«Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген сөз бар. Бойда қуат білекте күш бар жас күнінде адам жұмыс істеп, өзін өзі қамтамасыз етуге қабілетті. Ал қартайып, білектен күш, бойдан қуат кеткен кезде жас кезіңде жасаған бейнетіңнің зейнетін көрсең, өмірдің қызығы сол емес пе. Өкінішке орай, адамдардың бәрі бірдей солай ойлаймайды. Мәселен, шет елдік бір стаитистика орталығы жүргізген зерттеуге назар аударсақ, 25 жастағы жүз адамның 60 жасқа толғанда 49-ы мемлекетке немесе туыстарына тәуелді болып қалады екен, ал 29-ы 60 жасқа жетпей о дүниелік болса, 12-і жұмысқа жарамсыз болып қалатын көрінеді, ал 5-уі күнкөріс үшін жасы ұлғайғанына қарамастан жұмыс істей бермек, тек 4 адам ғана өз күндерін өздері көретін жағдайға жетеді, олардың 1-уі мол дәулетке ие болмақ. Осыдан көріп отырғанымыздай, 100 адамның тек біреуі ғана 60 жасқа жеткенде мол байлыққа ие болады екен. Мұның себебі неде?
Инвестиция жасауға кедергі келтіретін жайлар
Адамдардың ертеңгі өмірін ойлап, тауып жатқан қаржысының бір бөлігін инвестициялап отыруына кедергі жасайтын бірқатар жайлар бар дейді мамандар. Осы орайда, олар іс-әрекеттеріне қарап адамдарды үш топқа бөледі. Бірінші топ – шегірткелер. Бұлай деп аталуына Крыловтың белгілі «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы себеп болса керек. Шегірткелер (далее…)



