Бір де бір тірі пенде қашып құтыла алмайтын үш қатер бар, ол: ауру, қартаю және өлім. Ауырғысы, қартайғысы, өлгісі келетін пенде жоқ, бірақ бұл үш қатер шақырмай-ақ есігімізден баса көктей кіріп, төрімізді жайлап алады. Кеше ғана бүлдіршіндей құлпырған қыз бен бұлықсыған жігіт араға біраз жылдар салып бүкірейген кемпір мен бүкшиген шалға айналады. Бұл – өмір заңы.
Адам қалай қартаяды?
Қартаю туралы бүгінде ғылым түрлі пікірлер айтып, қартаймаудың амал-тәсілдерін табу үшін жанталасып жатыр. Дегенмен, өмір заңын өзгерту әзірге мүмкін болмай тұр. Ақшаға бәрін сатып алуға болады дейтін қазіргі нарық заманының өзінде миллиондаған, тіпті миллиардтаған ақшасы бар (далее…)