Записи с меткой «үрей-қоқыныш»

Көп айтса көнді, жұрт айтса болды…

Социалистік жүйе неге күйреді? Коммунизм идеясын жақтаушылардың басты қателігі – барша адамдарды үлкен машинаның жансыз тетіктеріне айналдыруында еді. Кеңес заманында өмір сүрген адамдар өз бетінше ойлау қабілетінен айрыла бастады: бәрін партия біледі, партия шешеді деген ұғым қалыптасты. Осылайша адамдар жеке тұлғалығынан, яғни «Менінен» айрылды.

Адамды жансыз қуыршаққа айналдыру.

Адамдарды мемлекет, қоғам атты машинаның жансыз тетіктеріне айналдыру процесі тек кеңес заманында емес, оған дейінгі дәуірлерде де белсенді жүргізілген. Азаматтардың жеке ой-пікірін езіп-жаншитын қоғамдық ортақ пікір, түсінік олардың өмірлік ұстанымдарына, өмір сүру дәстүріне үлкен ықпал жасап отырды.

Ертеңгі күнге деген сенімсіздік, үрей-қорқыныш, құдай салды, біз көндік дейтін көнбістік – бәрі де осындай жеке «Меннің» тұншығуынан, «Біздің» үстем күшке айналуынан туындаған Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика