Записи с меткой «ұстаз»

Қиындық адамды шыңдайды

Көп адамдар қиындықтан қорқады. Олар өмір жолым тақтайдай тегіс, жеңіл болса, ойлаған арман-мақсаттарымның бәрі жедел және оңай орындалса деп тілейді. Шындығында жеңіл жолмен келген игіліктің берекесі болмайды және қиындық адамды шыңдап, өмірге бейімделуге көмегін тигізеді. Яғни, қиындық жауымыз емес, керісінше досымыз.

Ас жесең, бал же

Ертеде бір бай кісі өмір сүріпті. Ол қайтыс боларында жалғыз ұлын шақырып алып, мынадай өсиет айтады: «қала сайын үй сал, жұма сайын қатын ал, ас жесең, бал же». Баласы әкесін жерлеп, одан қалған мол дүниеге ие болады.

Ол әкесінің өсиетін айнытпай орындайды. Қала сайын үй салады, жұма сайын үйленеді және не ішіп-жесе де бал араластырып тамақтанады. Содан көп ұзамай мол дәулет сарқылып,  кедейленеді. Бар байлығынан айрылып, қатты жүдеген әлгі жігіт бірде көшеде мұңайып отырады.

Сол кезде оның жанына келіп отырған бір қария «аяқ-қолың бүтін, денің сау жап-жас жігітсің, неге осынша мұңаясың» деп сұрайды. Сонда ол басынан кешкен жайын баяндап береді. Мұны естіген қария «Әттеген-ай, балам, әкеңнің айтқан сөзінің мәнін ұқпаған екенсің. Әкең өте ақылды адам екен. Оның қала сайын үй сал дегені, әр қалада таныстарың болсын, сонда өрісің кеңиді, жұма сайын қатын ал дегені әйеліңмен жұмасына бір рет жүздес, сонда денсаулығың жақсарып, ұрпағың көбейеді, ал ас жесең бал же дегені, еңбек етіп тапқан мал балдай тәтті және берекелі болады дегені екен» -депті.

Жеңіл жолмен жеткен байлық — қадірсіз.

Жасыратын не бар, КСРО құлап, нарыққа көшкеннен кейін жекешелендіру саясаты арқылы қолдарында билігі бар адамдар оңай жолмен мол байлыққа кенелді. Олардың өздері де, балалары да бүгінде байлыққа ие болып отырса да, шын мәнінде соның қадір-қасиетін білмейді.

Прочитать остальную часть записи »

Адамзатқа жол көрсетер ұстаздың қажеттігі

білімКеңес заманында жақсы-жаман болсын болашақта коммунизм орнатамыз деген бұлыңғырлай болса да идея-мақсатымыз бар еді. Қазір нарықтық қоғамға көшкен соң ертеңгі болашағымызды айқындайтын мақсатымыздан толайым айрылып қалғандаймыз. Рас, «Қазақстан -2030», «Қазақстан-2050» деген сияқты ұзақ жылдарға арналған стратегиялық бағдар бар. Бірақ ол қоғамның барлық қырын қамтымайтын, жалаң экономикалық, яғни тұрмысты жақсарту сияқты біржақты ғана қамтитын бағдар.

Адамзат қоғамы қайда барады?

Қазір әлемнің барлық елдері дерлік «құқықтық, демократиялық, зайырлы» деп аталатын қоғам құрып жатыр. Осындай қоғам Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика