Posts Tagged ‘дәстүрлі діндер’

Өмір адамға бір-ақ рет беріле ме?

дінБес дәстүрлі дін болса солардың үшеуінде – ислам, христиан және иудеизм діндерінде рейнкарнация, яғни өлген соң қайта туу түсінігі жоқ. Рас, ислам және христиан діндерінде өлген адамның қабірде тірлік кешетіні, содан кейін қияметте сотқа тартылып, жасаған жақсы-жаман істеріне сай жұмаққа, болмаса тамұққа баратына жайындағы түсінік бар.

Мүмкіндік бермесе, Алланың рақымдылығы қайда?

Мен онжылдықты бітірген соң жоғары оқу орнына түсу үшін тоғыз рет құжат тапсырып талпыныс жасап, жолым болмады. Read the rest of this entry »

Дін атын жамылған дінсіздер

Бүгінде барша әлем халықтары негізгі бес дәстүрлі дінді ұстанады. Олар: ислам, христиан, иудей, индуизм және буддизм. Ал осы дәстүрлі діндерден басқа діндердің бәрі – секталар. Яғни, жалған пайғамбарлардың ойдан шығарған теріс ағымдары. Өкінішке орай жалған пайғамбарлар да, олар ойлап тапқан теріс ағымдар да жыл санап көбейіп барады.

Адам өмірінде діни нанымның алатын орны зор.

Қазір бір ғана Қазақстанның өзінде бес мыңнан астам мешіт бар екен. Көкшетауда орталық мешітке жұма күндері намазға барған адамдар сыймай, далада тұрып намаз оқиды. Намаз оқитындардың көбі жастар. Осыған қарап, діннің адамдардың, оның ішінде жастардың өмірінде үлкен маңызды орын алатынын бағамдау қиын емес.
Кеңес заманында мектепте адамдардың құдайға сенуінің себебі табиғаттың тылсым сырларын білмегендіктен, дәрменсіздіктен туған жай деп оқытатын. Ол кезде көзі ашық адам атеис, яғни дінсіз болуы қажет деп санайтын. Ал бүгінде есімі елге танымал ғалымдардың арасында дін жолын ұстанатындар көп. Мұның себебі неде?
Ғылым, білім дамып, қанша биіктерге жеттік десек те, біздер табиғаттың, қоғамның алдында әрдайым дәрменсіз болып қаламыз. Ғылым дамыған сайын жұмыссыздық, соның салдарынан туған кедейшілік, түрлі Read the rest of this entry »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика