«Бақытсыздық деген не?» деп сұрапты бір жебірейден. Сонда ол: «қалтаңда бір тиын ақша болмауы, нағыз бақытсыздық — осы» деп жауап беріпті. Қалтасында көк тиыны жоқ адам көшеде өзін қалай сезінетінін түйсіну үшін данышпан болудың қажеті жоқ. Ақша адамға қуат, сенім және жайлылық сияқты сезімдер береді. Дегенмен, байлық екінің бірінің маңдайына жазылмаған құбылыс. Байлыққа қол жетудің нақты амал-тәсілдері жайлы Наполеон Хиллдің «Ойлан да, байы» кітабынан өмірлік мәні бар аса құнды ақпараттар табасыз.
«Жоқтың» тасасына жасырылған «Иә»
Ескі диірменде Дерби мырза екеуміз әңгімелесіп тұрғанда ол маған атасы мен мулат қыздың арасында болған оқиға жайында айта келе «бұл жөнінде сіз не ойлайсыз, ақырған ақсақалды райынан қайтарып, айтқанын істеткен сәбидің бойындағы (далее…)



