Записи с меткой «қоғам»

Сайтани қоғамның шынайы бетбейнесі

Біз қандай қоғамда өмір кешіп жатырмыз және бұны білу бізге не береді? Теңізде келе жатқан кемеші өзінің қай ендікте, қай бойлықта екендігін дәл анықтау арқылы баратын бағыты мен оның қашықтығын білетін болады. Сол сияқты бізге де өзіміз өмір сүріп отырған қоғам мен заманның қандай екендігін дәл анықтап алу болашақ бағдарымызды айқындауға көмектеседі.

Күнәкарлар қоғамы.

Адамзат білімінің шыңы саналатын веда ілімінде ұдайы қайталанып келіп отыратын жылдың төрт мезгілі сияқты төрт дәуір, яғни заман туралы айтылған. Олар: сатья юга (алтын ғасыр), трета юга (күміс ғасыр), двапара юга (қола ғасыр) және кали юга (темір ғасыр) деп аталады.

Алтын ғасырда адамдар иманды болып, әділдік үстемдік құрмақ. Күміс ғасырында адамдардың 25 пайызы теріс жолға түседі, ал қола ғасырында 50, темір ғасырында 75 пайызы және онан да көбі күнәлі жолды таңдайды. Біз қазір күнәкарлық жайлаған темір ғасырында өмір кешіп жатырмыз. Бұл дәуір 432 мың жылға созылса, оның басталғанына 5 мың жылдан астам уақыт өтті. Яғни, әлі 427 мың жылдай уақыт бар.

Кали юга, яғни темір ғасырында адамдар азғындыққа салынып, дінсіздік, әділетсіздік белең алады. Адамдардың азғындауы уақыт өткен сайын күшейе түспек. Бұның бәрін біз өз көзімізбен көріп, куәсі болып отырмыз.

Прочитать остальную часть записи »

Өткен тарихты талдау арқылы болашақты болжауға бола ма?

табысКім кімді де енді 20, 30 немесе 50 жылдан кейін не болады деген сауал бей-жай қалдырмасы анық. Әсіресе, бар өмірі алда тұрған жастарды бұндай сауалдың толғандыратыны күмәнсіз. Осы орайда, өткен тарихымызды талдау арқылы болашақты болжауға мүмкіндік бар екендігі бұл сауалымызға жауап табуға көметеспек.
Ежелгі веда ғылымы бүгінгі ғылымнан өзгеше, уақыт өткеннен болашаққа бір бағытта жылжыған кездейсоқ оқиғалардың тізбесі емес, кезеңдік сипаттағы белгілі заңдылықтарға бағынатын қуат деп түсіндіреді. Егер адамзаттың өткен тарихына ой жүгіртіп қарайтын болсақ, ведалық ілімнің дұрыстығын бағамдаймыз.

Тарих тереңіне ой жүгірткенде.

Бүгінгі ғылым осыдан миллион жылдан астам уақыт бұрын алғашқы адамдар үңгірлерде қауымдасып өмір сүрген деп түсіндіреді. Бір үңгірде 50, 60, онан да көп адам тұрған тәрізді. Прочитать остальную часть записи »

Ақылынан алжасқан адамзат қоғамы

гей1Адамзат қоғамы ауыр дертке шалдыққан. Қатерлі дерт жыл өткен сайын асқынып, ауру белең алып барады. Бірақ қорқыныштысы бұл емес. Ахуалы жыл санап нашарлап бара жатқанын адамзат қоғамы сезбейді және өзінің ауыр дертке шалдыққанын да мойындамайды. Жағдай осылай жалғаса берсе, қатерлі дерт адамзат қоғамын құрдымға құлатып, қасиетті Құранда айтылған Алланың қаһарына ұшырап, опат болған нәсілдердің кебін кизгізетіні анық.

Бәріне қоғам кінәлі

Қазір экономикалық дағдарыс барша әлем елдерін буып тұр. Төрт-бес жылда бір қайталанып тұратын «дағдарыс» атты ұстамалы дерт адамзатты титықтатып, онсыз да нашар ахуалын онан әрі нашарлатып, құтын қашырып кетеді. Ұстамалы аурудан мезі болған адамзат қоғамы бірақ содан Прочитать остальную часть записи »

Қоғам қайда барасың?..

байлықКеңес заманында жақсы-жаман болсын, алдымызда бұлыңғыр болса да мақсат болатын. Ол: комунизм құру жобасы еді. Ал қазір жалпы адамзаттың алдында нақты мақсат жоқ. Мақсат дегеніміздің өзі бұлдыр, шынайылықтан гөрі, қияли жағы басым «зайырлы, демократиялық, құқықтық қоғам орнату» деген сияқты абстрактылы бірдеңе.

Қазір қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз?

Комунизм идеясынан бас тартқаннан кейін бұрынғы КСРО шекпенінен шыққан елдердің бәрі де басқалар сияқты «зайырлы, құқықтық-демократиялық» қоғам құру жолына түсті. Ал енді осындай қоғамды бірнеше ғасырдан бері құрып келе жатқан Батыс елдерінің тәжірибесіне назар аударып көрелік. Олар сондай қоғам орнатып, игілікке жете алды ма?

Прочитать остальную часть записи »

Біз қандай заманда, қандай қоғамда өмір сүреміз?

Өзіміздің қандай заманда және қоғамда өмір сүріп жатқанымызды білу бізге не береді? Теңізде келе жатқан кемеші өзінің қай ендікте, қай бойлықта екендігін дәл анықтау арқылы баратын бағыты мен оның қашықтығын білетін болады. Сол сияқты бізге де өзіміз өмір сүріп отырған қоғам мен заманның қандай екендігін дәл анықтап алу болашақ бағдарымызды айқындауға көмектеседі.

Құдайсыздар қоғамы.

Адамзат білімінің шыңы саналатын веда ілімінде ұдайы қайталанып келіп отыратын жылдың төрт мезгілі сияқты төрт дәуір, яғни заман туралы айтылған. Олар: сатья юга (алтын ғасыр), трета юга (күміс ғасыр), двапара юга (қола ғасыр) және кали юга (темір ғасыр) деп аталады.
Алтын ғасырда адамдар иманды болып, әділдік үстемдік құрмақ. Күміс ғасырында адамдардың 25 пайызы теріс жолға түседі, ал қола ғасырында 50, темір ғасырында 75 пайызы және онан да көбі күнәлі жолды таңдайды. Біз қазір күнәкарлық жайлаған темір ғасырында өмір кешіп жатырмыз. Бұл дәуір 432 мың жылға созылса, оның басталғанына 5 мың жылдан астам уақыт өтті. Яғни, әлі 427 мың жылдай уақыт бар.
Кали юга, яғни темір ғасырында адамдар азғындыққа салынып, дінсіздік, әділетсіздік белең алады. Адамдардың азғындауы уақыт өткен сайын күшейе түспек. Бұның бәрін біз өз көзімізбен көріп, Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика