Записи с меткой «ауру»

ҚАЗІРГІ ӨМІР ЖАҒДАЙЫНДА ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ САҚТАУҒА БОЛАДЫ?

Денсаулығымыздың  мықты болуы ұстанған өмір салтымызға байланысты болатынын екінің бірі ескере бермейді. Біз ойымызға алған шаруаларымызды ойдағыдай бітіріп, тірліктің ырғағынан қалып қоймауға үнемі тырысып жүреміз. Бұл жағдайда ескеретін ең бірінші мәселе – денсаулық. Өйткені,  күнделікті өмір ұсынып отырған шаруалардың бәрін денсаулық арқылы ғана жасауға болады.

Темекі шегу, алкогольді  ішімдіктерді  ішу, тамақтану режимін сақтамау, жүйкеге үнемі салмақ түсіру, артық салмақ, қозғалыстың аз болуы  — бұл факторлардың барлығы біздің денсаулығымызды ақырындап нашарлатып, түрлі аурулардың  белең алуына ұшыратады. Егер біз әлі де тәніміздің ұзақ жылдар қалыпты жұмыс істеуін қалайтын болсақ, онда салауатты өмір салтын ұстанудың негізгі шарттарын  біліп, ескеруіміз маңызды.

Дұрыс тамақтану

 Тамақтанудағы маңызды мәселе, артық тамақтануға жол бермеу, бірақ сонымен бірге тәннің қуат жұмсауына қажетті калориямен қамтамасыз ету керек.  Ағзаның өмірлік маңызды қоректік заттарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын тағамдық тепе-теңдікті сақтау.

 Төрт реттік тамақтану принципі әр уақытта аз мөлшерде тамақтануды қамтамасыз етеді. Ағзаға өмір сүруге қажетті биологиялық белсенді заттарды таңдауға мүмкіндік беретін нәрсе — тамақтанудың әртүрлілігі. Тамақтанудың биологиялық толықтығына да көңіл бөлген жөн. Мұнда бастысы-жаңа піскен, мүмкіндігінше шикі көкөністерді, жемістер мен шөптерді күнделікті, жүйелі тұтынуға назар аудару керек.

Прочитать остальную часть записи »

Дәрігерге сенуге бола ма?

су құйынуҚазір ақпарат құралдары бірқатар африка елдерінде «түйе тұмауы» (карона вирус) деген емі жоқ ауру шығып, адамдардың өміріне қатер төндіруде деп ел-жұрттың зәресін алуда. Осыдан біраз бұрын «шошқа тұмауы», ал одан да ертеректе «құс тұмауы» дегендер бас көтеріп, халықтың құтын қашырғаны белгілі. Жалпы, соңғы кезде емі жоқ аурулар қатары өсіп барады.

Калачидегі жұмбақ ұйқы ауруы

Бұл туралы қазақстандық барлық дерлік ақпарат құралдары айтып, жазды. Қызығы сол, дәрігерлер мен ғалымдар Калачи тұрғындарын маужыратып ұйқыға батырған бұл аурудың қандай дерт екендігін, қайдан келгендігін, оны қалай емдеуге болатынын біле алмай әлекке түсті. Елбасының өзі бір алқалы жиында «ауруды анықтауға шамаларың жетпесе, шет елден неге маман шақырмайсыңдар» дегенді айтты.

Прочитать остальную часть записи »

Жазылмайтын ауруды жеңген адамдар

Ғылым қанша қарыштап дамыды десек те, әлі күнге дейін емі жоқ жазылмайтын аурулар көп. Ондай ауруға ұшыраған адам өлім жазасына кесілген қылмыскер сияқты. Яғни, оның ажал тырнағынан құтылуының еш мүмкіндігі жоқ.
Шындығында солай ма? Жоқ. Медицина жазуға дәрменсіз болып отырған аурулардан айығып, ұзақ жылдар өмір кешкен адамдардың таңғажайып істері бұған дәлел.

Қатерлі ісіктің емі – мұздай су құйыну.

Мұздай су құйыну арқылы денсаулығын шыңдау тәсілінің авторы Порфирий Ивановты білмейтін адам жоқ. Бірақ оның не себепті мұздай су құйынуға көшкенін екінің бірі біле қоймайды. Шындығында Порфирий Иванов мұндай әдетке жазылмас дерттен айығамын деген үмітпен көшкен екен.

Жас күнінде жазылмас дерт – қатерлі ісікпен (рак) ауырған оған дәрігерлер жарты жылдық Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика