Записи с меткой «ақпарат»

Ғаламтор адамның санасын ғана емес, қоғамды да өзгертуде

ақшаХХІ ғасырды жұртшылық бүгінде «ақпарат ғасыры» атап жүр. «Кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді» деген сөз қазіргі заманның нақылына айналған. Ақпараттың барлық игіліктің алдына шығуына ғаламтордың тигізіп отырған ықпалы аз емес екені белгілі.
Ғаламтор жыл санап қарқынды дамып барады. Ол бүгінде пайдалы ақпарат алып, бос уақытты көңілді өткізуге арналған құрал болудан қалды. Миллиондаған адам бүгінде ғаламтор арқылы ақша тауып, соны күнкөрістік кәсіпке айналдырған.

Ғаламтор ашқан жаңа мүмкіндіктер.

Интернет-бизнес деген кәсіптің жаңа түрі бүгінде алдыңғы қатарлы елдерде қоғамға елеулі әсер ететін ықпалды топқа айналды. Ғаламтор арқылы күректеп табыс тауып, миллионер, миллиардер болып жатқандар аз емес.

Прочитать остальную часть записи »

Адам – магнит

ақылТемір-терсекті өзіне тартып, жапсырып ала беретін магнит сияқты қасиет адамның бойында да бар. Темір магниттен айырмасы сол, адам өзіне жақсылық пен жамандықты тартып, жапсырып алып отырады. Адамның бойындағы осындай магниттік қасиетін білгендер ерте заманнан ойына алған арман-тілектеріне жетіп, бақытты тірлік кешкен. Бірақ ондай тылсымның құпиясын білген жандар мұның сырын сыртқа шығармай қатаң бақылауда ұстаған. Дегенмен, бүгінгі ақпарат заманында бұл тылсым ілім құпия болудан қалды.

Жамандықты тартатын магнит жандар

Жолы болғыш, ойына алған ісі әп-сәтте алға басып жүре беретін адамдар өмірде сирек кездеседі. Керісінше, француз комигі Пьер Ришар ойнайтын «Невезучий» фильмінің кейіпкеріне ұқсайтын Прочитать остальную часть записи »

Ақпарат ғасырының адамдары

интернет бизнес21-ші ғасырды ақпарат ғасыры атап жүр. Өйткені қазір ақпаратты алудың мүмкіндігі мол және ақпарат деген ақшаға сатып алатын тауарға айналды. «Ақпаратты билеген әлемді билейді» деген сөз бүгінгі заманның басты ұстанымы болып отыр. Міне, осындай ақпарат заманында өмір сүріп отырған біздер заман талабына қаншалықты бейімделе алдық?

Интернет жүйесінде өз үлесіңіз бар ма?

Интернет қазір ақпарат таратудың ең негізгі көзіне айналды. Ғаламторға кіріп, ақпарат іздеушілер қатары күн санап өсіп барады. Осындай үлкен сұранысқа ие ақпарат таратушы алаңда сіздің өз телім-үлесіңіз бар ма?

Прочитать остальную часть записи »

Ғаламторды қалай пайдаланып жүрміз?

сурет1Қазақстанда интернетті пайдаланушылардың саны 10 миллионнан асыпты. Ғаламтор қазір қолжетімді болып алды, оны компьютер арқылы ғана емес, планшет, сматрфон арқылы да пайдалануға болады. Осындай қолжетімділігінен болар, қазір екінің бірі, әсіресе жастар жағы интернетті жиі қолданады.

Интернеттің залалды әсері

Интернеттің залалы жайында ақпарат құралдары аз айтып, жазып жатқан жоқ. Дегенмен де, соған адамдардың көбі оншалықты құлақ аса қоймайды. Тек бастарына тигенде ғана бармақтарын шайнап жататындар бар.

Прочитать остальную часть записи »

Ақпарат пен білімнің айырмасы неде?

Белгілі интернет бизнесмен, «Миллионерше ойлау» жобасының авторы Алекс Яновский білім дегеніміз пайдалы ақпаратты қажетіңе жарату арқылы нақты нәтижеге қол жеткізу дегенді айтады. Егер сіз көптеген пайдалы ақпараттарды оқып, соны жадыңызда сақтап жүрсеңіз, бірақ оны іс жүзіне асырып, нақты нәтижеге жетпесеңіз, ол жәй ақпарат қана болып қалады.

Ақпаратты кәдеге асырғанда ғана ол білім болады.

Мәселен, сіз артық салмақтан қалай арылуға болатыны туралы кеңесті оқып, соны тәжірибе жүзінде пайдаланып көрдіңіз, сөйтіп көп ұзамай артық салмағыңыздан арылып, нақты нәтижеге қол жеткіздіңіз делік. Бұл – білім. Егер сіз әлгі ақпаратты оқып, тіпті сол кітапты сөреңіздің ең көрнекті жеріне қойып қойсаңыз, бірақ іс жүзіне пайдаланбасаңыз, ол ақпарат қалпында ғана Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика