Біз қандай қоғамда өмір кешіп жатырмыз және бұны білу бізге не береді? Теңізде келе жатқан кемеші өзінің қай ендікте, қай бойлықта екендігін дәл анықтау арқылы баратын бағыты мен оның қашықтығын білетін болады. Сол сияқты бізге де өзіміз өмір сүріп отырған қоғам мен заманның қандай екендігін дәл анықтап алу болашақ бағдарымызды айқындауға көмектеседі.

Күнәкарлар қоғамы.

Адамзат білімінің шыңы саналатын веда ілімінде ұдайы қайталанып келіп отыратын жылдың төрт мезгілі сияқты төрт дәуір, яғни заман туралы айтылған. Олар: сатья юга (алтын ғасыр), трета юга (күміс ғасыр), двапара юга (қола ғасыр) және кали юга (темір ғасыр) деп аталады.

Алтын ғасырда адамдар иманды болып, әділдік үстемдік құрмақ. Күміс ғасырында адамдардың 25 пайызы теріс жолға түседі, ал қола ғасырында 50, темір ғасырында 75 пайызы және онан да көбі күнәлі жолды таңдайды. Біз қазір күнәкарлық жайлаған темір ғасырында өмір кешіп жатырмыз. Бұл дәуір 432 мың жылға созылса, оның басталғанына 5 мың жылдан астам уақыт өтті. Яғни, әлі 427 мың жылдай уақыт бар.

Кали юга, яғни темір ғасырында адамдар азғындыққа салынып, дінсіздік, әділетсіздік белең алады. Адамдардың азғындауы уақыт өткен сайын күшейе түспек. Бұның бәрін біз өз көзімізбен көріп, куәсі болып отырмыз.

(далее…)

нәпсіКүні кеше ақпарат құралдарында Астанада бес жастағы қыз баланы зорламақ болған жерінде қолға түскен отыздағы жігіт туралы айтып, жазды. Кәмелетке толмаған жас балалар мен қыздарды зорлаушы педофил деп аталатын азғындардың қатары жыл санап көбейіп барады. Бұның себебі неде?

Санасын сайтан билегендер

Мектепте оқитын туған қызын екі жылдан бері зорлап келген «әке» ұсталып, 24 жылға сотталды. Бұл – Батыс Қазақстанда болған оқиға. Ал өскемендік тағы бір «әке» кәмелетке толмаған туған қызын зорлап, тіпті жүкті қылып қойған. Ол 17 жылға бас бостандығынан айрылды.
Көз көріп құлақ естімеген мұндай оқиғалардың көбейгені сонша, қазір ондайға жұрт онша селт (далее…)

Яндекс.Метрика