Posts Tagged ‘үміт’

Жалған үміт

арақӨле өлгенше адаммен бірге болатын туа бітті қасиеттерінің бірі, бәлкім бірегейі – үміт. Үмітсіз сайтан ғана дейді. Адам баласы қандай қиын жағдайда да үмітін үзбейді. Қадам басқан сайын кездесетін қиындығы мен тауқыметі таусылмайтын мына фәниді адам баласына қызықты етіп көрсетіп, ауыртпалықтарды жеңуіне ынталандыратын құдірет те – үміт.

Жарға жығар жалған үміт.

Үміттің екі түрі бар: шынайы және жалған үміт. Шынайы үміт бастауын Жаратқаннан алса, жалған үміттің қайнар көзі – сайтан. Read the rest of this entry »

Мақсатшылдық адамға не береді?

өзін жетілдіруЖасыратыны жоқ, адамдардың 90 пайыздан астамы алдарына нақты мақсат қоймай, жел айдаған қаңбақ сияқты өмірдің ағымымен күндерін өткізеді. Мақсатшылдық дегеніміз не? Алдыңа нақты мақсат қойып, соған жетемін деген ынтамен өмір кешу.

Мақсат биіктерге бастайды.

Мен 1980-ші жылдарда жазушы болсам деген арманмен шығармашылыққа ден қойдым. Айқын мақсат болды – ол жазушы болу еді. Алғашында қалпақпен ұрып алатындай жеңіл көрінгенмен, жазушылық деген мен ойлағандай оңай шағылатын жаңғақ емес екен. Шағын әңгімелерді бұрқыратып біраз жаздым, бірақ неге екені белгісіз тілім ойқы-шойқы және үнемі бірдеңе жетіспейтін сияқтанып тұратын. Оның не екенінн түсіне алмадым. Жазғандарымның ешқайсын газеттер жарияламады. Бірақ алған бетімнен қайтпадым.

Read the rest of this entry »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика