Записи с меткой «ақыл»

Ақыл – программа

Бһагавад Гита кітабында Жаратқанның қуаты болып табылатын ақыл, оның табиғаты туралы жан-жақты айтылған. Өлі тәннен сезім, одан ақыл, ақылдан зерде жоғары, ал жан (рух) бәрінен жоғары, дейді Бһагавад Гита. Ақыл туралы буддизм дінінде де көп айтылып, оған ерекше көңіл бөлінеді. Бірақ ислам, христиан және иудейзм діндерінде ақыл жайында ештеңе айтылмайды. Ал қазіргі материалистік ғылым да адам өміріне үлкен ықпал ететін қуат – ақыл туралы ештеңе білмейді, бұл бағытта ешқандай зерттеу жұмыстары жүргізілмеген.

Ақыл дегеніміз не? Қарапайым халық арасындағы түсінікке назар аударсақ, ақыл – адамның айнала табиғатты, өмір сүрген ортаны, өз әрекетінің себебі мен нәтижесін, т.б. жайларды таразылап, адамға дұрыс бағыт-бағдарды анықтауға көмектесетін құбылыс ретінде айтылады. Шындығында, ақыл – бұл программа. Иә, кәдімгі компьютердің программасы сияқты. Бһагавад Гита мен Шримад Бһагаватам кітаптарында ақылдың қызметі мен адам өміріндегі орнына, табиғатына жан-жақты талдау жасалып, баяндалған.

Компьютерлік программаның міндеті компьютердің жұмысын қамтамасыз ету болса, ақыл адамның әрекетін қамтамасыз етеді. Ақыл адамды түрлі әрекетке құлшындырып, сондай әрекет жасауға ынталандырады. Бір сөзбен айтқанда, ақыл адам ғана емес, барша тіршілік иелерінің негізгі қозғаушы күші. Ақыл – бұл Жаратқанның қуаты, материалдық қуат.

Прочитать остальную часть записи »

Байлық мұрат емес десек те

ақиқатҚазіргі ақша билеген нарық жағдайында шынын айтқанда бай-бақуатты болу адамдардың көбінің ең басты арманына айналып отыр. Өкінішке орай, байлыққа жету бүгінде қолында билігі барлардың немесе арларын ақшаға сатқан алаяқтардың  ісі сияқты сезілуде. Өйткені қазір дәл сондайлар ғана байлыққа жетіп жатыр. Бірақ та, адал жолмен, адал еңбек ете жүріп  те байлыққа жетуге болатынын ешкім теріске шығара алмайды. Напалеон Хилдің «Ойлан да байы» кітабынан сондай таза жолмен байлыққа жету амалдарын таба аласыздар.

Сенімсіз ой – өлі дүние іспетті

Сан ғасырлар бойы дінбасылары өздері ұсынған түрлі ұстанымдарға сенуді талап етіп келді, бірақ олар сенімді қалай табу қажеттігін түсіндірмеді. Сондай-ақ, бір де бір пенде: «Сенім – өзін өзі иландыру арқылы қол жететін сананың көрінісі» Прочитать остальную часть записи »

Ақылдың азабы

адам мүмкіндігіАқыл дегеніміз не және ол қандай қызмет атқарады? Бұл сауалға қазіргі ғылым толымды жауап бермейді және ақылды зерттеу нысаны ретінде де қарастырмайды. Шындығында адам өмірінде үлкен рөл атқаратын ақыл туралы жеткілікті білгенде ғана, оны өз мақсатымызға пайдалану арқылы жетістіктерге жетуге жол ашылмақ.

Ақыл деген не?

Ақылға толымды анықтама Бһагавад Гита кітабында берілген. Ақылдың екі қызметі бар екен, ол: 1) мынау маған ұнайды 2) мынау маған ұнамайды. Ақыл – бұл адамның іс-әрекетіне әсерін тигізетін кәдімгі компьютерлік бағдарлама іспетті. Ақыл жақсы мен жаманды және пайдалы мен залалды Прочитать остальную часть записи »

Өз ақылыңмен өмір сүр

табандылыкБір шаруаны қолына аларда басқалардан ақыл сұрап, солай жасағаным жөн бе деп жататын адамдар бар. Шындығында біреудің ақылымен өмір сүру адамға пайда емес, көбіне залал әкеледі. Өйткені, мұндай жағдайда адам әлгі шаруаны атқаруға байланысты туындайтын нәтижеге орай жауапкершілікті өзінен алып тастайды. Сәтсіздікке ұшырай қалған жағдайда оның өзін ақтап алар уәжі бар: «бұл іске мені пәленше итермелеген еді» -дейді ол.

Өз ақылыңмен шешім қабылдап үйрен

Адам өз ақылымен шешім қабылдаған жағдайда оның нәтижесіне орай жауапкершілікті де өз мойнына алады. Сондықтан, мұндай қадамға бармас бұрын жақсылап ойланып, он рет өлшеп, бір рет кесуге тура келеді. Ал басқалардың ақылына сүйенетіндер әдетте онша көп бас қатырып Прочитать остальную часть записи »

Ақыл

Біздің қарапайым түсінігімізше ақыл деген адамның бойындағы ең қымбат қасиет, яғни ақылдың көмегімен адам дүниені танып біліп, жақсы мен жаманды айырмақ және қиындықтан шығар жол тауып, жағдайын дұрыстамақ. Ақылдың қызметі мен оның сапасы туралы дүниауи ғылымдар онша көп мәлімет бермейді. Діни пәлсапаның қайнар көзі саналатын ведалық ілімде ақылға жан-жақты анықтама берілген.

Ақыл — стандартты бағдарлама.

Ведалық ілім ақылдың екі функциясы бар дейді: мынау маған ұнайды, мынау ұнамайды. Адам ғана емес, жалпы тіршілік иелері үшін ең негізгі қозғаушы күш – рахаттану болып табылады. Барша тіршілік иелері рахаттануға құлшынып, бар тірлігі мен күш-қуатын соған жұмсайды. Ақылдың құдыреттілігі сол, рахаттануға құлшынған тіршілік иелерінің санасын билеп, сезім нысандарын қолға түсіріп, рахатқа бөленудің неше түрлі жоспарларын жасайды.

Осы орайда, нәпсінің тұрағы ақыл ма деген ой келеді. Ақыл айтады: қандай көрікті, сымбатты Прочитать остальную часть записи »

Ақылдың күші

Ведалық ілімнің шыңы саналатын Бһагавад Гитада ақыл адамның ең жақын досы, әрі ең қатерлі дұшпаны деп айтылады. Өз ақылын тізгіндеп, оны дегеніне бағындырған адамға ақыл ең жақын дос болса, керісінше ақылын тізгіндей алмаған пенде үшін ол ең қатерлі дұшпан болып қалады. Ақылды тізгіндеп, оны өзіңнің досыңа айналдыру үшін ең алдымен ақыл дегеннің не екендігін және оның табиғатын түсініп алуымыз шарт.

Ақылдың азабы

Адамды табиғи эволюцияның жемісі ретінде түсіндіретін материалистік ғылым ақыл туралы ештеңе айтпайды. Тағы да Бһагавад Гитаны парақтап қарасақ, ақыл дегеннің Жаратқанның қуаты, кәдімгі компьютерлік стандартты бағдарламаға ұқсайтынын бағамдаймыз. Ақылдың екі түрлі қызметі бар: мынау маған ұнайды, мынау ұнамайды дейді ол. Сондықтан ақыл жақсы мен жаманды айыра алмайды.

Мәселен, ақыл айтады «темекі тартып, арақ ішкен ұнайды, темекі тартсаң ақыл-ойың сергиді, ал арақ көңіліңді көтеріп, қайғыңды ұмыттырады». Осылайша ақылдың тілін алған пенде басқа түгілі, білікті дәрігер мамандардың сөзін де құлағына қыстырмай, темекісін тартып, арағын ішумен Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика