Кеңес заманында Пекисов дегеннің «Твои возможности человек» деген кітабын оқығаным бар. Сол кітаптың дерегі бойынша адам миы Мәскеудің орталық кітапханасының кітабын түгел жаттап алуға жететін көрінеді. Ал Мәскеу кітапханасында 2 миллионнан астам кітап бар екен. Яғни, кез келген адамның 2 миллион кітапты үтір, нүктесіне дейін қалдырмай жаттап алуына болады. Бірақ сол мүмкіндікті пайдаланып жатқан кім бар?

Мүмкіндік біздің тәніміздің саулығына, күш-қуатымызға байланысты емес.

Бүгінде жасы 72-ге келген американдық Стивен Хокинг туралы кітаптар жазылып, фильмдер түсірілген. Сондай атақ-даңққа бөленген бұл кім дейсіз ғой? Оған дәрігерлер 21 жасында екі жыл ғұмырың қалды деп үкім шығарады. Бірақ ажалға бойсұнбаған ол тағдырын өзгертуге бел байлайды. Мүгедектер арбасына байланған Хокингтің аяқ-қолы түгел жансызданып, тек оң жақ көзі ғана қимылдайтын.

Осындай халдегі пенденің тағдырмен күресуі ақылға сиымсыз іс еді. Бірақ, қызығы сол, Хокинг (далее…)

Яндекс.Метрика