Записи с меткой «құнды қағаз»

Байлық басты мақсат болмауы керек

мақсатОйлаған арманына жетіп, үнемі табыс биіктерінен көрініп жүретіндер бар да, өмір өзенмен жел айдаған қаңбақтай ойсыз ағып, мақсатсыз өмір кешетіндер бар. Тарихты жасайтындар да, адамзатты дамудың биіктеріне бастайтындар да алғашқы топтағылар. Ал екінші топтағылар қиындықтан көз ашпай, үнемі өздерін жолы болмайтын бақытсыз жан ретінде сезініп жүреді.

Шындығында алғашқы топтағылар табысқа жетудің құпиясын біліп, соны іс жүзіне асырудың арқасында үнемі биіктерден көрінеді де, соңғы топтағылар мақсатты әрекетсіз бақыт құсы басыма қонса бәрі де тамаша болады дейтін ешқашан орындалмайтын қиял ғажайыпқа сенумен өмірін текке өткізеді.

Бастысы – адамдарға пайдаңды тигізу, байлық өздігінен келеді.

Атақты «Секрет» фильмнің авторы қайыршыдан миллионер болған Джо Витале өзінің «Ждите чудес» кітабында табысқа жетудің кілті ниетте екендігін жазады. Ең алдымен, сізде табысқа жетемін деген ниет болуы шарт.
Бірақ адамдардың бәрінде дерлік табысқа жетсем деген ниет болады емес пе? Иә, болады, дегенмен табысқа жеткізетін тылсым кілт – сол ниеттің өзімшілдіктен емес, өзгелерге игілік әкелсем дейтін ізгі ниеттен туындауына байланысты болады екен. Джо Витале ниетті екіге бөледі: эгойстік немесе өзімшілдік ниет және тәңіри ниет.

Прочитать остальную часть записи »

Инвестиция әліппесі

Бүгінде инвестиция деген термин жұртқа жақсы танымал болып алды. Инвестор, инвестиция дегенді БАҚ жиі айтып, жазып жатады. Инвестиция дегеніміз не және ол адамдарға не береді? Инвестиция артық ақшаңызды тиімді жобаларға салу арқылы ақшадан ақша жасау өнері.
Бүгінде бай-бақуатты болғысы келмейтін пенде жоқ. Бәрі ақшаға сатылатын нарықтық қоғам ақшаның беделін асқақтата көтергені сонша, ақша үшін тәнін, ағзаларын, ар-ұятын сататындар, тіпті ақша үшін адам өлтіретіндер шықты. Олардың мұндай әрекетіне қазір ешкім таң қалмайды.

Ал бай-бақуатты болудың ең сенімді және қолжетімді тәсілі — инвестиция. Сіз қанша көп жалақы алғаныңызбен бәрібір байлыққа жете алмайсыз. Жалақыңыз өскен сайын шығыныңыз да өсе бермек. Яғни, баю үшін мол жалақы алу шарт емес. Байлыққа бастар жол – бизнес. Бірақ екінің бірі бизнеспен айналыса алмайды. Оның қиындығы өз алдына, қомақты қаржыны қажет етеді. Енді қалғаны – инвестиция.

Ақшаны қайда инвестициялауға болады?

Ең алдымен қолжетімді және сенімді тәсіл саналатын банк депозитіне ақша салуға болады. Қазір мемлекет тарапынан банк депозиттеріне кепілдік берілген. Егер банк бір себептермен банкрот болып қалған жағдайдың өзінде сіздің депозитіңіз мемлекеттік кепілдік бойынша толық қайтарылады. Депозит ең сенімді және тәуекелсіз жоба, бірақ оның бір кемшілігі – пайыздық Прочитать остальную часть записи »

Қор биржасы

Қор биржасы деген құнды қағаздар сататын мекеме деп ойлайтындар бар. Шындығында бұл дұрыс емес. Қор биржасы онда сатылатын қағаздарға еш иелік етпейді және бағасын белгілеуге де құқы жоқ. Бұл мыңдаған компаниялардың өз құнды қағаздарын сататын орын.
Қор биржасы құнды қағаздарды сату және сатып алу үшін барлық қолайлы жағдайлар жасап, компаниялар мен клиенттерге қызмет көрсетеді. Биржа сұраныс пен ұсыныстың еркін әрекеттесуі үшін барлық кедергілерді болдырмауға күш салады.

Бағаның ауытқуы

Қор биржаларында құнды қағаз құны үнемі өзгеріп отырады, дегенмен күрт өзгеріс өте сирек болады. Ол көбіне құнды қағаз ұстаушылардың көңіл күйіне байланысты орын алады. Әрине, оған ең алдымен сыртқы жағдай әсер етпек. Бұл үшін биржаны кінәлаудың еш негізі жоқ.
Құнды қағаз нарығына қатысатындардың арасында «аюлар» мен «бұқалар» болады. Мұндай түсініктің берілуіне олардың саудада ұстанатын ұстанымы негіз болған. «Аюлар» бағаны Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика