Posts Tagged ‘ғаламтор’

Ғаламтор адамның санасын ғана емес, қоғамды да өзгертуде

ақшаХХІ ғасырды жұртшылық бүгінде «ақпарат ғасыры» атап жүр. «Кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді» деген сөз қазіргі заманның нақылына айналған. Ақпараттың барлық игіліктің алдына шығуына ғаламтордың тигізіп отырған ықпалы аз емес екені белгілі.
Ғаламтор жыл санап қарқынды дамып барады. Ол бүгінде пайдалы ақпарат алып, бос уақытты көңілді өткізуге арналған құрал болудан қалды. Миллиондаған адам бүгінде ғаламтор арқылы ақша тауып, соны күнкөрістік кәсіпке айналдырған.

Ғаламтор ашқан жаңа мүмкіндіктер.

Интернет-бизнес деген кәсіптің жаңа түрі бүгінде алдыңғы қатарлы елдерде қоғамға елеулі әсер ететін ықпалды топқа айналды. Ғаламтор арқылы күректеп табыс тауып, миллионер, миллиардер болып жатқандар аз емес.

Read the rest of this entry »

Қарапайым және жеңіл табыс көзі

интернет бизнесБүгінде Қазақстанда интернетті пайдаланушылар саны 10 миллионнан асып жығылады. Дегенмен адамдардың көбі интернетті тек ақпарат алу немесе түрлі фильмдер көріп, ойы ойнаудың құралы деп санайды. Шыныдғында ғаламтор арқылы жақсы табыс табуға да болады. Сіздердің назарларыңызға екі жылдан астам уақыт жұмыс жасап келе жатқан монеу-вирдс деп аталатын ойын-жобаны ұсынып отырмын.

Жарты миллионнан астам адам қатысатын сервис

Бүгінгі күні жобаға 588554 адам тіркеліп, жұмыс жасап жатыр екен. Бір күннің ішінде 285 адам тіркелген. Осы кезге дейін Read the rest of this entry »

Ғаламторға тәуелділер қатары көбейіп барады

вирус21-ші ғасырдың ең үлкен жаңалығы – интернет десе болады. Қазір интернет қалада да, ауылда да қолжетімді болып отыр. Содан ба, ғаламторды пайдаланушылар қатары жыл санап өсіп барады. Қалаған ақпаратыңды қас қағым сәтте табуыңа жағдай жасайтын ғаламтордың жақсылықтарымен бірге, жаман жақтары да аз болмай тұр.

Ғаламторға байланған балалар

Әлі санасы толық бекіп, қалыптаспаған балалардың арасында ғаламторға байланып, соған тәуелділікке түскендер қатары көбейіп барады. Күндіз-түні компьютердің алдында отыратын Read the rest of this entry »

Ең қайтарымы мол инвестиция – білім

электронды ақшаҚазақта «білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген мақал бар. Яғни, күш білекте емес, білімде. Мұсылманның қырық парызының бірі білім алу деп көрсетілуі де тектен-тек болмаса керек. Бірақ та, бүгінде көп адамдар білімнің құдіретіне сенбейді және оған онша көңіл бөлмейді.
Яндекстің http://wordstat.yandex.ru/ сілтемесі арқылы бір айда қандай сөзді қанша адам іздегені туралы мәліметке назар аударып көрелік. Ақша деген сөзді – 7565, байлық дегенді – 3955 адам бір айда сұрау салу арқылы іздеген екен. Ал «білім таусылмайтын байлық» деген сөзді бір айда небары 20 адам ғана іздепті. Осыған қарап, жұрттың білімді байлықтың бастауы деп санамайтынын аңғарғандай боласың.

Әлемдегі ең бай адамның жоғары білімі жоқ.

Сенесіз бе, әлемдегі ең бай адам саналатын – Билл Геитстің жоғары білімі жоқ екен. Ол гавард университетіне оқуға түсіп, оны бітірмей тастап кетеді. Өйткені ол оқып жүріп, өзі жасаған Read the rest of this entry »

Ақпарат ғасырының адамдары

интернет бизнес21-ші ғасырды ақпарат ғасыры атап жүр. Өйткені қазір ақпаратты алудың мүмкіндігі мол және ақпарат деген ақшаға сатып алатын тауарға айналды. «Ақпаратты билеген әлемді билейді» деген сөз бүгінгі заманның басты ұстанымы болып отыр. Міне, осындай ақпарат заманында өмір сүріп отырған біздер заман талабына қаншалықты бейімделе алдық?

Интернет жүйесінде өз үлесіңіз бар ма?

Интернет қазір ақпарат таратудың ең негізгі көзіне айналды. Ғаламторға кіріп, ақпарат іздеушілер қатары күн санап өсіп барады. Осындай үлкен сұранысқа ие ақпарат таратушы алаңда сіздің өз телім-үлесіңіз бар ма?

Read the rest of this entry »

Ғаламторды қалай пайдаланып жүрміз?

сурет1Қазақстанда интернетті пайдаланушылардың саны 10 миллионнан асыпты. Ғаламтор қазір қолжетімді болып алды, оны компьютер арқылы ғана емес, планшет, сматрфон арқылы да пайдалануға болады. Осындай қолжетімділігінен болар, қазір екінің бірі, әсіресе жастар жағы интернетті жиі қолданады.

Интернеттің залалды әсері

Интернеттің залалы жайында ақпарат құралдары аз айтып, жазып жатқан жоқ. Дегенмен де, соған адамдардың көбі оншалықты құлақ аса қоймайды. Тек бастарына тигенде ғана бармақтарын шайнап жататындар бар.

Read the rest of this entry »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика