Записи с меткой «қорқыныш»

Тұрақтылық – барша адамның арманы

ақылҚоғамдық, саяси, экономикалық тұрақтылық – бүгінгі адамдардың орындалмас қиял-арманы болып отыр. Биыл жыл басынан бері ғана ұлттық валютамыз – теңге әлденеше рет құнсызданып, тұрақтылық сақталады, бәрі дұрыс болады деген лауазым иелерінің айтқандарын түгел теріске шығарды. Қаржы-экономикалық тұрақсыздықты былай қойғанда, күн сайын заңдарымыз өзгеріп, толықтырылып жатады, министрлер мен әкімдердің жиі ауысатыны сонша, олардың аты-жөндерін халық біліп те үлгірмейді.

Тұрақтылық неге жоқ?

Өз басым осы өмірімде бірнеше реформаны бастан өткердім. Бала кезімізде Хрушевтың КСРО-ны түгел жүгерілендіріп, 1980-ші жылдары коммунизм орнатпақ болған реформасының шет жағасын Прочитать остальную часть записи »

Өжеттен өлім де қорқады

қорқынышАдамның ең қатерлі жауы – қорқыныш. Қорқыныш адамды әлжуаз, әлсіз және қорғансыз етіп қояды. Қорқынышқа бой алдырған пенде жақсы мен жаманды, пайдалы, не залады нәрсені айырудан қалады. Сөйтіп ол қателік үстіне қателік жасап, аранын ашқан қатердің аузына өзі барып түседі. Қорқынышқа бой алдырмайтын батыл, өжет адамдар да бар. Дегенмен ондай жандар өте аз. Адамдардың көпшілігі аса қатерлі жаудың құрсауында тауқыметпен тірлік кешеді.

Қорқынышқа бой алдырған адамға екі дүниеде де бақыт жоқ

Бірқатар телеканалдар осыдан бірнеше жыл бұр Тайланд шығарған «Захват» деген фильмді көрсетті. Картинаның оқиға желісі мынадай. Бай кәсіпкер жаңа үйге қоныстанады. Екі қабатты үлкен вилла, бассайні, басқа да қажеттердің бәрі бар. Жаңа қонысқа келген күні кешкісін олардың Прочитать остальную часть записи »

Қорқыныш құрсауында

Адамның ең қатерлі жауы қателік емес, қорқыныш. Қателік зерделі адамды ширатады, ал зердесіз пендені ойына алған масқатынан бас тартуға мәжбүрлейді. Қателігінен сабақ алған зерделі жан адаса жүріп, мақсатына жеткізер түзу жолды іздейді және оны табады. Қиындықтар мен кедергілерді жеңген ол ақырсоңында аңсаған арман-мақсатының асқарына көтеріледі. Ал қателіктен сабақ алмаған зердесіз пенде кездескен қиындықтарға шыдамай, ойына алған шаруасын орындаудан бас тартады және санасын қорқынышқа алдырады. Қорқыныш адамды әлжуаз, дәрменсіз һәм қорғансыз етеді. Санасын үрей мен қорқыныш, күмән мен күдік билеген пенде ешқашан мақсатына жете алмақ емес және көлеңкесінен қорқып, өмірін тауқыметпен өткізеді.

Байлыққа бастар жол

Мемлекеттік немесе жеке меншік кәсіпорында жұмыс істеп жүріп, байыған бір адамды көрдіңіз бе? Қандай лауазымды қызмет атқармасын, қаншалықты жоғары жалақы алмасын, әлдекімге жалданып жұмыс істеген адам ешқашан байлыққа қол жеткізе алмайды. Роберт Киосаки Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика