Ұстаз өзінің шәкірттерімен жағажайда әңгімелесіп отырды. Жағажайда шолақ дамбал киіп жүгірген жас жігіт пен қария ұстаз бен шәкірттері отырған тұста қарсы ұшырасты. Бейтаныс қарт пен жігіт бір-біріне көздерінің астымен немқұрайды қарап жүгіріп өте шықты. Сол сәт ұстаз шәкіртеріне қарап, «көрдіңбер ме, шал мен жігітті?» деп сұрады. Ұстазының не айтпақ болғанын түсіне алмаған шәкірттері оған аңтарыла қарасты.
Уақыт тоқтамайды
«Қарсы ұшырасқан олар бір-біріне қарағанда не көрді?» деп сұрады ұстаз шәкірттерін әңгімеге тартып. Ұстаздарының сауалының астарында бір мән бар екендігін ұққан шәкірттері өздерінше долбарлап әртүрлі себептер айтты. Бірақ ешқайсы да ұстаздың ойын дөп баса алмады. Шәкірттерінен жөндемі жауап ала алмаған ұстаз бір кезде: «бір-біріне қараған олар өздерін көрді» деді. Мына сөздің байыбына бармаған шәкірттер оған аңтарыла қарады. Шолақ дамбал киіп (далее…)

