Posts Tagged ‘байлық’

Байлыққа жеткізетін арман

ысырапАрмандау жәй қиялға беріліп, уақытты текке өткізу емес. Асқақ армандар адам санасының көкжиегін кеңейтіп, биік мақсаттарға бастайды. Биік мұраттарға қол жеткізгендердің бәрі арманшылдар. Биіктерді бағындыру ең алдымен, қиял-арманнан бастау алады.

Арман тілекті оятады

Сонымен, арманшыл адамның тілегі – биіктерге бастайтын меже болып табылады. Арман селқостықтан, жалқаулық пен өзіне сенбеушіліктен тумайды.

Есіңізде ұстаңыз, мәре сызығын бірінші болып қиғандардың бәрі өз жолын қиял арманнан бастағандар. Олардың өміріндегі өзгерісті кезең жан күйзелісі мен қиындықтардан бастау алады. Олар сол тығырықтан мүлдем басқа адам болып шығады.
Ағылшын тілінде жазылған әлемдегі ең үздік шығармалардың бірі болып саналатын Джон Баньянның «Пилигримнің Read the rest of this entry »

Байлыққа жетудің амалы

кілтБүгінде бай-бақуатты болғысы келетіндер жетерлік, бірақ адамдардың көбінің байлыққа жету жөніндегі ой-пікірлері дұрыс болмай жатады. Дұрыс ойлай білу – байлыққа қол жеткізетін алғашқы және ең негізгі қадам. Напалеон Хиллдің «Ойлан да байы» кітабының өзекті мәні де дәл осында.

Сіздің ақша тапқыңыз келе ме? Онда мына алты қадам мақсатыңызға жетуге көмектеседі

1. Ең алдымен сізге қанша ақша қажет екендігін нақты анықтап алыңыз. «Мен көп ақша тапқым келеді» деу жеткіліксіз. Нақты ойлап үйреніңіз (кітаптың келесі тарауларында нақты цифрлардың психологиялық жағынан қаншалықты маңыздылығы түсіндіріледі)
2. Өзіңізге мынаны ашық айтып мойындаңыз: байлыққа жету үшін нендей құрбандықтарға барар едіңіз? (Ешнәрсе де тегін келмейді, солай емес пе)
3. Ойлаған ақшаңызға қол жеткізу үшін қажетті мерзімін белгілеңіз.
4. Өзіңіздің арман мақсаттарыңызды орындауға қажетті іс шаралар жоспарын жасаңыз және тіпті, Read the rest of this entry »

Бай болудың шарты – сананы өзгерту

өзін жетілдіруБай-бақуатты болу бүгінде әркімнің-ақ арманы. «Армандаудың залалы жоқ» демекші, дегенмен бұның өзі көп адамдардарда жәй қиял-арман күйінде қалып қояды. Оны жүзеге асырып, мол ақшаға кенелу екінің бірінің маңдайына жазылмаған бақыт. Содан болар, бай болуды жұрттың көбі лотарея билетін ұтатын жолы болғыш жандардың кездейсоқ бақыты сияқты көріп жататыны бар. Шындығында байлық басқа кездейсоқ қона салатын бақ құсы емес, ол ұзақ және табанды еңбектің жемісі арқылы келетін игі нәтиже.

Бұлай деп үзілді-кесілді айтуымызға негіз болар жайларды біз бүгінде мол байлыққа қолы жеткен шетелдік қалталы бизнесмендердің өмір жолынан табар едік. Роберт Киосакидің «Бай әке мен кедей әке» сериалды кітаптарын оқығанда «байлар басқаша ойлайды екен-ау» деген ойдың санаға Read the rest of this entry »

Байлыққа бастар жол

инвестицияӘлемдегі ең алпауыт бай ел АҚШ-та бизнеспен айналысқысы келген әрбір 100 адамның 96-сы бір жылдың ішінде бар ақшасынан айрылып, тақырға отырады екен. Ал арада үш жыл өткенде қалған төртеуінің арасынан бағы жанған біреуі ғана бақуатты бизнесменге айналатын көрінеді. Жүздің бірінің ғана маңдайына жазылған байлыққа қол жеткізудің амал-тәсілдері Напалеон Хиллдің «Ойлан да байы» кітабында жан-жақты және толымды баяндалады. Кітаптың құндылығы да – адамдарға жәй ақпарат емес, байлыққа қол жеткізудің нақты тәсілдерін беретіндігінде.

Назар аударатын ойлар

Сіз бүгін қандай киім киіп жүрсіз, қалтаңызда қанша ақшаңыз бар – мәселе онда емес. Эдвин Барнс сияқты табысқа құлшыныспен ұмтылған адам ғана нәтижеге жете алады.

Сіздің ойыңызға алған мақсатыңызға қарай жасаған әрбір Read the rest of this entry »

Табысқа жетудің құпиясы

акшаОйына алған арман-мақсатына жету әрбір адамның маңдайына жазылмаған бақыт. Егер адамдардың бәрі бірдей мақсаттарына жетер болса, мына дүниеде бақытсыз, кедей және өмірге өкпелі пенде болмас еді. Ал табысқа немесе ойыңызға алған мақсатыңызға қалай жетуге болады? Нәтижеге жету осы саалдың жауабын дұрыс таба білген адамның ғана еншісіне жазылған жетістік екендігін өмір әрдайым дәлелдеп келеді. Мен блогымның оқырмандарына әлемнің көптеген тілдеріне аударылған (өкінішке орай, қазақ тіліне аударылған жоқ) Напалеон Хилдің «Ойлан да байы» (Думаи и богатеи) деген кітабын ықшамдап аударып, ұсынып отырмын. Одан сіз көптеген өте құнды ақпараттар табарыңызға сенімдімін.

Құлағы бар пенде естісін

Табысқа жетудің құпиясы кітапты оқу барысында ақырындап ашылатынына сенімді және дайын болыңыз. Мен бұл жайында қуана баяндар едім, дегенмен сізді сондай тылсым құпяины Read the rest of this entry »

Ең қайтарымы мол инвестиция – білім

электронды ақшаҚазақта «білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген мақал бар. Яғни, күш білекте емес, білімде. Мұсылманның қырық парызының бірі білім алу деп көрсетілуі де тектен-тек болмаса керек. Бірақ та, бүгінде көп адамдар білімнің құдіретіне сенбейді және оған онша көңіл бөлмейді.
Яндекстің http://wordstat.yandex.ru/ сілтемесі арқылы бір айда қандай сөзді қанша адам іздегені туралы мәліметке назар аударып көрелік. Ақша деген сөзді – 7565, байлық дегенді – 3955 адам бір айда сұрау салу арқылы іздеген екен. Ал «білім таусылмайтын байлық» деген сөзді бір айда небары 20 адам ғана іздепті. Осыған қарап, жұрттың білімді байлықтың бастауы деп санамайтынын аңғарғандай боласың.

Әлемдегі ең бай адамның жоғары білімі жоқ.

Сенесіз бе, әлемдегі ең бай адам саналатын – Билл Геитстің жоғары білімі жоқ екен. Ол гавард университетіне оқуға түсіп, оны бітірмей тастап кетеді. Өйткені ол оқып жүріп, өзі жасаған Read the rest of this entry »

Өткінші, жалған дүние

ажалМына фәни жалғанда бәрі өткінші екенін білу, түйсіну үшін данышпан болудың еш қажеті жоқ. Біз мына дүниеде бес күнгі қонақ сияқтымыз. Қонақ аунап-қунап бірнеше күн туыстарының, достарының үйінде жатады, содан кейін қош айтысып, өз үйіне қайтады. Сол сияқты мына дүниеде барлық адамдар уақытша тірлік кешіп жатыр. Олардың қол жеткен жетістіктері, жиған-терген дүниесі мен бала-шағасы, ақырсында өмірі – бәрі де УАҚЫТША.

Кешегі премьер-министр, бүгін…

Кеше бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың соты басталды. Күні кеше оққағарлары жан-жақтан қорғап, әкім-қаралар жалбалақтап құрақ ұша қарсы алатын лауазым иесі бүгін ешкімнің қошемет-қолдауынсыз сот залына келіп, көпшіліктің арасында отырды. Жемқорлық жасап, ірі көлемде пара алды деген айып тағылған экс премьердің қазіргі ахуалы мына жалғанның өткінші екендігін көзге шыққан сүйелдей анық дәлелдеп тұрғандай.

Read the rest of this entry »

Бар байлықтың атасы – білім

акша«Білім – таусылмас қазына» деген сөз бар. Нағыз бай адам қалтасында миллиондаған доллары ақшасы бар адам емес, білімді адам. Себебі, әкесінен мұра ретінде қалған немесе басқа да түрлі себептермен кездейсоқ байыған жанның одан айрылып қалуы оп-оңай. Ал білімді адам кез-келген жағдайда, кез-келген ортада жүріп мол байлық жасаудың жолдарын қиыннан қиыстыра таба біледі.

Байлық білім арқылы келеді

Американдық бір бай миллиардер «байлық менің санамда, егер мені түрмеге қамап, қолыма қаламсап пен блакнот берсе, бірер күннің ішінде сол қапаста отырып-ақ милиондаған доллар ақша табудың әдіс-амалын ойлап табамын» дегенді айтады. Яғни, адамның ең үлкен байлығы дәулеті де, атақ-мансабы да емес, білімі десек, шындықтан алыс кетпейміз.

Read the rest of this entry »

Сіз қай квадранттасыз?

Қазір біз бір кезде қанды төңкеріс арқылы өз қолымызбен жойған капиталистік құрылысты қайта құрып, нарық қоғамында өмір сүріп жатырмыз. Бәрі сатылатын капиталистік қоғамның заңы қатал, өліп бара жатсаң да ешкім аузыңа су тамызбайды. Бұл қоғамда әрбір пенде өз қамын өзі жасап, аштан өлмеуді жайын ойлауы тиіс. Сөйтіп капиталистік қоғам біздің кеңес заманындағы жайбасар, марғау тірлігіміздің шырқын бұзып, өмірге деген көзқарасымызды түгел өзгертті. Ұлы Абай айтқан «есектің артын жусаң да мал тап» дейтін заман келді.

Байлық жұрттың бәріне бұйыратын бақыт емес.

Бүгінде бай-бауқатты болғысы келмейтін жан жоқ. Бірақ байлық деген бақ құсы екінің бірінің басына қона салмайтын, адам талғайтын болып шықты. Өз бизнесін ашуға талпынған 100 адамның 80-і бір жылдың ішінде банкрот болып, барынан айрылады екен. Сол 20 адамның 15-і содан кейінгі үш жылда бизнеспен қоштасатын көрінеді. Осылайша, 4 жылдан кейін өз кәсібін ашқан 100 адамның тек бесеуінің ғана маңдайы жарқырап, жолы болады дейді әлемдік Read the rest of this entry »

Инвестициялауға не кедергі келтіреді?

«Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген сөз бар. Бойда қуат білекте күш бар жас күнінде адам жұмыс істеп, өзін өзі қамтамасыз етуге қабілетті. Ал қартайып, білектен күш, бойдан қуат кеткен кезде жас кезіңде жасаған бейнетіңнің зейнетін көрсең, өмірдің қызығы сол емес пе. Өкінішке орай, адамдардың бәрі бірдей солай ойлаймайды. Мәселен, шет елдік бір стаитистика орталығы жүргізген зерттеуге назар аударсақ, 25 жастағы жүз адамның 60 жасқа толғанда 49-ы мемлекетке немесе туыстарына тәуелді болып қалады екен, ал 29-ы 60 жасқа жетпей о дүниелік болса, 12-і жұмысқа жарамсыз болып қалатын көрінеді, ал 5-уі күнкөріс үшін жасы ұлғайғанына қарамастан жұмыс істей бермек, тек 4 адам ғана өз күндерін өздері көретін жағдайға жетеді, олардың 1-уі мол дәулетке ие болмақ. Осыдан көріп отырғанымыздай, 100 адамның тек біреуі ғана 60 жасқа жеткенде мол байлыққа ие болады екен. Мұның себебі неде?

Инвестиция жасауға кедергі келтіретін жайлар

Адамдардың ертеңгі өмірін ойлап, тауып жатқан қаржысының бір бөлігін инвестициялап отыруына кедергі жасайтын бірқатар жайлар бар дейді мамандар. Осы орайда, олар іс-әрекеттеріне қарап адамдарды үш топқа бөледі. Бірінші топ – шегірткелер. Бұлай деп аталуына Крыловтың белгілі «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы себеп болса керек. Шегірткелер Read the rest of this entry »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика