Записи с меткой «құрметті азамат»

Құны кеткен құндылықтар

Алтынды құнды ететін оның аздығы екендігі белгілі. Егер алтын көп болса, мысалы кенеттен таудағы тастың бәрі алтынға айналса, онда алтынның көк тиындық қадірі қалмас еді. Адамдар аяқ астында жатқан алтыннан ыдыс-аяқтан бастап,  барлық қажетті құралдарын жасап, тіпті алтын кірпіштен әжетхана тұрғызар еді. Сол сияқты өзіміз қадір тұтатын игіліктердің бәрі егер  шамадан тыс көбейіп кетсе, аз уақытта қадір-қасиетінен айрыла бастайтыны анық.

Қадірі кеткен құрметті азамат атағы

Таяуда әлеуметтік желіден белгілі бір ақынның жазбасын оқыдым. Әлгі ақын 8 ауданның құрметті азаматы екен, енді оған тағы бір аудан сондай атақ ұсыныпты. Ауданның, қаланың, облыстың құрметті азаматы деген атақтар соңғы жылдарда жаппай белең алып кетті. Ақын, жазушы,  әртіс, сазгер сияқты өнер адамдары мен ғалымдар, қоғам қайраткерлері түгел кем дегенде бір ауданның, болмаса үш-төрт өңірдің құрметті азаматтары. 8 ауданның құрметті азаматы атанған әлгі ақынды айтамын, сол өңірлерді өркендетуге оның қанша еңбегі сіңіпті?

Кеңес заманында да осындай атақтар болды, бірақ ол кезде мұндай атаққа ел-жұртқа танымал үлкен тұлғалар ғана ие болатын және ондай атақ өте сирек берілетін. Содан болар, оның қадір-қасиеті де жоғары еді. Қазір жалпақ тілмен айтқанда «иттің итақайы» құрметті азамат атағын алады. Екіден, үштен сондай атағы бар адамдар бар. Олардың бәрі сол аймақтарды дамытып, өркендетуге белсене атсалысып, сүбелі үлесін қосты деуге болмайды.  Жасыратыны жоқ, бүгінде атақ та ақшаға сатылатын немесе  тамыр-таныстықпен берілетін болды. Құрметті азамат атанғың келсе, сол өңірдің басшыларының аузын алсаң жетіп жатыр. «Бұл атақты неге бердің, мына адам сондай атаққа лайықты ма, жоқ па?» деп сұрайтын пенде жоқ. Яғни, тексеру жоқ екен, онда бұндай атақты кім көрінгенге үлестіре беруге болады.

Прочитать остальную часть записи »
Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика