Записи с меткой «өмір»
Қиындық адамды шыңдайды
Көп адамдар қиындықтан қорқады. Олар өмір жолым тақтайдай тегіс, жеңіл болса, ойлаған арман-мақсаттарымның бәрі жедел және оңай орындалса деп тілейді. Шындығында жеңіл жолмен келген игіліктің берекесі болмайды және қиындық адамды шыңдап, өмірге бейімделуге көмегін тигізеді. Яғни, қиындық жауымыз емес, керісінше досымыз.
Ас жесең, бал же
Ертеде бір бай кісі өмір сүріпті. Ол қайтыс боларында жалғыз ұлын шақырып алып, мынадай өсиет айтады: «қала сайын үй сал, жұма сайын қатын ал, ас жесең, бал же». Баласы әкесін жерлеп, одан қалған мол дүниеге ие болады.
Ол әкесінің өсиетін айнытпай орындайды. Қала сайын үй салады, жұма сайын үйленеді және не ішіп-жесе де бал араластырып тамақтанады. Содан көп ұзамай мол дәулет сарқылып, кедейленеді. Бар байлығынан айрылып, қатты жүдеген әлгі жігіт бірде көшеде мұңайып отырады.
Сол кезде оның жанына келіп отырған бір қария «аяқ-қолың бүтін, денің сау жап-жас жігітсің, неге осынша мұңаясың» деп сұрайды. Сонда ол басынан кешкен жайын баяндап береді. Мұны естіген қария «Әттеген-ай, балам, әкеңнің айтқан сөзінің мәнін ұқпаған екенсің. Әкең өте ақылды адам екен. Оның қала сайын үй сал дегені, әр қалада таныстарың болсын, сонда өрісің кеңиді, жұма сайын қатын ал дегені әйеліңмен жұмасына бір рет жүздес, сонда денсаулығың жақсарып, ұрпағың көбейеді, ал ас жесең бал же дегені, еңбек етіп тапқан мал балдай тәтті және берекелі болады дегені екен» -депті.
Жеңіл жолмен жеткен байлық — қадірсіз.
Жасыратын не бар, КСРО құлап, нарыққа көшкеннен кейін жекешелендіру саясаты арқылы қолдарында билігі бар адамдар оңай жолмен мол байлыққа кенелді. Олардың өздері де, балалары да бүгінде байлыққа ие болып отырса да, шын мәнінде соның қадір-қасиетін білмейді.
Прочитать остальную часть записи »Өмір сүру бақыт па, әлде таусылмас тауқымет пе?
Күнделікті өмірде жан-жағыңызға зер салып қарайтын болсаңыз, қабақтарынан қар жауған көңілсіз адамдарды көретініңіз рас. Автобуста немесе көпшілік орында, көшеде келе жатқанда күліп, жайраңдап жүретін адамдар аз ұшырасады. Егер адамдардың әңгімелеріне құлақ түре қалсаңыз, көбіне өмірінде кездесетін түрлі қиындықтар жайында естисіз. Тіпті, ақпарат құралдарынан берілетін жаңалықтардың басым көпшілігі апаттар мен қылмыстар, бақытсыздықтар жайында болып кетті.
Адам өмірін өзгерте ала ма?
Жас кезінде адамдар болашақтан көп үміт күтіп, жақсы оқуға түсіп, жақсы мамандық алсам, жалақысы көп қызметке тұрып, бақытты отбасы құрсам деген сияқты арман-қиялдарға берілгіш болады. Содан кейін оқуды бітіріп, қызметке тұрған соң, отбасы құрып, өмір жолы біршама тұрақты жолға түскеннен кейін Прочитать остальную часть записи »
Өмір адамға бір-ақ рет беріле ме?
Бес дәстүрлі дін болса солардың үшеуінде – ислам, христиан және иудеизм діндерінде рейнкарнация, яғни өлген соң қайта туу түсінігі жоқ. Рас, ислам және христиан діндерінде өлген адамның қабірде тірлік кешетіні, содан кейін қияметте сотқа тартылып, жасаған жақсы-жаман істеріне сай жұмаққа, болмаса тамұққа баратына жайындағы түсінік бар.
Мүмкіндік бермесе, Алланың рақымдылығы қайда?
Мен онжылдықты бітірген соң жоғары оқу орнына түсу үшін тоғыз рет құжат тапсырып талпыныс жасап, жолым болмады. Прочитать остальную часть записи »
Өмір – мектеп
Мына өмірді текке жаратқан жоқпыз дейді Құран. Егер табиғатқа зер сала қарайтын болсақ, адамның тіршілігіне қажетті өте көп жағдайлардың жасалғандығын аңғарамыз. Ауа температурасының бірқалыптылығы, атмофералық қысым, жарық, адамның қорегі, т.б. толып жатқан тірлік үшін қажеттіліктердің бәрі қалай сақталып тұр?
Біз өмір мектебінің шәкірттеріміз.
Мұның астарында белгісіз күштің адамның тірлігі үшін қажетті барлық жағдайларды жасап қойғанын және оны сақтап отырғанын бағамдаймыз. Егер температура кенет ауытқып, мысалы -1000 градус болса, онда жер бетіндегі тіршілік атаулы әп-сәтте жойылар еді. Осындай тірлікке Прочитать остальную часть записи »
Өз ақылыңмен өмір сүр
Бір шаруаны қолына аларда басқалардан ақыл сұрап, солай жасағаным жөн бе деп жататын адамдар бар. Шындығында біреудің ақылымен өмір сүру адамға пайда емес, көбіне залал әкеледі. Өйткені, мұндай жағдайда адам әлгі шаруаны атқаруға байланысты туындайтын нәтижеге орай жауапкершілікті өзінен алып тастайды. Сәтсіздікке ұшырай қалған жағдайда оның өзін ақтап алар уәжі бар: «бұл іске мені пәленше итермелеген еді» -дейді ол.
Өз ақылыңмен шешім қабылдап үйрен
Адам өз ақылымен шешім қабылдаған жағдайда оның нәтижесіне орай жауапкершілікті де өз мойнына алады. Сондықтан, мұндай қадамға бармас бұрын жақсылап ойланып, он рет өлшеп, бір рет кесуге тура келеді. Ал басқалардың ақылына сүйенетіндер әдетте онша көп бас қатырып Прочитать остальную часть записи »