Записи с меткой «қаржылық»

Ақшадан ақша табу амалы

инвестицияАҚШ-тың мемлекеттік қайраткері Бенджамин Франклиннің «есіңде сақта, ақшаның көбейгіштік қасиеті бар» деген сөзі бар. Ақша да мал сияқты. Мәселен, сіздің бес қойыңыз бар делік, бірнеше жылдан кейін ол көбейіп онға, одан елуге, одан әрі жүзге жетеді. Әрине, қойдың өсіп-өнуіне жағдай жасасаңыз.

Сол сияқты ақша да, егер дұрыс жағдай жасайтын болсаңыз қораңыздағы малыңыз сияқты еселеп көбейе береді. Байлыққа жетудің кілті де осы ақша арқылы ақша табуды жолға қоюда, яғни инвестициялауда.

Ақша табудың белсенді емес амалы.

Роберт Киосаки табыс табуды екіге бөледі: белсенді және белсенді емес. Егер сіз жұмыс істеп, жалақы алсаңыз – бұл белсенді табыс табуға жатады. Ал пәтеріңізді жалға беріп немесе депозитке ақша салу арқылы ақша тапсаңыз – бұл белсенді емес табыс көзі.

Байлыққа жетуге белсенді емес табыс көзі көмектеседі. Неге десеңіз, ақша табуға бұл жағдайда Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика