Записи с меткой «қария»

Ақиқат

өлімҰстаз өзінің шәкірттерімен жағажайда әңгімелесіп отырды. Жағажайда шолақ дамбал киіп жүгірген жас жігіт пен қария ұстаз бен шәкірттері отырған тұста қарсы ұшырасты. Бейтаныс қарт пен жігіт бір-біріне көздерінің астымен немқұрайды қарап жүгіріп өте шықты. Сол сәт ұстаз шәкіртеріне қарап, «көрдіңбер ме, шал мен жігітті?» деп сұрады. Ұстазының не айтпақ болғанын түсіне алмаған шәкірттері оған аңтарыла қарасты.

Уақыт тоқтамайды

«Қарсы ұшырасқан олар бір-біріне қарағанда не көрді?» деп сұрады ұстаз шәкірттерін әңгімеге тартып. Ұстаздарының сауалының астарында бір мән бар екендігін ұққан шәкірттері өздерінше долбарлап әртүрлі себептер айтты. Бірақ ешқайсы да ұстаздың ойын дөп баса алмады. Шәкірттерінен жөндемі жауап ала алмаған ұстаз бір кезде: «бір-біріне қараған олар өздерін көрді» деді. Мына сөздің байыбына бармаған шәкірттер оған аңтарыла қарады. Шолақ дамбал киіп Прочитать остальную часть записи »

Ақсақалдар азайып бара жатыр…

даналықПайғамбар жасынан асқан бір кісімен аздап сөзге келіп қалдым. Қызбаланып, дау десе семсерін жалақтатып шаба жөнелуге әзір тұратын жауынгердей қайтпас қайсар бейнесін көргенде райымнан қайтып, «жә, сіздікі дұрыс» деп қоя салдым. Өзінің пікірінің дұрыстығын дәлелдемек болып біраз сөйлеген ол содан кейін жұмысының ауырлығын, жүйкесін жұқартар жайлардың көптігін айтып, шағынды. Зейнет демалысына әлдеқашан шыққан оған жұмыс істе деп мәжбүрлеп жатқан ешкім жоқ. Ендеше жүйкесін жұқартып, көрінгенмен бақ-шақ десіп жүрудің қандай жөні бар?

Зейнетақысын беріп, жезөкшеге барады

Өкінішке орай, ажалды ойламайтын пенделер қашан кәрілік жеңіп, жүре алмайтын халге жеткенше жұмыс істейді немесе нәпсінің құлы болып, арақ-шарап ішіп, тіпті зина жасап жатады. Прочитать остальную часть записи »

Қартаю туралы не білеміз?

денсаулыкБір де бір тірі пенде қашып құтыла алмайтын үш қатер бар, ол: ауру, қартаю және өлім. Ауырғысы, қартайғысы, өлгісі келетін пенде жоқ, бірақ бұл үш қатер шақырмай-ақ есігімізден баса көктей кіріп, төрімізді жайлап алады. Кеше ғана бүлдіршіндей құлпырған қыз бен бұлықсыған жігіт араға біраз жылдар салып бүкірейген кемпір мен бүкшиген шалға айналады. Бұл – өмір заңы.

Адам қалай қартаяды?

Қартаю туралы бүгінде ғылым түрлі пікірлер айтып, қартаймаудың амал-тәсілдерін табу үшін жанталасып жатыр. Дегенмен, өмір заңын өзгерту әзірге мүмкін болмай тұр. Ақшаға бәрін сатып алуға болады дейтін қазіргі нарық заманының өзінде миллиондаған, тіпті миллиардтаған ақшасы бар Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика