Posts Tagged ‘өзіндік даму’

Болашаққа ынталандыратын 5 тәсіл

тәубеБолашаққа деген ынта, құлшыныс болмаса, сіз алға қарай бір қадам да жасай алмайсыз. Бұндай адамдардың бойын бойкүйездік пен жалқаулық билеп, ештеңеге құлқы болмайды. Қазір, тіпті жап жас қыз-жігіттердің арасында өмірге деген құштарлығы мен болашаққа деген құлшыныстарын жоғалтып алған, құлықсыз жандар көп кездеседі. Жастар арасында белең алған суицид деген дерттің негізгі себебі де осында болса керек.

Ынта болса, бәрі болады

Бір ғұламаның айтқан «егер ынта болса, ойыңа алған мақсатыңды жүзеге асыратын жүз түрлі жол табылады, ал ынта болмаса, ойыңа алған мақсатыңнан бас тартқызатын жүз түрлі сылтау Read the rest of this entry »

Өзіндік даму адамға не береді?

өзіндік даму1Өзіндік даму (самосовершенствование) соңғы жылдарда сәнге айнала бастаған түрі бар. Ертеректе темекі тарту, арақ ішу «мәдениеттіліктің» белгісі саналып, оқыған, көзі ашық адамдар жасайтын іс ретінде сәнге айналса, енді өзіндік даму дегенге алдыңғы қатарлы адамзаттың саналы өкілдері жете назар аудара бастағаны аңғарылады.

Өзіндік даму деген не?

Қазақта «қарамаса әйел, бақпаса мал кетеді» деген сөз бар. Егер адам өзін-өзі жан-жақты жетілдіріп, дамытуға көңіл бөлмесе, ол дамымайды, кері кетеді. Адам ғана емес, барша тіршілік үшін даму – өмірлік қажеттілік. Даму тоқтаса, өмір де тоқталады. Мәселен, дүниеге жаңа келген нәресте уақыт өте келе өсіп бала, онан жігіт, сосын ересек адам болып дамиды.
Мұндай даму хайуанға да, өсімдіккке де тән. Яғни, тіршілік дегеніміздің өзі ұдайы қозғалыс пен дамып, жетілуге негізделген құбылыс сияқты. Даму тоқталғанда кері кету, яғни тоқырау басталады. Оның соңы тіршілік иесін құрдымға құлатып, бақытсыздыққа ұрындырмақ. Сондықтан әрбір тірі пенде өле өлгенше өзін Read the rest of this entry »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика