Атақты «Секрет» фильмнің авторы қайыршыдан миллионер болған Джо Витале өзінің «Ждите чудес» кітабында табысқа жетудің кілті ниетте екендігін жазады. Ең алдымен, сізде табысқа жетемін деген ниет болуы шарт.
Қор биржасы деген құнды қағаздар сататын мекеме деп ойлайтындар бар. Шындығында бұл дұрыс емес. Қор биржасы онда сатылатын қағаздарға еш иелік етпейді және бағасын белгілеуге де құқы жоқ. Бұл мыңдаған компаниялардың өз құнды қағаздарын сататын орын.
Қор биржасы құнды қағаздарды сату және сатып алу үшін барлық қолайлы жағдайлар жасап, компаниялар мен клиенттерге қызмет көрсетеді. Биржа сұраныс пен ұсыныстың еркін әрекеттесуі үшін барлық кедергілерді болдырмауға күш салады.
Бағаның ауытқуы
Қор биржаларында құнды қағаз құны үнемі өзгеріп отырады, дегенмен күрт өзгеріс өте сирек болады. Ол көбіне құнды қағаз ұстаушылардың көңіл күйіне байланысты орын алады. Әрине, оған ең алдымен сыртқы жағдай әсер етпек. Бұл үшін биржаны кінәлаудың еш негізі жоқ.
Құнды қағаз нарығына қатысатындардың арасында «аюлар» мен «бұқалар» болады. Мұндай түсініктің берілуіне олардың саудада ұстанатын ұстанымы негіз болған. «Аюлар» бағаны (далее…)
