Posts Tagged ‘қиындық’

Қиындық жауыңыз емес

Адамдардың көбі қиындықтан қорқады. Олар өмір жолым тақтайдай тегіс, жеңіл болса, ойлаған арман-мақсаттарымның бәрі жедел және оңай орындалса деп тілейді. Шындығында жеңіл жолмен келген игіліктің берекесі болмайды және қиындық адамды шыңдап, өмірге бейімделуге көмегін тигізеді. Яғни, қиындық жауымыз емес, керісінше досымыз.

Қиындықпен келген дүние берекелі болады.

Ертеде бір бай кісі өмір сүріпті. Ол қайтыс боларында жалғыз ұлын шақырып алып, мынадай өсиет айтады: «қала сайын үй сал, жұма сайын қатын ал, ас жесең, бал же». Баласы әкесін жерлеп, одан қалған мол дүниеге ие болады.
Ол әкесінің өсиетін айнытпай орындайды. Қала сайын үй салады, жұма сайын үйленеді және не ішіп-жесе де бал араластырып тамақтанады. Содан көп ұзамай мол дәулет сарқылып, кедейленеді. Бар байлығынан айрылып, қатты жүдеген әлгі жігіт бірде көшеде мұңайып отырады.
Сол кезде оның жанына келіп отырған бір қария «аяқ-қолың бүтін, денің сау жап-жас жігітсің, неге осынша мұңаясың» деп сұрайды. Сонда ол басынан кешкен жайын баяндап береді. Мұны естіген қария «Әттеген-ай, Read the rest of this entry »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика