Записи с меткой «ғылым»
80 жыл бойы тамақ ішпеген адам
Индияда тұратын 89 жастағы Джани Прахлад 80 жылдан бері тамақ ішпей өмір сүріп келеді. Ол, тіпті су да ішпейді. Бұлай болуы мүмкін бе? Қазіргі ғылым адамның сусыз, тамақсыз өмір сүретініне сенімсіздікпен қарайды. Соған орай, ғалымдар Джани Прахладты бірнеше мәрте арнайы зертханада тексеруден өткізген. Бірақ, үндістандық тамақсыз өмір кешетін азамат өзінің шынында да ештеңе ішіп-жемейтінін іс жүзінде дәлелдеген.
Бұл қасиет пе, әлде табиғи құбылыс па?
Джани Прахладтың айтуынша, 8-9 жасқа келген шағында түсіне индуизм дінінде фәни жалғанның иесі болып табылатын Кали тәңірия кіріп, оның тіліне қолын тигізіп, баланың бойына ерекше қуат құйған. Міне, содан бастап ол тамақ ішіп-жемейтін болған. Қызығы сол, не су ішпейтін, не тамақ жемейтін ол басқа адамдар сияқты қалыпты өмір кешуде.
Гиннестің рекордтар кітабына енген Ангус Барбьери 382 күн тамақ ішпеген екен. Оның салмағы 207 келі тартқан. Ауыр салмақтан зардап шеккен жігіт артық салмағын тастап, қалыпқа түскісі келеді. Осылайша, ішіп-жеуден тыйылады. Тек аздап су ішіп, витамин қабылдайды. Ол дәрігерлердің қатаң бақылауында болады. Сөйтіп, 382 күндік ашығудан кейін артық салмақтан арылып, қалыпқа түседі.
Прочитать остальную часть записи »Діндар деген кім?
Кеңес заманында адамдардың 99 пайызы дінсіз – атеис еді. Ал қазір жағдай керісінше. Осыған қарап, діндарлар саны көбейіп кеткен екен деген ой тууы мүмкін. Шындығында, жағдай басқаша. Дәстүрлі діндердің бірін ұстанып, өздерін діндармын деп санайтындардың бәрі бірдей имандылық жолында жүрген тақуа емес.
Дін – адамды имандылыққа түсіретін жол
Таяуда бір танысым қоярда-қоймай ауыз ашарға шақырды. Шынын айтқанда, өзім ораза ұстамағандықтан, ауыз ашарға бара қомаймын. Өйткені, ауыз ашар өте кеш беріледі, сондықтан кеш жатуға тура келеді. Ал менің өзіме белгілеп алған күн тәртібім бойынша кешкі сағат 10-нан кешікпей ұйқыға жатамын, таңертең 4,30-да оянамын. Ал ауыз ашарға Прочитать остальную часть записи »