Записи с меткой «құнсыздану»

Ақша неге құнсызданады?

сараңдықӘлем елдерін мойындатқан АҚШ доллары соңғы жүзжылдықтың көлемінде 150 есеге құнсызданыпты. 1993 жылы тәуелсіз Қазақстан өзінің тұңғыш ұлттық валютасы – теңгені айналымға енгізген кезде 1 теңгенің бағамы 1 АҚШ доларына тең болатын. Міне, содан бері өткен 21 жылдай уақытта теңге бағамы 185 есеге құнсызданыпты. Бұл аз ба, көп пе?!

Ақшаның құнсыздануының себебі — ашкөздік

Ақшаның құнсыздану себебін экономист ғалымдар адамның басын айналдыратын түрлі термин сөздермен тұздықтай отырып, ұза..а..қ түсіндіреді және ол түсініктен сіз бен бізге еш пайданың жоқтығы өз алдына, басыңыз айналып, ештеңе ұға да алмайсыз. Ал енді қарапайым адами тілге салып, бірер ауыз сөзбен ақшаның құнсыздануын былайша түсіндіруге болар еді: бәріне кінәлі адамдардың тойымды білмейтін ашкөздігі.

Прочитать остальную часть записи »

Құмырсқа мен шегірткенің баяны

акшаБала кезімізде мектепте Крыловтың «Құмырқса мен шегіртке» деген мысал өлеңін оқыған едік. Ала жаздай ән салып, қызық қуған шегіртке қыс келіп, күн суыытқанда қайда барарын білмей, жаздай тынымсыз еңбек етіп, қоймасын дәнге толтырып алған құмырсқаның аяғына жығылып, бір қыс асыра деп жалынбайтын ба еді. Қарапайым пенделер мен инвесторды Крыловтың мысалындағы шегіртке мен құмырсқаға теңеуге болатындай. Қарапайым жандар бүгінгінің өлшемімен өмір сүріп, болашақты ойлап алаңдамайды, ал инвестор болса, ертеңгі күні үшін әрекет етеді.

Күні кеше елімізде болып өткен теңгенің құнсыздануы болашағын ойлап, ертеңгі күннің жағдайын жасамағандарға біраз соққы болып тиетін түрі бар. Ұлттық банк пен үкімет қанша халықты жұбатып, баға өспейді, бәрі жақсы болады деп сендіруге тырысқанмен, бас білмейтін асаудай арпалысқан нарықты ауыздықтай алмасы анық. Өйткені нарық заңы адамға бағынбайды.

Аспанға шапшыған бағаны қалай өз пайдамызға жаратуға болады?

Егер сіздің осыдан он жыл бұрын, яғни 2004 жылы бір миллион теңге ақшаңыз болды дейік. Ол кезде доллар бағамы 130 теңге көлемінде болатын. Бұл дегенің 8 мың доллар көлеміндегі ақша. Сол тұста Астанадан мұндай ақшаға орталықтан болмаса да, шеткі аудандардан бір бөлмелі пәтер алуға болатын.

Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика