. Шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақтың бір қызы «түнде жезөкшеге айналып, күйеуімнің барлық айтуға ұят арсыздықтарына көнемін, күндіз  жұбайы сияқты жүремін» дейді.

Көшеге шығып қарасаңыз, тіпті кәмелетке толмаған жас қыздардан бастап, кексе тартқан егде әйелдерге дейін ұятты жерлерін көрсетіп, ашық-шашық жүретінін, тылтитып тар киім киетінін көрсесіз. Бұндағы жалғыз мақсат: ер адамдардың жабайы құмарлығын қоздырып, нәпсінің қызығына шексіз берілуге құлшындыру. Мөңке би бабамыздың айтқан: «ақыр заман боларда су тартылар, қарап тұрған жігітке қыз артылар» дегені қазір келген тәрізді. Қыз-келіншектердің жеңіл жүріске бейімдігі сонша, ұлтына, дініне, нәсіліне, жасына қарамай, еркек болса жақындаса кетуге әзір тұратындар көбейді.  

«Қайда соғыс болса, сол жерден әйелді ізде» деген Напалеонның сөзінің астарында үлкен шындық бар. Әйел адам еркекті фәни дүниенің қызықтарына барынша тежеусіз беруліге үздіксіз және үнемі азғырып жүреді. Әйелдердің осындай қасиетін пайдаланып, жалаңаш әйелдің суретін беріп жарнамалайтындар көбейді. Ер адамдар жарқыраған әйелдің суретіне қарап арбалады да, жарнаманы оқып, қажетсіз  болса да әлгі затты алып жатады.

Жыл өткен сайын кәмелетке толмаған жас ер және қыз балаларды зорлайтын педофил дегендер, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жақындасуына ынталы геи, лесбиан дегендердің көбейіп бара жатқаны байқалады. Қазақстанда жезөкшелікке заң жүзінде тыйым болса да, тәнін сатып ақша тапқысы келетін қыздар қатары жыл санап көбеймесе, азаяр емес. Әйелдер арасында темекі тарту, арақ ішу, нашақорлық белең алуда. Бұның бәрі дәстүрлі діндерде қатаң тыйым салынған: әйелдерді бетімен ашық-шашық жүруге, жалпы қоғам өміріне кең араласуға қойылған шектеулердің жоқтығынан болып отырғаны анық.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика