өлімҰстаз өзінің шәкірттерімен жағажайда әңгімелесіп отырды. Жағажайда шолақ дамбал киіп жүгірген жас жігіт пен қария ұстаз бен шәкірттері отырған тұста қарсы ұшырасты. Бейтаныс қарт пен жігіт бір-біріне көздерінің астымен немқұрайды қарап жүгіріп өте шықты. Сол сәт ұстаз шәкіртеріне қарап, «көрдіңбер ме, шал мен жігітті?» деп сұрады. Ұстазының не айтпақ болғанын түсіне алмаған шәкірттері оған аңтарыла қарасты.

Уақыт тоқтамайды

«Қарсы ұшырасқан олар бір-біріне қарағанда не көрді?» деп сұрады ұстаз шәкірттерін әңгімеге тартып. Ұстаздарының сауалының астарында бір мән бар екендігін ұққан шәкірттері өздерінше долбарлап әртүрлі себептер айтты. Бірақ ешқайсы да ұстаздың ойын дөп баса алмады. Шәкірттерінен жөндемі жауап ала алмаған ұстаз бір кезде: «бір-біріне қараған олар өздерін көрді» деді. Мына сөздің байыбына бармаған шәкірттер оған аңтарыла қарады. Шолақ дамбал киіп (далее…)

өлім«Өзекті жанға бір өлім» деген сөз тірі пенденің ешқашан ажалдан қашып құтыла алмайтынын анық аңғартқандай. Дегенмен де, түптің түбінде келмей қоймайтын сол ажалды адамдардың көбі еш қаперіне алмай алаңсыз тірлік кешеді. Ондайлар ажалды тек өлім сәтінде ғана есіне алып, болмай қоймайтын бұл құбылысты еш дайындықсыз, бейхабар күйде қарсы алады.

Өлімнен кейін не бар?

Адам маймылдан жаратылған деген Дарвиннің жалған ілімін санасына сіңірген аға ұрпақ өкілдерінің көбі өлімнен кейін де өмір (далее…)

ажалӨзекті жанға бір өлім деген сөз бар қазақта. Өлмейтін пенде жоқ. Біреуге ерте, біреуге кеш келетін ажал тірі жанның бәрін жалмайтын тойымды білмейтін тажал сияқты. Бес күндік ғұмырында тірі пенде ажалды еске алмай мәңгі жасардай сезініп, еш қаперсіз күн кешеді. Ал өткен әрбір күніміз ажал атты аяушылықты білмейтін қатыгез жендетті жақындата түспек. Өлімді ойламау, өлімнен құтқармайды. Сондықтан, өлім атты еш пенде қашып құтыла алмайтын және түптің түбінде келмей қоймайтын құбылыс туралы толымды біліміміз болғанда ғана ажал алдындағы қорқыныштан арылып, ажалдан кейінгі беймәлім әлемге дайындық жасай алмақпыз.

Өлім өмірдің мәңгі өшіп жоғалуы ма?

Кеңес заманында туып өскен атеистік тәлім-тәрбие алған бүгінгі аға ұрпақ өкілдерінің көбі өлім деген мәңгі ұйқы іспетті, тәннің өлуімен бірге өмір де мәңгі өшіп жоғалады деп түсінеді. Ал дәстүрлі (далее…)

Яндекс.Метрика