Posts Tagged ‘әулие’

Әулие деген кім?

Әулие қазақ сөзі емес, ол арабтың «уәли», яғни Алланың досы деген сөзінен бастау алады. Әулиелік ислам дініндегі сопылық ағыммен қатар дамыған сияқты. Олай дейтініміз, сопылықты ұстанып, ақиқатты іздеген ғалымдар Алланың шапағатымен түрлі керемет қасиеттерге ие болған. Әулиелердің кереметтері жайлы ел арасында айтылып жүрген әңгімелер өте көп.
Қазақ елінде ислам дінінің таралуымен бірге әулилер көптеп шықты. Солардың арасында ең беделдісі және белгілісі Қожа Ахмед Яссауи. Пайғамбарымыздың өзі болашақта келетін ислам дінінің беделін көтеруге сүбелі үлесін қосатын оған арнап құрма қалдырып кеткендігі туралы Қожа Ахмед Яссауи өзінің хикметтерінде ашық жазады.

Әулиелік қасиетті қалай тануға болады?

Еліміз егемендігін алғаннан кейінгі жылдарда әр ру өз бабаларын көтеріп, әулие атап, бастарына биік мазар орнату бәсекеге айналды. Осыған орай, жер-жерде бұрын атын да, затын да естімеген әулилер көбейді. Қазір жұмысына тиым салынған Атажол деген ағым сондай қаптаған әулиелерді бизнес көзіне айналдырып, халықты алдап теріс жолға салды.

Жоғарыда айтқанымыздай, әулие бұл аспаннан беріле салатын керемет қасиет емес, сопылық Read the rest of this entry »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика