Записи с меткой «құран»

Құран туралы не білеміз?

әулиеИслам дінінің басты діңгегі – Құран. Көбіміздің әдемі өрнектелген қасиетті кітапты көргенімізбен, ол туралы жете біле қоймайтынымыз рас. Науан хазірет атындағы Ақмола облыстық орталық мешітінің наиб имамы, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі, исламтанушы Серік Халықов ислам дінінің қасиетті кітабы – Құран Кәрім туралы баяндайды.
Сұрақ: Құран қашан, қалай түсті, онда қандай мәселелер қамтылған, оның сипаты, мән-мазмұны жайлы айтсаңыз.

Құран Пайғамбарымызға уахи түрінде түсті.

Жауап: Ислам дінінің қасиетті кітабы – Құран Кәрім Пайғамбарымызға кітап түрінде емес, уахи (аян) түрінде 23 жылдың ішінде түскен. Аян деген адамға ұйқыдағы кезінде берілетіндііг белгілі, бірақ Құран Пайғамбарымызға ұйқыда жатқан кезінде емес, ояу кезінде түскен. Оның ерекшелігі де Прочитать остальную часть записи »

Ислам діні және сопылық мектебі

әулиеДәстүрлі діндердің бәрінде де діннің тазалығын сақтап, оны қарапайым жұртшылыққа түсіндіретін ғылыми институттар бар. Ол христиан дінінде – исихазм, иудей дінінде – каббала, буддизмде – дзен буддизм, индуизмде – бһакти иога деп аталады. Ислам дінінде бұл міндетті сопылық мектебі мойнына алған.

Пайғамбарымыз дүниеден өткеннен кейін ислам дінінде түрлі қайшылықтар пайда болды. Алғашқы төрт халиф: Әзіреті Әбубәкір, Әзіреті Осман, Әзіреті Әли және Әзіреті Омар билік құрған тұста қайшылық өршіп, тіпті ол қарулы қақтығыстарға дейін барды.
Әзіреті Омар қайшылықтарды жою мақсатында оқымысты ғалымдарды жинап барша мұсылмандарға арналған жол – мәзхабты құрды. Бұл діни ұстанымдағы қайшылықтарды біршама тыйғанымен, бәрібір пікір қайшылықтары сақталып қалды. Дін исламның тазалығын сақтап, оны қарапайым жұртшылыққа түсіндіру, беделін көтеруді сол тұстан бастап сопылар мектебі мойнына алды.

Жаратқанға бастайтын жол.

Пірге қол тапсырып, Аллаға жеткізетін жолға түскен шәкірттің басты қаруы – медитация, яғни Алланың атын зікір ету болып табылады. Ертедегі сопылық мектептің бір ұстазының: «дауыстап қайталаған зікірден іштей қайталаған жүз есе артық, ал ойша қайталау іштей қайталғаннан жүз есе Прочитать остальную часть записи »

Діни парызды Құранды тікелей басшылыққа алып жасаған дұрыс па?

Сұрақ: Бүгінде Құранның мән-мағнасы көптеген тілдерге аударылды. Осыған орай, Құранды басшылыққа алып, сондағы нұсқаулармен тікелей жүру қажет деп санайтын уаххабшылар сияқты діни ағымдар шықты. Бұл туралы не айтасыз?
Жауап: Арабтың тілі өте бай. Тіпті, бір сөздің 15-20 мағына беретін жайлары да кездеседі. Сондықтан да, Құранды тікелей қабылдап, оның мән-мағынасын дәл түсінеміз деу мүлдем қате. Қазіргі таңда Құранның исламтанушы ғалымдар 10-20 пайыздайын ғана түсіндіре алады. Ал қалған 80-90 пайызы бізге жұмбақ күйінде қалып отыр. Шын мәнінде Құранның мән-мазмұны шексіз терең.

Құранның мағынасы шексіз.

Оның ішкі және сыртқы мағынасы бар. Сыртқы мағынасына қарап түсіндіру толық түсінік болмайды. Мәселен, шкафтың алдынан қарасақ, ол жалпақ болып көрінеді, ал жанынан қарасақ, ол жіңішке сияқты көрінеді. Шкафқа дәл сипат беру үшін оны жан-жағынан, яғни алдынан да, бүйірінен, артынан, төбесі мен табанынан назар аударып, содан кейін барып сипаттауымыз қажет Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика